"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 95 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1 - тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің (Астана қаласы) жарғысы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;";

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің (Астана қаласы) жарғысы осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес;";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Апаттар медицинасы орталығы мемлекеттік мекемесінің (Астана қаласы) Жарғысы";

      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесі (Астана қаласы) (бұдан әрі - Орталық) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аумағында зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, апаттан құтқару қызметтері қызметшілеріне медициналық қызмет көрсету, Орталық, филиал қызметшілеріне күнделікті қызмет жағдайында кәсіби психологиялық іріктеу және ілестіру, апаттар медицинасы саласында мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау ұйымдарының өзара іс-қимылдарын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылған, заңды тұлға мәртебесі бар мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Орталықтың толық атауы: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесі (Астана қаласы).

      7. Орталықтың заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ілияс Омаров көшесі, 91.";

      37-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің Астана қ. бойынша филиалы;"

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшада:

      34-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Жетісу Алатау аумақтық пайдалану басқармасы (Жетісу облысы, Талдықорған қаласы);";

      көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді.";

      көрсетілген бұйрыққа 6-қосымшада:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, 071400 индексі, Абай облысы, Семей қаласы, Сорокин көшесі, 18-үй.";

      көрсетілген бұйрыққа 7-1-қосымшада:

      14-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді.";

      көрсетілген бұйрыққа 8-қосымшада:

      17-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді.";

      көрсетілген бұйрыққа 9-қосымшада:

      17-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді.";

      көрсетілген бұйрыққа 10-қосымшада:

      14-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді.";

      көрсетілген бұйрыққа 10-1-қосымшада:

      14-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді.";

      көрсетілген бұйрыққа 11-қосымшада:

      17-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді.";

      көрсетілген бұйрыққа 12-қосымшада:

      17-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді.";

      көрсетілген бұйрыққа 13-қосымшада:

      17-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді.";

      көрсетілген бұйрыққа 13-1-қосымшада:

      14-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді.";

      көрсетілген бұйрыққа 14-қосымшада:

      17-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді.";

      көрсетілген бұйрыққа 15-қосымшада:

      17-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді.";

      көрсетілген бұйрыққа 16-қосымшада:

      17-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді.";

      көрсетілген бұйрыққа 17-қосымшада:

      17-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді.";

      көрсетілген бұйрыққа 18-қосымшада:

      17-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді.";

      көрсетілген бұйрыққа 19-қосымшада:

      17-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді.";

      көрсетілген бұйрыққа 20-қосымшада:

      17-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді.";

      көрсетілген бұйрыққа 21-қосымшада:

      17-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді.";

      көрсетілген бұйрыққа 22-қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің (Астана қаласы) Жарғысы:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Қызмет) (Астана қаласы) өрт сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қызметтің Атауы "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі (Астана қаласы);".

      8. Қызметтің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Көктал тұрғын алабы, Ақтау көшесі, 6/1.";

      17-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Қызметтің жедел-қызметтік жұмысын басқаруды және үйлестіруді Министрліктің Өртке қарсы қызмет комитеті (бұдан әрі – Комитет) және Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) жүзеге асырады.";

      көрсетілген бұйрыққа 24-қосымшада:

      17-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді.";

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары, Республикалық жедел құтқару жасағының басшысы құрылтай құжаттарын, сондай-ақ құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіпте әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы бұйрық қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрдің
міндеттер атқарушы генерал-майор
М. Күлдіков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады