"Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 156 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі 40-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңы 65-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.

      3. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      осы қаулыдан туындайтын өзге қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары О.П. Крукқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ә. Сқақов

  Павлодар облысы әкiмдiгiнiң
2022 жылғы "29" сәуірдегі
№ 115/1 қаулысына
1-қосымша

"Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi Павлодар облысының аумағында сәулет және қала құрылысы қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің ведомстволары жоқ.

      3. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесімен мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      6. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы көшесі, 5Б.

      10. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма сағат 9-00-ден сағат 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Мемлекеттік органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi;

      орыс тілінде: государственное учреждение "Управление архитектуры и градостроительства Павлодарской области".

      12. Мемлекет Павлодар облысының әкiмдiгi атынан "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің міндеттері мен өкілеттіктері

      16. Міндеттері:

      1) Павлодар облысында сәулет және қала құрылысы қызметiн дамытудың облыстық саясатын әзiрлеу, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң орындалуына мониторинг жүргiзудi және талдауды қамтамасыз ету;

      2) сәулет және қала құрылысы қызметi саласындағы басымдықтарды әзiрлеу.

      17. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      осы Ережеде белгіленген өз құзыреті шегінде барлық инстанциялардағы соттарда, мемлекеттік органдарда, мекемелерде, кәсіпорындар мен өзге де ұйымдарда облыс әкімдігі, әкімінің мүдделерін білдіру;

      облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң қарауына дамудың негiзгi бағыттары, сәулет және қала құрылысы мәселелерiмен байланысты мәселелердi жедел шешу жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

      "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің алдына қойылған мiндеттердi орындауға байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдардың және азаматтардың келiсiмі бойынша сұрату және алу;

      жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келiсiмi бойынша жұмысқа тарту;

      мемлекеттiк органдармен, мекемелермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен сәулет және қала құрылысы мәселелерi жөнiнде өзара іс-қимыл жасау;

      "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, облыс әкімінің, әкімдігінің мүдделерін мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, сотта білдіру;

      өз құзыретi шегiнде шарттар, келiсiмдер жасау.

      2) міндеттері:

      облыс әкімінің, әкімдігінің, "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін барлық құзыретті мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіру;

      өз құзыретi шегiнде шарттар, келiсiмдер жасау;

      "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      18. Функциялары:

      1) аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (облыстың аудандық жоспарлау жобасын немесе оның бөлiгiн), сондай-ақ облыс аумағындағы елдi мекендердiң белгiленген тәртiпте бекiтiлген бас жоспарларын iске асырудағы қызметтi үйлестiру;

      2) сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) жүз мыңнан астам тұрғын санымен есептеуден облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкiметiнің бекiтуіне ұсыну үшiн облыстық мәслихаттың қарауына енгiзу;

      4) сондай-ақ облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;

      5) ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірлік аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларының жобаларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

      6) абаттандыру қағидаларын облыстық мәслихаттың бекiтуiне ұсыну;

      7) облыстың елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау ережелерін облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

      8) республикалық маңызы бар қалалардың оларды облыс аумақтары, резервтiк аумақтар, қала маңындағы аймақ, сондай-ақ заң арқылы қала ықпал ететiн аймаққа жатқызылған өзге де аумақтар есебiнен дамыту бөлiгiндегi бас жоспарларының жобаларына келiсiм беру;

      9) облыстық маңызы бар қалалар бас жоспарларының жобаларына келiсiм беру;

      10) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халықты ақпараттандыру;

      11) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекіту және іске асыру;

      12) жергілікті атқарушы органдардың қарастыруы үшін ұсыныстар дайындау, сондай-ақ аумаққа құрылыс салу, кеңейту, техникалық қайта жарақтау, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта профильдеу), құрылыстарды, ғимараттарды, имараттарды, инженерлiк және көлiк коммуникацияларын қалпына келтiру және күрделi жөндеу, сондай-ақ аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, құрылысы аяқталмаған объектілерді консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;

      13) Павлодар облысында сәулет және қала құрылысы ұйымдары қызметiнiң жағдайына талдау жүргiзу, оның белсендiлiгiн арттыруға жәрдемдесу;

      14) "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердi iске асыру үшін мемлекеттiк органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасасуды жүзеге асыру;

      15) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;

      16) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіпте ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

      17) халқының есептік саны бір жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;

      18) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіпте жүргізу;

      19) облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесін жүргізу және толықтыру бойынша үйлестіру;

      20) құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілер әзірлеу;

      21) Павлодар облысы әкiмдiгi мен әкiмiнің тапсырмаларын, актiлерiн орындау және орындауды ұйымдастыру;

      22) "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi қызметiнiң жоспарларын әзiрлеу;

      23) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамдастықпен байланыс орнату және тұрақты дамыту;

      24) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3-тарау. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      19. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне басшылықты "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      20. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыс әкiмi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.

      21. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметiне басшылық етедi;

      2) "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң функциялары мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгiленген тәртiпте "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің қызметкерлерiн көтермелейдi, материалдық көмек көрсетедi, тәртiптiк шара қолданады;

      5) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің барлық қызметкерлерi орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;

      6) "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелерiн, оның қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;

      7) меншiк нысанына қарамастан барлық мемлекеттiк органдарда және басқа ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің атынан өкiлдiк етедi;

      8) "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылымын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;

      9) "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi жұмысының перспективті және ағымдағы жоспарларын бекiтедi;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және дербес жауап береді.

      "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      22. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      23. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi мен тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      24. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және ұжымдық шартпен реттеледі.

4-тарау. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің мүлкі

      25. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi бар.

      "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ меншік қызмет нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      26. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық меншiкке жатады.

      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билiк етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату

      28. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      29. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi таратылған кезде, кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлiк облыстық коммуналдық меншiкте қалады.

  Павлодар облысы әкімдігінің
2022 жылғы "29" сәуірдегі
№ 115/1 қаулысына
2-қосымша

Павлодар облысы әкімдігінің күшін жоюға жататын қаулыларының тізбесі

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 ақпандағы "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 52/1 қаулысы.

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 16 шілдедегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 ақпандағы "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 52/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 214/2 қаулысы.

      3. Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 наурыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 ақпандағы "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 52/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 85/3 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады