Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № 775/2 қаулысы. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 393/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 10.04.2024 № 393/1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабы 2 - тармағына, 37 - бабы 8 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 - бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) туралы Ереже бекітілсін.

      2. Павлодар қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй қатынастары бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Қ. Беготаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі А. Байханов

  Павлодар қаласы
әкімдігінің
2022 жылғы "16" мамыр
№ 775/2 қаулысымен
бекітілді

"Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ЕРЕЖЕ

      1. "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Павлодар қаласының тұрғын үй қорын басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану Қағидаларына сәйкес белгіленген бланкілері бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25-құрылыс.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде – "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде-государственное учреждение "Отдел жилищных отношений города Павлодара".

      11. Мемлекет Павлодар қаласы әкімдігі тұлғасында "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      12. Осы Ереже "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      13. Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      14. "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      15. Міндеттері:

      1) қаланың коммуналдық, ведомстволық тұрғын үй қорын басқару, оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

      2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету;

      3) тұрғын үйді жекешелендіруді жүзеге асыру;

      16. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      - белгіленген тәртіппен "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шегінде тұрғын үй қатынастары жөніндегі комиссия, консультативтік және қоғамдық кеңестер, сараптама топтарын құру;

      - талап қою және соттарда талап қоюшы және жауапкер ретінде әрекет ету;

      - мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

      - мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру үшін азаматтардың тұрғын үй жағдайларын тексеру;

      - қала әкіміне және атқарушы органдарға тұрғын үй қатынастары саласындағы қызметті жетілдіру туралы ұсыныстар енгізу;

      - "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан сұрату және алу;

      - "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша әкім өкімдерінің, қала әкімдігі қаулыларының, мәслихат шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысу.

      2) міндеттері:

      - өз құзыреті шегінде қадағалау органдарының актілерін қарау, бұзушылықтарды жою және жол бермеу бойынша тиісті ұсыныстар енгізу, тиісті жауаптарды, ұсыныстарды және құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды жүзеге асыру;

      - Павлодар қаласы әкімінің, әкімдігінің тапсырмаларын орындау және олардың тиісінше орындалмағаны үшін жауапкершілік алу;

      - мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіруді жүзеге асыру, қала бойынша жекешелендірілген тұрғын үйдің есебін жүргізу, жекешелендіру шарттарының телнұсқаларын беру;

      - "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды, келіп түскен ұсыныстарды, өтініштерді, азаматтардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру;

      - соттарда, меншіктің барлық нысанындағы ұйымдарда мемлекеттің мүдделерін білдіру және оның мүліктік құқықтарын қорғау;

      17. Функциялар:

      1) "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы қаланың коммуналдық және ведомстволық тұрғын үй қорын жедел басқаруды жүзеге асыру;

      2) "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы қаланың коммуналдық және ведомстволық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;

      3) "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы қаланың коммуналдық және ведомстволық тұрғын үй қорын түгендеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу және ұйымдастыру;

      4) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету;

      5) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясының тұрғын үй беру туралы шешімі негізінде Қазақстан Республикасының азаматтарын еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындау кезеңінде қоныстандыруға арналған ведомстволық тұрғын үймен қамтамасыз етуді қамтиды;

      6) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға азаматтардан құжаттар қабылдау;

      7) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою;

      8) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға азаматтардың бөлек тізімдерін жүргізу;

      9) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдеріне түгендеу жүргізу;

      10) "есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету;

      11) "мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызметін көрсету;

      12) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді бөлуді ұйымдастыру;

      13) қала әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының қызметін ұйымдастыру;

      14) "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының қызметін ұйымдастыру (ведомстволық тұрғын үй);

      15) тұрғын үй комиссияларының отырыстарында қарау үшін құжаттар дайындау, тұрғын үй комиссиялары шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

      16) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан және ведомстволық тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау шарттарын жасасу және белгіленген тәртіппен беру;

      17) "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы тұрғын үй қорын бағалау бойынша, сондай-ақ осы тұрғын үйлерде есік құлыптарын ашу және орнату бойынша "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сатып алуды жүргізу;

      18) мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары шеңберінде сатып алу-сату шарттарын жасасу;

      19) мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша, жекешелендіру шарты бойынша, сондай-ақ сатып алу-сату шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

      20) коммуналдық және ведомстволық тұрғын үй қорының есебін, оның ішінде коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесіз қалған, өтеусіз өткен тұрғын үйлерді есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру Коммуналдық меншікке, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      21) жалға алушы мен оның отбасы мүшелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану құқығының күші жойылды деп сот тәртібімен тану жөнінде шаралар қолдану;

      22) заңсыз тұратын азаматтарды коммуналдық және ведомстволық тұрғын үй қорынан шығару жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      23) Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, өз құзыреті шегінде электрондық қызметтер көрсету;

      24) азаматтық-құқықтық шарттар (сатып алу-сату және басқа да шарттар) негізінде мүлік құқықтарын сатып алу және тоқтату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      25) құзыреті шегінде мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру;

      26) қаланың коммуналдық және ведомстволық тұрғын үй қорының объектілерін жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

      27) жер телімдерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер телімдерін немесе өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау немесе жер телімдерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер телімдерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды тоқтату туралы Павлодар қаласы әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;

      28) мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты тұрғын үйді бұзу туралы шарттар жасасу;

      29) мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін және өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі жергілікті атқарушы органның функцияларын іске асыру кезінде ҚР қолданыстағы заңнамасының құзыреті шеңберінде өзге де шаралар қабылдау;

3. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері.

      18. "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      20. "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасары жоқ.

      21. "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Павлодар қаласы әкімдігі және осы Ереже белгілеген құзыретіне сәйкес Мекеме қызметінің барлық мәселелерін дербес шешеді;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс және қала әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде хабардар етеді;

      3) "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;

      4) "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өкілдік етеді, қызметкерлерге сенімхаттар береді;

      5) Өз құзыреті шегінде "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

      6) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды, қызметтен босатады;

      7) Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды;

      "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      22. "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алқалы органдары: Қазақстан Ресупбликасының Конституциясына, "Тұйғын үй қатынастары туралы" Заңына, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық меншік саласындағы қатынастарды реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілермен өз қызметін жүзеге асыратын Павлодар қаласы жергілікті атқарушы органының қалалық тұрғын үй Комиссиясы, ведомстволық тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу жөніндегі Комиссия, коммуналдық тұрғын үй қорына айналдырылған (түскен) мүлікті одан әрі пайдалану жөніндегі Комиссия болып табылады.

      - Павлодар қаласының жергілікті атқарушы органының қалалық тұрғын үй комиссиясы.

      Өкілеттіктері:

      1) жекешелендіру не бұрын жалға (қосымша жалға) берілген тұрғын үйді айырбастау тәртібімен жалдауға (қосымша жалға) алу, тұрғын үйді меншікке алу үшін өтініш берген үміткерлердің (бұдан әрі - үміткерлер) өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз ету;

      2) үміткер ұсынған құжаттарды тексеру;

      3) үміткер ұсынған құжаттарды қарау;

      4) үміткердің өтінішін қанағаттандыру туралы шешім қабылдау не үміткерге дәлелді бас тарту шығару;

      5) тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын жасасу мәселесін қарау;

      6) мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу мәселесін қарау;

      7) тұрғын үй беруге мұқтаждар есебіне қою туралы өтінішті қарау;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен тұрғын үй беруге мұқтаждарды есептен шығару туралы мәселелерді қарау.

      - Ведомстволық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді бөлу жөніндегі Комиссия.

      Өкілеттіктері:

      1) ведомстволық тұрғын үйді жалға алу үшін өтініш берген үміткерлердің өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз ету;

      2) үміткер ұсынған құжаттарды тексеру;

      3) үміткер ұсынған құжаттарды қарау;

      4) үміткердің өтінішін қанағаттандыру туралы шешім қабылдау не үміткерге дәлелді бас тарту шығару;

      5) тұрғын үйді жалдау шартын жасасу мәселесін қарау.

      - Коммуналдық тұрғын үй қорына айналған (түскен) мүлікті одан әрі пайдалану жөніндегі Комиссия.

      Өкілеттіктері:

      1) тікелей атаулы сату мүлкін (иесіз қалған тұрғын үйді) өткізу мәселесін қарау;

      2) мүлікті (тұрғын үйді) аукциондарда не комиссия шарты негізінде сауда ұйымдары арқылы өткізу мәселелерін қарау;

      3) мүлікті (тұрғын үйді) мемлекеттік меншікке өтеусіз беру мәселесін қарау болып табылады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында ұйымдар жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады