"Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 265/3 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 608/9 қаулысының күші жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары М.Б. Зеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Дүйсенбинов

  Ақсу қаласы
әкімдігінің 2022 жылғы
20 сәуірдегі № 265/3
қаулысына қосымша

"Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ақсу қаласының аумағындағы құрылыс саласында басшылықты іске асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.

      3. "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік мекеменің заңды тұлғасы болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 52.

      10. "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00 ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы – "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел строительства города Аксу".

      12. "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі атынан мемлекет болып табылады.

      13. Осы Ереже "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері

      16. Мақсаттары:

      1) Ақсу қаласының аумағында құрылыстың мониторингін, үйлестіруді ұйымдастыру;

      2) Ақсу қаласының аумағында құрылыс және қайта жаңғырту саласындағы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру;

      17. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      1.1) "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан және азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      1.2) "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қала әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің жобаларын әзірлейді, оларды Ақсу қаласы әкімдігінің және әкімінің қарауына ұсынады.

      1.3) мемлекеттік органдарда, сотта "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін қорғайды;

      1.4) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;

      1.5) мердігер (бас мердігер) орындайтын жұмыстардың барысы мен сапасына және оларды орындау мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      1.6) мердігерден талаптарды бұза отырып орындалған жұмыстарды қабылдамауға;

      1.7) техникалық қадағалау қызметін бақылауға;

      1.8) сәйкессіздіктер анықталған жағдайда техникалық және авторлық қадағалаулардың қорытындыларын алудан бас тартуға;

      1.9) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      2) Міндеттері:

      2.1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;

      2.2) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға;

      2.3) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін мердігерге (бас мердігерге) бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беруге;

      2.4) объектіні Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қажетті рұқсат беру құжаттарымен қамтамасыз етуге міндетті;

      2.5) техникалық және авторлық қадағалаулармен қолдау арқылы объектінің құрылысын қамтамасыз етуге;

      2.6) мердігерге (бас мердігерге) техникалық және авторлық қадағалаулардың нұсқауларын орындамағаны не уақтылы орындамағаны және сапасыз орындағаны үшін шаралар қолдануға;

      2.7) техникалық және авторлық қадағалау үшін жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге;

      2.8) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының нұсқамаларының орындалуын қамтамасыз етуге;

      2.9) техникалық қадағалау қызметін бақылау бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарының объектіге жіберілуін қамтамасыз етуге;

      2.10) объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде объект орналасқан жердегі Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және олардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыны жіберуге;

      2.11) лауазымдық міндеттеріне сәйкес "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне берілген құқықтар шегінде өкілеттіктерді жүзеге асыруға;

      2.12) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті қызметтік мақсаттарда ғана пайдалануға;

      2.13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға және өзге де міндеттерді орындауға.

      18. Функциялары:

      1) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асыру:

      Ақсу қаласының аумағында коммуналдық меншік объектілерін салу және күрделі жөндеу (оның ішінде әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй мақсатындағы);

      бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қала аумағында мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салу;

      бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау жүйесінің объектілерін салу және қайта жаңғырту;

      2) объектілер салуға мердігерлік жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөнінде шарттар жасасу;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өкілеттіктер шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      19. "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      20. "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      21. "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      4) "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      5) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;

      7) "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      8) "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      9) шарттар жасасады;

      10) сенімхаттар береді;

      11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;

      12) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өкілеттіктер шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады;

      "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында ұйымдар жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады