Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін техникалық тәрбиелеу құралдарымен және басқа да мәдени-ағарту мүліктерімен жабдықтау заттай нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 243 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін техникалық тәрбиелеу құралдарымен және басқа да мәдени-ағарту мүліктерімен жабдықтау заттай нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнында ресми жариялау және Қазақстан Республикасы эталондық бақылау нормативтік-құқықтық актілер банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Ю. Ильин
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2022 жылғы 29 маусымдағы
№ 243 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін техникалық тәрбиелеу құралдарымен және басқа да мәдени-ағарту мүліктерімен жабдықтау заттай нормалары

1-тарау. Техникалық тәрбиелеу құралдарымен және басқа да мәдени-ағарту мүліктерімен жабдықтау

Р/с№

Атауы

Өлшем бірлігі

Норма бойынша тиісті

Пайдалану мерзімі

Заттай нормаларды қолдану саласы

Заттай нормаларды анықтауды және қолдануды нақтылайтын сипаттамалар

1.

Теледидар

дана

1

7 жыл

Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері қолбасшылықтарының кабинеттері, рота, клуб, ішкі қарауыл, жиынтық механикаландырылған жасағы (бұдан әрі – ЖМЖ), кезекші бөлімше (бұдан әрі -КБ), оқу орталықтары (бұдан әрі - ОО), психологиялық жеңілдеу бөлмелері, кітапхана, лазарет, бөлімнің медициналық пункті, БӨП келушілер бөлмесі, асхана.

Теледидар (теледидар қабылдағыш) – сымсыз арналар немесе арна бойынша берілетін суреттер мен дыбыстарды (оның ішінде бейнесигналды енгізу қондырғысынан келетін теледидар бағдарламалары немесе сигналдарды, мысалы бейне магнитофондардан немесе DVD-ойнатқыштан) қабылдауға арналған құрылғы.

2.

DVD ойнатқыш

дана

1

7 жыл

Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері қолбасшылықтарының кабинеттері, рота, клуб, ішкі қарауыл, ЖМЖ, КБ, ОО, психологиялық жеңілдеу бөлмелері, кітапхана, лазарет, бөлімнің медициналық пункті, БӨП келушілер бөлмесі, асхана.

DVD-ойнатқыш оптикалық дискіден ақпараттарды есептеу үшін оптикалық жетектері бар автономдық құрылғы.

3.

Музыкалық орталық

дана

1

7 жыл

Музыкалық орталық - бірыңғай құрылғы түрінде орындалған, әртүрлі тасушылармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, жоғары сапалы дыбыс жаңғырықты аппаратураның тұрмыстық кешені.

4.

Спутниктік телеантенна

дана

1

7 жыл

клуб, ішкі қарауыл, ЖМЖ

Спутниктік антенна - сигнал қабылдау (немесе беру) үшін.

5.

Бейнекамера

жиынтық

1

7 жыл

клуб

Қазақстан Республикасы ТЖМ шеңберінде өткізілетін деректі-оқу фильмдерінің бейне түсірілімдерін, бейнероликтерді, жаттығуларды және іс-шараларды өткізу үшін.

6.

Дыбыс күшейткіш аппаратура

жиынтық

2

7 жыл

клуб

Дыбысты күшейтуге арналған техникалық құрал.

7.

Фотоаппарат

жиынтық

1

5 жыл

клуб, рота, ОО, ЖМЖ

Цифрлық фотоаппарат – оптикалық суреттерді жазу үшін жарық сезгіш материалдың орнына жартылай өткізгішті фотоматрица мен цифрлық есте сақтайтын құрылғы, пайдаланылатын фотоаппарат. АЦТ көмегімен матрицадан шығатын теңдес сигнал цифрлық файлдарға айналады және фотоаппараттың немесе басқа сыртқы құрылғының жинағышында жазылады.

8.

Баян

дана

1

7 жыл

Клуб, оркестр

Баян - бастармен және дайын (аккордтық) немесе дайын-таңдап алынған музыкаға ілесетін, оң клавиатурадағы толық хроматикалық дыбыс үйлесім қатарындағы түймелі-пневматикалық музыкалық аспап.

9.

Пианино

дана

1

10 жыл

Клуб, оркестр

Пианино - ішекті-клавишалық музыкалық аспап, фортепианоның бір түрі, оның ішектері, декасы және механикалық бөлігі көлденең емес, тігінен орналасқан, осының салдарынан пианино рояльға қарағанда аз орын алады.

10.

Клубтық бильярд (үлкен)

жиынтық

1

10 жыл

Клуб

Клубтық бильярд – ерекше ережелер бойынша арнайы үстелде шаралармен ойнау ойыны. Әскери бөлімдердің клубтарында орнатылады.

11.

Үстел ойындары (дойбы, шахмат, домино)

жиынтық

5

2 жыл

Клуб, жүйелес батальондар, рота, ішкі қарауыл, КБ, ОО, ЖМЖ

Үстел ойындары - шағын заттар жиынтығына қатысты айла-шарғы жасауға негізделген ойын, ол толығымен үстелде немесе ойыншының қолында жайғаса алуы мүмкін. Үстел ойындарының құрамына арнайы алаң ойындары, карточкалық ойындар, сүйек және басқа ойындар кіреді.

12.

Гитара

дана

2

2 жыл

Клуб, жүйелес батальондар, рота, ішкі қарауыл, КБ, ОО, ЖМЖ

Танымал шертпелі ішекті музыкалық аспап (көбіне әр түрлі 6 ішекті болып келеді), дыбысталуы іші қуыс корпустың есебінен күшеюінен ішектер тербелісінің арқасында жүзеге асырылады. Қазіргі заманғы акустикалық гитаралардың жан-жақты дыбыс түсіргіші болуы мүмкін.

13.

Домбыра

дана

2

2 жыл

Клуб, жүйелес батальондар, рота, ішкі қарауыл, КБ, ОО, ЖМЖ

Домбыра – бұл шертпелі музыкалық аспап, ол түрік халықтарының мәдениетінде кездеседі. Груша тәрізді және өте ұзын грифпен қазақ халқының екі ішекті шертпелі музыкалық аспабы.

14.

Кіші барабан

дана

1

5 жыл

рота

Дыбыстаудың белгісіз жоғарғы мембранофонына жататын ұрмалы музыкалық аспап. Барабанмен жеке құрамның жылжуы үшін.

15.

Әртүрлі тақырыптағы фильмдер

жиынтық

1

2 жыл

Клуб, жүйелес батальондар, рота, ішкі қарауыл, КБ, ОО, ЖМЖ

Әр түлі тасымалдағыштағы фильмдер жиынтығы.

16.

Жарық техникасы бар концерттік сахналық аппаратура

жиынтық

1

7 жыл

Клуб

Жарық техникасы (түрлі-түсті музыкасы) бар концерттік сахналық аппаратура - бұл концерттер мен арнайы қойылымдарды қамтамасыз етуге арналған динамикалық түрлі-түсті музыкалық (жарық музыкалық) құрылғы.

17.

Шағын дискілер ойнатқышы

дана

1

7 жыл

Клуб, әскери оркестр

Шағын дискілер ойнатқышы - бұл ерекше құрал-жабдық. Әртістердің, көркем өнерпаздардың (өлең) орындауларын ұйымдастыру үрдісінде кіші дискілерді, лазерлік CD - дискілерді ойнату және жазу үшін қажет.

18.

Компьютермен және экранмен бірге мультимедиялық проектор

жиынтық

1

7 жыл

Клуб, МҚО, жүйелес батальондар, ОО

Мультимедиялық проектор - автономдық оптикалық құрал, ол проекторға келіп түсетін ақпараттарды экранда үлкейтіп көрсету көмегімен үлкен экранда тайпақ тегіс кескінін құрады.

19.

Софиттер

жиынтық

1

7 жыл

Клуб

Софит - электркөтермесінің көмегімен сахнады көтеретін және түсіретін жарық құралдарын ілуге арналған металл арматура.

20.

Радиомикрофондар

жиынтық

2

5 жыл

Клуб, әскери оркестр, МҚО, жүйелес батальондар, ОО

Микрофон – арақашықтықта дыбыстарды сымсыз жеткізу үшін дыбыс тербелісі электрлікке қайта өзгеруі.

21.

Мерзімдік басылым*

дана

1

-

Полктер қолбасшылығы, ОО, роталар, клуб, ішкі қарауыл, КБ, БӨП келушілер бөлмесі, медициналық пункт (лазарет)

Мерзімдік басылым – бұл газеттер мен журналдар, олар:
- әскери қызметшілердің ой-өрісін кеңейту;
- Қазақстан Республикасы Парламентімен қабылданған заңнамаларды ресми түрде жарияланғандығымен танысу;
- әскерлердің жеке құрамын пункттің тұрақты орналасқан жеріндегідей, сондай-ақ далалық жағдайларда да ақпараттандыруды жүргізу үшін қажет.

      Ескертпе:

      * - мерзімдік басылымға жазылу бірінші басшы бекіткен тізімге сәйкес ұйымдастырылады.

2-тарау. Полиграфиялық құралдармен жабдықтау

Р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Норма бойынша тиісті

Пайдалану мерзімі

Заттай нормаларды қолдану саласы

Заттай нормаларды анықтауды және қолдануды нақтылайтын сипаттамалар

22.

Плоттер

дана

1

10 жыл

Клуб

Плоттер - электрондық сызбалардың, карталардың, суреттердің және басқа да графикалық ақпараттардың қағаз көшірмелерін алуға арналған құрылғы. Көрнекі үгіттердің кең форматты басылымдары үшін пайдаланылуы мүмкін.

23.

Көшіру-көбейту машинасы

жиынтық

1

7 жыл

Клуб

Көшіру аппараты - қағазда және басқа да материалдарда құжаттардың, фотосуреттердің, суреттердің және басқа да екі қалыпты кескіндердің көшірмелерін алуға арналған құрылғы. Баспаханалық машиналарға қарағанда аз тиражды кітаптарды, мұқабаларды және т.б. дайындау үшін пайдаланылуы мүмкін.

24.

Ламинатор

дана

1

10 жыл

Клуб

Ламинатор – пленкамен жабу жолымен ақпараттарды механикалық зақымдардан қорғауға арналған жабдық.

25.

Қағаз жойғыш

дана

1

5 жыл

Клуб

Қағаздарды ұнтақтау және жою бойынша жабдық.

26.

Сканер

дана

1

10 жыл

Клуб

Сканер - бұл қандай да бір объектіні (әдетте кескінді, мәтінді) талдап, объекті кескінінің цифрлық көшірмесін жасайтын құрылғы. Бұл көшірмені алу үдерісін сканерлеу деп аталады.

27.

Өрнектеуге арналған пресс

дана

1

10 жыл

Клуб

Фольгамен өрнектеу үшін пресс сығып шығаратын тарауға фольганы бір уақытта жаншып, әртүрлі материалдарға кескіндерді сығып шығаруға арналған. Кескін металл, резеңке немесе полимерлік клишелердің көмегімен беріледі, олар өрнектеу үшін жылыту элементтерінің прессаларында бекітіледі.

28.

Металл пружиналы кітапша жасағыш

дана

1

10 жыл

Клуб

Кітапша жасағыш жабдық парақтарды бекіту және фальцевалдау операцияларын орындау жолымен көп бетті кітапшаларды, буклеттерді, журналдарды және дәптерлерді шұғыл дайындауға арналған.

29.

Гильотина

дана

1

7 жыл

Клуб

Гильотина – әртүрлі жұмыстарды орындау кезінде жеткілікті жоғары өнімділікті және жақсы сапаны қамтамасыз ететін парақтарды кесуге арналған құрылғы.

30.

Қағаз кесетін машина

дана

1

7 жыл

Клуб

Аппарат әртүрлі форматтағы қағаздарды кесу үшін, жылдық кітапшаларды, альбомдарды, кітаптарды, ашық хаттарды және т.б. қажетті көлемдегі қағаздарды кесу үшін қажет.

31.

Қағаз кескіш машинаға арналған қосалқы пышақ

дана

3

7 жыл

Клуб

Қағаз кескіш машинаға арналған қосалқы пышақ.

32.

А3 фото- принтерлері

дана

2

7 жыл

Клуб

А3 форматындағы фотоларды шығаруға арналған түрлі-түсті принтер

33.

Клише жасауға арналған граверавалды автомат

дана

1

7 жыл

Клуб

ТЖМ клишелерін және символикасын өндіру үшін қажет.

34.

Пластикалық пружиналармен кітапша жасаушы

дана

1

10 жыл

Клуб

Кітапша жабдығы парақтарды бекіту және қиюластыру операцияларын орындау жолымен көп бетті кітапшаларды, буклеттерді, журналдарды және дәптерлерді жедел дайындауға арналған.

3-тарау. Әскери оркестрлерді қамтамасыз ету үшін аспаптармен және мүліктермен жабдықтау

Р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Норма бойынша тиісті

Пайдалану мерзімі

Заттай нормаларды қолдану саласы

Заттай нормаларды анықтауды және қолдануды нақтылайтын сипаттамалар

35.

Флейта

дана

1

7 жыл

Әскери оркестр

Музыкалық шығармаларды жеке, оркестр және ансамбль құрамында орындау, жабық үй-жайларда да және ашық ауада да пайдаланылады. Цилиндр түтікті пішін, тесігі және қақпағы бар жоғары тембрлі үрмелі ағаш аспап. Кіші флейта кәдімгіден екі есе қысқа және октавадан жоғары естіледі.

36.

Флейта (пикколо)

дана

1

7 жыл

37.

Кларнет

дана

1

7 жыл

Тілшелі ағаш (пластикалық) бір таяқшасы бар музыкалық аспап.

Тілшелі үрмелі музыкалық аспаптарға жататын таяқ үрмелі музыкалық аспаптардың дыбыс шығару қандасты бойынша саксофонның едәуір таратылған төрт түрінің ең үлкені.

38.

Саксофон-тенор

дана

1

7 жыл

39.

Валторна

дана

1

7 жыл

Мыс музыкалық үрмелі аспап – спиральдық бүгілген кең қонышты керней.

40.

Труба В

дана

2

7 жыл

Күшті, үнді тембрлі үрмелі мыс музыкалық аспап.

41.

Кіші барабан

дана

1

5 жыл

Белгісіз жоғары үнді мембранофонға жататын соқпалы музыкалық аспап. Оркестрдің негізгі соқпалы аспаптарының бірі.

42.

Тарелкалар

жұп

1

5 жыл

Белгісіз жоғары үнді соқпалы музыкалық аспап. Құйма және кезекті созымды жолымен ерекше қорытпалардан жасалған, дөңес кейіпті 2 дискіден тұрады. Тәрелке ортасында аспапты таспаға бекітуге арнайы тіреуішке бекітуге арналған тесігі бар.

43.

Үлкен барабан

дана

1

5 жыл

Төменгі көрсеткішті, белгісіз жоғары үнді соқпалы музыкалық аспап.

44.

Ұру кондырғысы

жиынтық

1

7 жыл

Соқпалы музыкалық аспап.

Ойнауға икемді барабандардан, тәрелкелерден және басқа да соқпалы аспаптардан тұрады.

45.

Корнет

дана

1

7 жыл

Кернейді еске түсіретін, бірақ кең және қысқа түтігі бар, вентилдермен емес, ал пистондармен жабдықталған мыс үрмелі музыкалық аспап.

46.

Тенор В

дана

1

7 жыл

Белгілі жоғары үнді әртүрлі кең комензуралық аспаптар болып табылатын мыс үрмелі мүштік аспап.

47.

Тромбон

дана

1

7 жыл

48.

Баритон

дана

1

7 жыл

49.

Туба

дана

1

7 жыл

50.

Концерттік пюпитрі

дана

14

7 жыл

Ноталарға арналған тіреуіш жабық үй-жайларда да және ашық ауада да пайданылады.
Ноталарға арналған тұғыр.

51.

Жорықтық пюпитрі

дана

14

7 жыл

52.

Дирижерлік пюпитрі

дана

1

7 жыл

53.

Дауыс ұлғайтқыш аппаратура

ж-қ

1

7 жыл

Дыбысты күшейтуге арналған техникалық құралдар.
Дыбыс тербелістері ара-қашықтықта дыбыстарды жеткізу үшін электрлікке айналатын құрал. Тырна тәріздес микрофондық тірек күшейтпелі, тораптарына металл құйылған, биіктігі 100-176 см, тырна 80 см.

54.

Тұғырлы микрофон

дана

2

7 жыл

55.

Дирижерлік таяқшалар

дана

1

2 жыл

Ағаш (пластмассалық) таяқша.

4-тарау. Дыбыс тарататын станциясы

Р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Норма бойынша тиісті

Пайдалану мерзімі

Заттай нормаларды қолдану саласы

Заттай нормаларды анықтауды және қолдануды нақтылайтын сипаттамалар

56.

Дыбыс тарату станциясы

жиынтық

1

12 жыл

клуб

Дыбыс тарату станциясы - негізгі және алып шығаратын дауыс зорайтқыш арқылы, сондай-ақ қозғалыста және тұрақта УҚТ ҚТ радиостанциялары арқылы далалық жағдайларда сөз сөйлеу және музыкалық хабарларды жүргізуге арналған. Соғыс жағдайларында әскерлерге және қарсылас халыққа ауызша насихаттарды жүргізуді, өзінің әскерлеріне ақпараттар мен командаларды беруді қамтамасыз етеді.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады