"Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 481/6 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 – баптарына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Кантарбаев

  Екібастұз
қаласы әкімдігінің
2022 жылғы "14" маусымдағы
№ 481/6 қаулысымен
бекітілді

"Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене
шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласында саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.

      3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141208, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62 ғимарат.

      10. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Екібастұз қаласының әкімдігі мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады.

      12. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      13. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      14. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

      14-1. Мемлекеттік мекеме шоғырландырылған қаржылық есепті құруға және ұсынуға жауапты болады.

      Ескерту. 1-тарау 14-1-тармақпен толықтырылды – Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 03.10.2023 № 819/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері

      15. Мақсаттары:

      1) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін жандандыруға, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қабылдау;

      2) мемлекеттік мекемелерде, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарда, қоғамдық ұйымдарда және бірлестіктерде мәдениетті, тілдерді және спортты дамыту мәселесінде қызметін үйлестіру;

      3) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдылықтарын сақтауды қамтамасыз ету;

      4) бюджет қаражатын жұмсауды оңтайландыру мақсатында қалалық мерекелерді өткізуге конкурстар ұйымдастыру;

      5) мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері бойынша байқаулар, семинарлар, пікір алысулар, "дөңгелек үстелдер" ұйымдастыру;

      6) бұқаралық спортты дамыту;

      7) дене шынықтыру және спортты насихаттау;

      8) дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      9) спорттық резервті дайындау;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.

      16. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      1-1) жүктелген міндерттерді орындауға қажетті ақпаратты барлық нысандағы шаруашылық жүргізуші субъектілерден (келісім бойынша) сұратуға және алу;

      1-2) мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласындағы уәкілетті органдарға шешімдері облыстық деңгейде қамтамасыз етілетін міндеттерді жүзеге асырумен байланысты болатын ұсыныстарды енгізу;

      1-3) өз құзыреті шегінде әлеуметтанушылық зерттеуді жүргізу, болжам және басқа да мәліметтер бойынша ұсыныстарды қалыптастыруда ғылыми қызметкерлер мен мамандарды қажет болған жағдайларда тарту;

      1-4) бекітілген тәртіпке сәйкес мәдени және тілдік саясат мәселелері бойынша семинарлар өткізу;

      1-5) облыстық, республикалық мәдени, спорттық ұйым-мекемелерінде қаланың мүддесін білдіру;

      1-6) мемлекеттік мекеме мүддесін қаланың және облыстың өкілетті мен атқарушы органдарында қорғау;

      1-7) қалалық спорттық жарыстарын өткізу туралы Ережені (Регламентін) Қазақстан Республикасының ережелері мен нормативтік құқықтық құжаттамалары негізінде бекіту;

      1-8) Бекітілген тәртіпке сәйкес қалалық спорттық іс-шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне атақ беру, олардың медальдар, белгілер, жүлделер, дипломдар, мақтау қағаздары, бағалы сыйлықтармен марапаттау мәселелерін шешу;

      1-9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарын асыру.

      2) міндеттері:

      2-1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтау;

      2-2) мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыруды қамтамасыз ету;

      2-3) семинарларда, курстарда және өзге де оқыту түрлерінде үнемі мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;

      2-4) Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңнамасына сәйкес мәдениет, тілдерді дамыту мен спорт саласындағы қызметкерлер мүдделерін қорғау;

      2-5) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

      2-6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      17. Функциялары:

      1) өз қызметінің нәтижелері бойынша талдамалық материалдар мен шолулар дайындау;

      2) қала мен ауылдық аймақта мәдениет, тілдерді және спортты дамытуға қатысты арнайы бағдарламалар әзірлеу, үйлестіру;

      3) салт-дәстүр, мерекелер, рәсімдерді күнделікті өмірге енгізуге және көркем қолөнер кәсіпшілігін дамытуға ықпал ету;

      4) мәдениет мекемелерінде жоспарлы-қаржылық жұмыстарын ұйымдастыру;

      5) мәдениеті және мемлекеттік тіл енгізу жөніндегі әдебиеттер мен бұқаралық ақпарат құралдарына талдау жасау;

      6) мәдени құндылықтарды анықтау, есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

      7) Екібастұз қаласының және оның ауылдық аймағының аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғи және өзге де объектілерді табиғаттың, тарихтың және мәдениеттің қорғалатын ескерткіштері деп жариялау туралы ұсыныстар енгізеді;

      8) көпшілік мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар және фестивальдер өткізу;

      9) қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;

      10) жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және жаппай демалу орындарында тұрғындардың қозғалысы шектеулі тобына қолжетімділікті ескере отырып, дене шынықтыру мен спортпен айналысуы үшін инфрақұрылымды құру;

      10-1) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорт жабдығының қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      11) дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша қалалық спорттық жарыстарын өткізу;

      12) қалалық құрама командаларының спорт түрлері бойынша дайындығын және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

      13) бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;

      14) спортшыларға 2-дәрежедегі спортшы, 3-дәрежедегі спортшы, 1 жасөспірімдік дәрежедегі спортшы, 2 жасөспірімдік дәрежедегі спортшы, 3 жасөспірімдік дәрежедегі спортшы спорттық разрядтарын береді, аталмыш разрядтарды алып қояды;

      15) біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айыру;

      15-1) Екібастұз қаласы мен оның ауылдық аймағының аумағында тұратын Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

      16) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың қалалық күнтізбесін іске асыру;

      17) қала аумағында және оның ауылдық мекендерінде спорттық іс-шараларды өткізу және ұйымдастыру;

      18) Екібастұз қаласының және оның ауылдық аймағының аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде ұсынады;

      19) спорт түрлері бойынша құрама командаларының тізімін құру және бекіту;

      20) балалар жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметін үйлестіру;

      21) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;

      22) ресми дене шынықтыру және спорттық іс-шаралардың медициналық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;

      23) дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті ұйымдастыру;

      24) жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіндегі өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру;

      25) коммуналдық заңды тұлғаларды басқарады:

      ведомствоға қарасты заңды тұлғаларды басқару мәселелері жөнінде актілер әзірлейді және олардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

      ведомствоға қарасты мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін келіседі;

      ведомствоға қарасты мемлекеттің қатысы бар кәсіпорындар мен ұйымдардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерін қарастырады, келіседі, бекітеді, бақылайды және талдау жүргізеді;

      ведомствоға қарасты ұйымдардың мүлкін пайдалану және сақталуына бақылау жасайды;

      коммуналдық меншікті басқару жөніндегі уәкілетті органға ведомствоға қарасты заңды тұлғалардың мүлкін қайтарып алуға немесе қайта бөлуге келісім береді;

      мәліметтерді, оның ішінде бұл мәліметтерді мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсетілуі үшін өзінің басқаруындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың атаулы тізбесін дайындайды;

      26) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да функцияларды атқарады.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 03.10.2023 № 819/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      18. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      20. Мемлекеттік мекеме бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) қызметкерлер өкілеттілігі мен міндеттерін анықтайды;

      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметкерлерді марапаттайды және тәртіптік жаза қолданады;

      3) барлық қызметкерлер үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      4) мемлекеттік мекемені мемлекеттік органдарда, сотта, басқа да ұйымдарда танытады;

      5) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауда дербес жауапты болады;

      6) қазынашылық органдарымен тоқсан сайын мемлекеттік мекеменің төлемдерін өткізу, соның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына төлемдер өткізу бойынша салыстыру жұмысын жүргізеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      21. Мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы және ұжымдық шартымен реттеледі.

      22. Мемлекеттік мекемесі мен Екібастұз қаласы әкімдігі арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      23. Мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органы арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4-тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      24. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесімен тапсырылған мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      25. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 - тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі

      1) "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Атамұра" мәдениет орталығы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны";

      2) "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өнер" қалалық мәдениет орталығы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны".

"Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1) "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі";

      2) "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Достық үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады