"Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 99/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.

      3. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.О. Өтешовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аким области А. Скаков

  Павлодар облысы әкімдігінің
2022 жылғы "13" сәуірден
№ 99/1 қаулысына
1-қосымша

"Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі облыстық бюджеттен қаржыландырылатын және Павлодар облысының әкімдігі ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 61 құрылыс.

      10. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма сағат 9.00 - ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Павлодарской области".

      12. Мемлекет Павлодар облысының әкімдігі тұлғасында "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаты, мәні, міндеттері мен өкілеттіктері

      16. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаты - экономикалық өсуге жәрдемдесу және агроөнеркәсіптік кешен салаларының бәсекеге қабілеттілігінің сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізу, облыстық деңгейде ауыл шаруашылығын дамыту саясатын іске асыру, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалуына мониторингті және талдауды қамтамасыз ету.

      17. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні Павлодар облысының аумағында ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.

      18. Міндеттері:

      1) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) агроөнеркәсіптік кешен салаларын мамандармен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру, агроөнеркәсіптік кешен кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      3) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      4) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      5) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіру үшін экономикалық жағдайлар жасау;

      6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және агроөнеркәсіптік кешенге цифрлық технологияларды енгізуді қамтамасыз ету;

      7) астықты өндіру, сақтау және өткізу процесінде туындайтын қатынастарды реттеу.

      19. Өкілеттіктер:

      1) құқықтар:

      дамудың негізгі бағыттары, ауыл шаруашылығы мәселелерін жедел шешу бойынша ұсыныстарды облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына енгізу;

      "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте лауазымды тұлғалармен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен келісім бойынша ақпарат сұрату және алу;

      басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тарту;

      өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      құқық қорғау және мемлекеттік органдармен, кәсіпорындармен, ұйымдармен оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де отырыстар өткізу;

      Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтары анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау.

      2) міндеттері:

      осы Ережеде белгіленген өз құзыреті шегінде барлық сот, мемлекеттік органдарда, мекемелерде, кәсіпорындар мен өзге де ұйымдарда облыс әкімінің, әкімдігінің мүдделерін білдіру;

      мемлекеттік органдарда, сотта "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіру;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асыру;

      облыс тұрғындары арасында ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша ақпараттық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;

      еңбек міндеттерін орындауға байланысты өздеріне мәлім болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу.

      20. Функциялар:

      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша пестицидтерді залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      2) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) арнайы қоймаларды (көмінділерді) салу, ұстау және тиісті жағдайда ұстану;

      4) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары саяқ шегіртке тектестерге қарсы күрес жөніндегі фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

      5) қызметті лицензиялау бойынша:

      пестицидтерді өндіру (формуляциялау);

      пестицидтерді сату;

      пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану.

      6) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      7) республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнімге (материалға) арналған субсидияларды бөлу;

      8) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізу;

      9) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру;

      10) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      11) ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша келісім (меморандум) жасасу;

      12) Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      13) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

      14) агроөнеркәсіптік кешен салаларын мамандармен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру, агроөнеркәсіптік кешен кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      15) шығарылатын өнім түрлері бойынша өңірлік көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;

      16) "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;

      17) агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің саудасы бойынша көтерме базарларды ұйымдастыру;

      18) азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің бағалары мен нарықтарына мониторинг жүргізу;

      19) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөнінде комиссия құру және оның жұмысын ұйымдастыру;

      20) өңірдің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

      21) өңірдің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту;

      22) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын дайындайтын мемлекеттік пункттерді, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), арнайы сақтау орындарын (көмінділерді), пестицидтерді және олардың ыдыстарын салуды, күтіп-ұстауды және қайта жаңартуды қамтамасыз ету;

      23) жоғары сыныпты асыл тұқымды малдарды сатып алуды, ұстауды және кеңейтілген өсімін молайту үшін мал басын толықтыратын төл өсіруді ұйымдастыру;

      24) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өткізілген бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;

      25) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ету;

      26) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға есептілік ұсыну;

      27) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігін және қарыздарын сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігін өтеу;

      28) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру;

      29) кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімі субсидияларының нормативін бекіту;

      30) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;

      31) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау;

      32) тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялауды жүзеге асыру;

      33) басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін субсидиялауды жүзеге асыру;

      34) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауды жүзеге асыру;

      35) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеу;

      36) іс-шараларды келесілер бойынша әзірлеу:

      агроөнеркәсіптік кешен саласына екінші деңгейдегі банктердің инвестициялары мен кредиттерін тарту;

      бәсекеге қабілетті өндірістердің қалыптасуы мен дамуы, оларды жаңғырту және сапа менеджментінің халықаралық жүйесіне көшу үшін жағдайлар жасау;

      тоған, тауарлы көл, балық өсіру шаруашылықтарын және балық өңдеу кәсіпорындарын дамыту;

      мамандандырылған мал шаруашылығы шаруашылықтарының өсуі үшін жағдайлар жасау;

      37) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісілген ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі басым жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жобалардың тізбесін қалыптастыру;

      38) агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесінің жұмыс істеуі және дамуы үшін жағдайлар жасау;

      39) ішкі және сыртқы азық-түлік нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;

      40) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарға агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтардың жай-күйі мен дамуы туралы ақпарат беру;

      41) әкімшілік-аумақтық бірліктің азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасау;

      42) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асыру;

      43) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асыру;

      44) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      45) астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;

      46) табиғи-климаттық жағдайларды және нарықтық конъюнктураны ескере отырып, астық өндірісінің құрылымын оңтайландыру, астықты өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа прогрессивті технологияларын жетілдіру және енгізу;

      47) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым дәрілерінің және пестицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру;

      48) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттілігін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау;

      49) өңірлерде техникалық реттеу саласында сәйкестікті бағалау жөнінде қызметтер көрсету жөнінде бәсекелес орта құру жөнінде шаралар қабылдау;

      50) астық қабылдау кәсіпорындарын мемлекеттік бақылау;

      51) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіпте астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;

      52) астық қабылдау кәсіпорындарының: астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астықты сақтау; Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын сақтауын бақылау;

      53) Қазақстан Республикасының Астық туралы заңнамасын бұзу туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

      54) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;

      55) астықтың қауіпсіздігі мен сапасын мемлекеттік бақылау;

      56) заңнамада көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салу;

      57) астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тізілімнің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталуы тұрғысынан инспекциялау (тексеру);

      58) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;

      59) астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеру;

      60) астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау;

      61) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберу;

      62) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;

      63) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      64) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      65) уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру және өткізу көлемдері жөнінде ұсыныстар енгізу;

      66) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, тұқым шаруашылығы субъектілеріне аттестаттау жүргізу;

      67) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

      68) облыс бойынша тұқым балансын жасау;

      69) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз ету;

      70) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;

      71) схемалар мен әдістер бойынша ұсыныстар енгізу, бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту;

      72) сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сорттық егістіктерді байқаудан өткізуді, жерге егіп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      73) тиісті аумақта тұқымдық ресурстардың мониторингін жүзеге асыру;

      74) квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілеу;

      75) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды айқындау:

      тұқым шаруашылығы саласындағы әрбір аттестатталған субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;

      элиталық тұқымдар бойынша – әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін;

      76) субсидияланған бірегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;

      77) байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      78) ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      79) тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың ұсынысы негізінде:

      субъектінің тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәліктің қолданылуын;

      тұқымдардың сорттық және егістік сапасына сараптама жүргізу жөніндегі қызметін тоқтата тұру;

      80) карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізу және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат беру;

      81) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      82) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүргізуін ұйымдастыру;

      83) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің ұсынымдары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті аумақтарда карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдайды;

      84) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру және әкімшілік жазалар қолдану;

      85) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;

      86) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      87) тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін мемлекеттік есепке алу және тіркеу;

      88) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      89) ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;

      90) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды айқындау.

3-тарау. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      21. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      22. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      23. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      24. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;

      2) "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      3) "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;

      5) "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      6) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.

      "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      25. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      26. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы"мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      27. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы"мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      28. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

4-тарау. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      29. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      30. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

      31. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      32. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Павлодар облысы әкімдігінің
2022 жылғы "13" сәуірден
№ 99/1 қаулысына
2-қосымша

Павлодар облысы әкімдігінің күшін жоюға жататын қаулылар тізбесі

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 284/7 қаулысы.

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 284/7 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 30/1 қаулысы.

      3. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 маусымдағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 284/7 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 168/2 қаулысы.

      4. Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 тамыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 284/7 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 165/3 қаулысы.

      5. Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 284/7 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 9/1 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады