Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қазандағы "Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 722/10 қаулысының күші жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары М.А. Гайдаренкоға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің міндетін атқарушы | М. Гайдаренко |
Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 590/5 қаулысына қосымша |
“Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесі Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасайды.
6. “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі 12.
10. “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы - “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде - государственное учреждение “Отдел сельского хозяйства города Аксу”.
12. “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі атынан мемлекет болып табылады.
13. Осы Ереже “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.
15. “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып таблатын міндеттерді “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері
16. Мақсаттары:
1) ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту және ауыл тұрғындарын қолайлы өмір жағдайларымен қамтамасыз ету;
2) қаланың азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
3) бәсекелестікке төтеп беретін ауылшаруашылық өнімдерін және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіру үшін экономикалық жағдайлар жасау;
4) Ақсу өңірінің аумағында аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу;
5) өңірлік деңгейде ауылшаруашылық өндірісті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру.
17. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
1.1) қаланың мемлекеттік органдарынан, ауылшаруашылық құрамаларынан, кәсіпорындар мен ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
1.2) семинарларға, мәжілістерге, “дөңгелек үстелдерге” қатысуға, сондай-ақ оларды өткізуге ғылыми мекемелердің, ұжымдардың өкілдерін, ғалымдарын және мамандарын шақыруға;
2) міндеттері:
2.1) “мемлекеттік органдардың, мұрағаттардың, ғылыми ұйымдардың және кітапханалардың” ақпараттық мәліметтер банкілерін пайдалануға;
2.2) “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге;
2.3) “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен қызметтерінен шығатын мәселелер мен түйіндер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және “дөңгелек үстелдер“ өткізуге;
2.4) “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге, оларды қала әкімі және әкімдігінің қарауына ұсынуға құқығы бар.
18. Функциялары:
1) агроөнеркәсіптік кешенді және ауыл аумақтарын дамыту мәселелері бойынша өңірлік бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілерін мемлекеттік қолдауды іске асырады;
3) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік аграрлық азық-түлік саясатының негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша жұмыс жүргізеді;
4) агроөнеркәсіптік кешен саласында жедел ақпарат жинауды жүргізеді және оны облыс әкімдігіне ұсынады;
5) өңірдің ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне ауыл шаруашылығы салаларында интенсивті технологияларды пайдалану мәселелері бойынша тәжірибелік көмек көрсетеді;
6) агроөнеркәсіптік кешен саласында бағалық, техникалық, несиелік, сақтандыру қызметі мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
7) елді мекендерде ауылшаруашылық малдарын ұстау мен мал жаюдың ережелерін әзірлеуге қатысады;
8) сақтандыру нарығының қатысушыларынан және агенттен өз қызметін жүзеге асыруға қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұратады және алады;
9) ауыл шаруашылығы объектілерін және ауыл шаруашылығы жануарларын, жануар текті өнімдер мен шикізатты өндіру, дайындау (сою) кәсіпорындарын пайдалануға қабылдау бойынша комиссияларының жұмысына қатысады;
10) негізгі машиналар тұрағының және өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығына арналған жабдықтардың, сондай-ақ ауыл шаруашылығы науқандарын іске асыру үшін жанар-жағармай материалдарының, қосалқы бөлшектердің қажетті көлемінің қажеттілігін есептеуді жүргізеді және болжайды;
11) ауыл шаруашылығы субъектілерінің машина - трактор паркін іске қосқанда, тексеруші органдар техника қызметінің сақтау тәртібін тексерген кезде ұйымдастырады және қатысады;
12) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және оларға мемлекеттік нөмірлік белгі беру;
13) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;
14) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;
15) тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру.
16) Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Заңына сәйкес тұрғындарға мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
17) мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді;
18) қаржыландыру жоспарында көзделген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік сатып алуын жүзеге асырады;
19) қаржыландыру жоспарларын орындау процесінде туындайтын бухгалтерлік есеп және есеп айырысуларды жүргізеді;
20) үш жылдық кезеңге бюджеттік өтінімді құрайды, қаржыландыру жоспарын әзірлейді және бекітеді, қаржыландыру жоспарын орындайды;
21) бухгалтерлік және басқа да есептерді қалыптастырады және тапсырады, ақпараттық бағдарламалармен жұмыс істейді;
22) мемлекеттік қызметшілердің жеке жұмыс жоспарын әзірлейді;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
19. “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
20. “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Ақсу қаласының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
21. “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіліктері:
1) лауазымды тұлға болып табылады және “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің атынан мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынасты сенімхатсыз жасайды;
2) “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және лауазымдық міндеттерін белгілейді;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды заңнамамен белгіленген тәртіпте шешеді;
5) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым қатынаста “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесін ұсынады;
6) “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларымен кеңестер өткізеді;
8) азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өкілеттік шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады.
“Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22. “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінде, заңнамада көзделген жағдайларда, жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
“Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамамен өзгеше көзделмесе, “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен қолдануға құқығы жоқ.
5-тарау. “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
25. “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
26. “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қарамағында ұйымдары жоқ.