Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Павлодар қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 08 шілдедегі "Павлодар сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 722/12 қаулысының күші жойылсын.
3. "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
бір ай ішінде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеу;
осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Х А. Хабылбековке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі | А. Байханов |
Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы "02" маусым № 915/2 қаулысымен бекітілді |
"Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 02.08.2023 № 1026/2 (қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде Павлодар қаласы аумағында сәулет және қала құрылысы қызметін мемлекеттік реттеуді, сәулеттік және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомоствалары жоқ.
3. "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік -құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрi және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" заңды тұлғасының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25.
10. "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Павлодар сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: Государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства города Павлодара".
12. Осы Ереже құрылтай құжаты болып табылады.
13. "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
14. "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері
15. Міндеттері:
1) сәулет және қала құрылысы қызметін мемлекеттік реттеу;
2) Павлодар қаласы аумағында мемлекеттік сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізу;
3) Павлодар қаласының заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қалаға ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
4) қала шетінің және қала маңындағы аймақтардың шекараларын анықтау және өзгерту, сондай-ақ, қаланың әкімшілік бағыныстылығына берілген аудандық және елді мекендер шекаралары жобаларын әзірлеуді және қалалық мәслихаттың мақұлдауына енгізуді ұйымдастыру;
5) қаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламасының құрамында қала құрылыстық құжаттаманы әзірлеу.
16. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
1.1. тиісті мемлекеттік органдарға қала құрылысы тәртібін, қолданыстағы сәулет заңнамасын, құрылыс салу нормалары мен ережелерін бұзған тұлғаларды заңнамамен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тарту туралы мәселелерді енгізу;
1.2. сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;
1.3. пайдалануға енгізілген объектілерді (кешендерді) объектілерді қабылдау актілерін тіркеу және есеп жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
1.4. "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша өтеусіз негізде, мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;
1.5. шарттарды, келісімдерді және өзге де заңды келісімдерді бекітуге.
2) міндеттері:
2.1. қала әкіміне объектілер мен кешендерді орналастыру, қала құрылысы мақсаттары үшін жер учаскелерін беру және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда оларды мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау;
2.2. жобаларды мемлекеттік сараптаудың, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының республикалық және аумақтық бөлімшелерімен, лицензиялау органдарымен сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
2.3. жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
2.4. мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
2.5. қала әкіміне ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салу немесе өзге де қала құрылысын игеру үшін жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;
2.6. қала әкіміне құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, қайта жаңарту, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылыстарды (объектілерді) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді постулизациялау жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;
2.7. қаланың бас жоспарын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуге қатысу;
2.8. қала тұрғындарын жоспарланған құрылыс немесе өзге де қала құрылысындағы өзгерістер туралы хабардар ету;
2.9. қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қалаға ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіруді ұйымдастыру;
2.10. қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және іске асыру;
2.11. сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы негізгі мәселелерді сәулет-қала құрылысы кеңесінде қарау және талқылау.
17. Функциялары:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету:
- сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру;
- Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру;
- құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;
- елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;
- эскиздік жобаларды келісу;
- үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру;
- тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру;
- объектілерді постулизациялау (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы мәселелерді қарау;
3) елді мекен шегінде объектінің құрылысын салу үшін жер учаскесін таңдау актісін дайындау және келісу;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жарнама саласындағы бақылауды жүзеге асыру;
5) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының құрамында қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу.
6) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Кодексінің 320-бабы (бірінші, екінші, үшінші бөліктері) бойынша хаттамалар жасау.
3-тарау. "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
18. "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Павлодар қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
21. "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі;
1) Павлодар қаласы әкімдігіне мемлекеттік мекеме туралы ережені бекіту үшін ұсынуға;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заңдарын, актілерін, облыс және қала әукімдіктерінің қаулыларын орындау бойынша жұмыстарды ұымдастырады, олардың орындалу барысы туралы жоғары тұрған органдарға жүйелі түрде ақпарат береді;
3) басшы бұйрығын шығарады;
4) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолданады;
5) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттерді орындау үшін персоналды жауап береді;
6) "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді;
7) "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда ұсынады;
8) мүлікке иелік етеді;
9) заңнамамен белгіленген тәртіпте келісім шарттарды бекітеді;
10) сенімхаттар береді;
11) "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;
12) "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
13) "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін және құрылымдық бөлімшелерінің функцияларын анықтайды;
14) "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
15) "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің ережесін бекітеді;
"Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Бірінші басшы өз орынбасарының уәкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықтайды.
4-тарау. "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22. "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
25. "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бағынысында ұйымдар жоқ.