Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 1123/3 қаулысы. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 394/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 10.04.2024 № 394/1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабы 2 - тармағына, 37 - бабы 8 - тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 - бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) туралы Ереже бекітілсін.

      2. Павлодар қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі "Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы және функцияларын өзгерту туралы" № 1441/6 қаулысының 3-тармағы алынып тасталсын.

      3. Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Қ. Беготаеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі А. Байханов

  Павлодар қаласы әкімдігінің
2022 жылғы "27" маусым
№ 1123/3 қаулысымен
бекітілген

Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі коммуналдық мүлікті басқару және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасынд көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі шешіміне сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32.

      10. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: Государственное учреждение "Отдел государственных активов и закупок города Павлодара".

      11. Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:

      дүйсенбі - жұма күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.

      12. Осы Ереже Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      13. Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      14. Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      15. Мақсаттары:

      - мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      - мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаражаттың оңтайлы және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету;

      - коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету (тұрғын үй қорын қоспағанда);

      16. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      - Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;

      - қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарын әзірлеуге қатысу;

      - Павлодар қаласының әкіміне Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу;

      - коммуналдық мүлікке иелік ету, пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актілерде белгіленген жағдайларда билік ету;

      - Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қатысты Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік органның құзыретіне, өкілеттіктеріне, функциялары мен міндеттеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      - жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап дайындау және жолдау;

      - іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес құжат айналымын жүргізуді қамтамасыз ету;

      - Павлодар қаласы әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларын мүлтіксіз орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген барлық қажетті шараларды қабылдау;

      - өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру, іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік және қалалық іс-шаралар жоспарларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету.

      17. Функциялары:

      - мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады және мемлекеттік сатып алу бойынша жиынтық есептілікті жасайды, мониторинг жүргізеді;

      - Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      - Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру процесін сақтау бойынша шаралар қабылдайды;

      - Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңында көзделген тәсілдермен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізуді жүзеге асырады;

      - әлеуетті өнім берушілердің конкурстық (аукциондық) құжаттамасының және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды (аукциондарды) өткізу рәсімдерінің және өзге де рәсімдердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексеру жөніндегі конкурстық (аукциондық) комиссияның жұмысын ұйымдастырады;

      - Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңнамасына сәйкес сотта талап-арыз жұмысын жүзеге асырады;

      - мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарын бұзған әлеуетті өнім берушілерді және мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім берушілерді жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдайды;

      - мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қосымша келісімдер жасасуға қатысады;

      - мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері, сондай-ақ қала бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік сатып алу бойынша ақпаратты жинайды, жинақтайды және талдайды;

      - қаланың коммуналдық мүлкін басқаруды ұйымдастырады, оны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

      - қаланың коммуналдық мүлкін пайдалану және сақтау мониторингін жүзеге асырады;

      - коммуналдық мүлікті (тұрғын үй қорын қоспағанда) есепке алуды, оның ішінде коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен иесіз қалған мүлікті есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      - қаланың коммуналдық мүлкін, оның ішінде қаланың жергілікті атқарушы органының қатысуымен коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындармен, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктермен басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;

      - қаланың мемлекеттік кәсіпорындарының таза табыстың белгіленген бөлігін толық және уақытылы аударуының, сондай-ақ таза табысты жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесі қаланың жергілікті атқарушы органына тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында олардың қала бюджетіне төлемдері үшін бөлу мониторингін жүзеге асырады;

      - қаланың коммуналдық мүлкін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына беру жөніндегі іс-шараларды өткізеді;

      - жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша қаланың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды жүзеге асырады және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылайды;

      - Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес қаланың коммуналдық мүлкін жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді;

      - қала бюджеті есебінен ұсталатын мемлекеттік заңды тұлғалардың коммуналдық мүлкін есептен шығаруды келіседі;

      - коммуналдық мүлікті (тұрғын үй қорын қоспағанда) қаланың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітеді, коммуналдық мүлікті қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша бір деңгейден екіншісіне беруді келіседі;

      - қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша қаланың коммуналдық заңды тұлғаларына берілген немесе олар өз шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюды және/немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

      - қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша қаланың коммуналдық мүлкін жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығымен және кейіннен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне, сенімгерлік басқаруға өтеусіз беру құқығымен жалға беру жөніндегі іс-шараларды өткізеді;

      - қаланың коммуналдық мүлкін жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға беруге), мемлекеттік заңды тұлғаларға өтеусіз пайдалануға береді;

      - сенімгерлікпен басқарушының қаланың коммуналдық мүлкін сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауына мониторингті жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      18. Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      20. Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

      21. Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      - Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;

      - барлық ұйымдарда Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

      - мемлекеттік мүлік туралы заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді;

      - шарттар жасасады;

      - сенімхаттар береді;

      - қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие болады;

      - барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      - Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу шараларын қабылдайды және оларға тәртіптік жаза қолданады;

      Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлік туралы заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      24. Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      25. Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Павлодар қаласының коммуналдық меншігіне жатады.

      26. Егер мемлекеттік мүлік туралы заңнамада өзгеше көзделмесе, Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады