Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы" № 113/2 қаулысының күші жойылсын.
3. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары О.П. Крукқа жүктелсін.
Облыс әкімі | Ә. Сқақов |
Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы "13" қантардағы № 11/1 қаулысымен бекітілген |
"Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі Павлодар облысының әкімдігі құрылыс саласындағы қызметті жүзеге асыруға уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (олар бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамамен белгiленген тәртiпте "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледі.
9. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жерi:
Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы, 5Б.
10. Осы Ереже "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
13. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттiк мекемесi; орыс тілінде: государственное учреждение "Управление строительства Павлодарской области".
14. Мемлекет Павлодар облысының әкімдігі тұлғасында "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтайшысы болып табылады.
15. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі:
дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
2-тарау. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері
16. Міндеттері:
1) құрылыс қызметін дамыту жөніндегі облыстық саясатты әзірлеу, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалуына мониторинг пен талдауды қамтамасыз ету;
2) құрылыс қызметін және облыстық инфрақұрылымды дамыту;
3) Павлодар облысы құрылысының қызметіне қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шараларды әзірлеу;
4) жетекшілік ететін салаларда мониторинг және болжау жүйесін ұйымдастыру, құрылыс қызметі салаларындағы жұмысты үйлестіру жөніндегі шараларды әзірлеу;
5) құрылыс қызметі салаларындағы басымдықтарды әзірлеу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер болып табылады.
17. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
"Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функциялар шегінде шешімдер қабылдау;
өз өкілеттіктері шегінде "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер және басқа да іс-шаралар өткізу:
заңды және жеке тұлғалар бұл туралы ресми сұрау салған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпарат беру;
нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
құрылыс қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, кәсіпорындармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
барлық сот, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда облыс әкімінің, әкімдігінің мүдделерін білдіру;
өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
"Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды өтеусіз негізде сұрату және алу;
2) міндеттері:
барлық құзыретті мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында әкімнің, әкімдіктің, "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіру;
Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
18. Функциялары:
1) құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;
2) құрылыс қызметі салаларында облыстың даму, Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, талдау, бағалау және болжау, құрылыс саласында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру, инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу процесіне қатысу;
3) бюджеттік облыстық бағдарламаларды, құрылыс қызметін дамыту бойынша Облыстың даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру;
4) құрылыс қызметін дамыту және тиімді басқару жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
6) құрылысқа тапсырыс беруші Павлодар облысының құрылыс басқармасы болып табылатын объектілерді, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) пайдалануға қабылдау актілерін есепке алуды жүргізу;
7) өз құзыреті шегінде облыстық деңгейде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;
8) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілер мен кешендердің құрылысына арналған жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қарау және бекіту, мұнда Павлодар облысының құрылыс басқармасы жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына тапсырыс беруші болып табылады;
9) өз құзыреті шегінде бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына мониторинг және бағалау жүргізу;
10) құрылыстың қажеттілігін, оның орындылығы мен басымдылығын айқындау үшін Павлодар облысы бойынша ағымдағы жағдай және бар проблемалар туралы ақпарат жинауды жүзеге асыру;
11) Мемлекеттік бағдарламалардың/ Ұлттық жобалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған басқарма қызметінің тиімділігін арттыру бөлігінде жұмысты жүзеге асыру;
12) инвестициялық бағдарламаларды, жобаларды, сондай-ақ стратегиялық жоспарларды әзірлеу және іске асыру процесіне қатысу;
13) облыс әкімі мен әкімдігі актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген жағдайларда, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;
14) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланыс орнату және оны тұрақты дамыту;
15) тиісті деректер қорын құра отырып, Павлодар облысының бірыңғай электрондық жүйесін ұйымдастыруға қатысу;
16) өнеркәсіптік азаматтық құрылысқа, құрылысқа, реконструкциялауға, жер бөлуді ресімдеуге, өнеркәсіптік азаматтық құрылысқа, құрылысқа, реконструкциялауға техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыруға арналған жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша бағдарламалар әкімшісінің функцияларын жүзеге асыру;
17) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу процесінде тапсырыс беруші мен конкурстарды ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асыру, осы мақсаттарға бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру;
18) "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін кәсіби қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды, аттестаттауды ұйымдастыру;
19) Павлодар облысының құрылыс басқармасы қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты мәселелерді шешу;
20) Павлодар облысының құрылыс басқармасына жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
21) әкімнің тапсырмаларын, облыс әкімдігі мен әкімінің актілерін орындау және орындалуын ұйымдастыру;
22) Павлодар облысы құрылыс басқармасы қызметінің жоспарларын әзірлеу;
23) Павлодар облысының құрылыс басқармасында мемлекеттік тілді дамыту және іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу;
24) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
25) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
19. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
20. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатады.
21. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
22. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
2) "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;
5) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
6) "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;
8) "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
9) "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады.
23. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
24. Бірінші басшы колданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.
25. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (облыстың жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
26. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
27. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
4-тарау. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
28. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
"Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
29. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5-тарау. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
31. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.