"Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 306/3 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақсу қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Ж. Байбакировке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Дүйсенбинов

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2022 жылғы " 3 " мамырдағы
№ 306/3 қаулысына
1-қосымша

"Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ақсу өңірінің аумағында мәдениет, Қазақстан Республикасы халқының тілдерін дамыту мен қолдану салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:

      1) Ақсу қаласы әкімдігінің "Сәбит Дөнентаев мәдениет сарайы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;

      2) Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Ақсу қаласының орталықтандырылған кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік мекеменің заңды тұлғасы болып табылады, оның нышандары мен ерекшелік белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 37.

      10. "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел культуры и развития языков города Аксу".

      12. "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі атынан мемлекет болып табылады.

      13. Осы Ереже "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері

      16. Мақсаттары:

      1) қазақ ұлттық мәдениетті, Қазақстандағы басқа халықтардың мәдениетін жаңғырту, дамыту, қолдану және тарату бойынша мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және нығайту, орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау, Қазақстан Республикасында тұратын этникалық топтардың тілдерін дамыту бойынша мемлекеттің саясатын іске асыру;

      2) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін және тілдерін дамыту, зерделеу үшін жағдай жасау;

      3) тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.

       17. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      1.1) мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан және азаматтардан "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      1.2) қала әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге, сондай-ақ оларды қала әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсынуға;

      1.3) қала әкімдігі мен әкіміне Ақсу өңірі аумағында мәдениет және Қазақстан Республикасы халқының тілдерін дамыту және қолдану мәселелері туралы ұсыныстар енгізуге құқығы бар;

      2) міндеттері:

      2.1) "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      2.2) мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері бойынша облыс және қала әкімдігінің және әкімінің заңнамалық актілерінің, актілердің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің нормасын сапалы орындау.

      18. Функциялары:

      1) мәдениет пен тілдерді дамыту саласындағы өңірлік бағдарламаларды әзірлейді және орындайды;

      2) өңірде тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен объектілердің дамуына ықпал жасайды;

      3) оның негізінде әлеуметтік саланың басым бағыттары белгіленетін, халықтың мәдени ағарту саласындағы сұраныстары жөніндегі ақпараттарды жинауды, талдауды және өңдеуді жүзеге асырады;

      4) тілдерді қолдану мен дамыту жөніндегі қалалық жұмыс тобының жұмысын ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      5) мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарастырады;

      6) қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құруға ұсыныс енгізеді, сонымен қатар олардың қызметін қолдайды және үйлестіреді;

      7) жергілікті маңызы бар тарихи, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      8) Ақсу өңірі аумағында мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;

      9) Ақсу өңірі аумағындағы мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

      10) Ақсу өңірі аумағында мәдени мақсаттағы объектілерді салу, жаңғырту және жөндеу бойынша тапсырысшы болады;

      11) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;

      12) қаланың мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін береді;

      13) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған қалалық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;

      14) қала әкімдігіне ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;

      15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды жүзеге асырады;

      16) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік істерді қарайды;

      17) өзінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      19. "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      20. "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      21. "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) лауазымды тұлға болып табылады және "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынасты сенімхатсыз жасайды;

      2) азаматтардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарастырады, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша шаралар қолданады;

      3) "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      6) "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      7) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларымен кеңестер өткізеді;

      8) азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді;

      9) мемлкеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетті ұйымдастырады және ол үшін дербес жауапты болады;

      10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өкілеттік шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады;

      "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға орындайды.

4-тарау. "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) Ақсу қаласы әкімдігінің "Сәбит Дөнентаев мәдениет сарайы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;

      2) Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Ақсу қаласының орталықтандырылған кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2022 жылғы " 3 " мамырдағы
№ 306/3 қаулысына
2-қосымша

Ақсу қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1) Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 қазандағы "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 714/10 қаулысы;

      2) Ақсу қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 желтоқсандағы "Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 қазандағы "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 714/10 қаулысына толықтыру енгізу туралы" № 1118/9 қаулысы;

      3) Ақсу қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы "Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 қазандағы “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы” № 714/10 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 821/17 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады