"Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 45 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.

      2. "Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      бір ай ішінде Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Аудан әкімі А. Маңғұтов

  Тереңкөл ауданы
әкімдігінің 2022 жылғы
14 наурыздағы № 45
қаулысымен бекітілді

"Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      1. Жалпы ережелер

      1. "Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Тереңкөл ауданы аумағындағы жер қатынастары саласына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Жер қатынастары бөлімінің ведомстволары жоқ.

      3. Жер қатынастары бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, қазақ және орыс тілде өз атауымен мөрі және мөртаңбалары, белгілі нысандағы бланкілер, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдардың шоттары бар.

      5. Жер қатынастары бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Жер қатынастары бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Жер қатынастары бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте жер қатынастары бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Жер қатынастары бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 140600, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 238.

      10. Осы Ереже жер қатынастары бөлімінің құрылтайшы құжаты болып табылады.

      11. Мемлекет Тереңкөл ауданының әкімдігі тұлғасында "Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      12. Жер қатынастары бөлімінің қызметін каржыландыру жергілікті және жоғары тұрған бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Жер қатынастары бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен Жер қатынастары бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер жер қатынастары бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      14. Жер қатынастары бөлімінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: сағат 9.00 – 18.30-ға, түскі үзіліс сағат 13.00 – 14.30-ға дейін, аптасына бес жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      2. "Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты, қызметінің мәні, міндеттері және өкілеттігі

      15. Жер қатынастары бөлімі қызметінің мақсаты жер қатынастарын реттеу мәселелерінде мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде іске асыру болып табылады.

      16. Жер қатынастары бөлімі қызметінің мәні Тереңкөл ауданының аумағында жер қатынастарын реттеу мәселелерінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

      17. Негізгі міндеттері:

      1) жер қатынастарын реттеу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, жер заңнамасының ережелерін қатаң сақтау;

      2) жердің бар-жоғы және олардың санаттар, алқаптар, жер учаскелерінің меншік иелері бойынша бөлінуі туралы жыл сайынғы аудандық есептерді жасау, бүлінген жерлерді қалпына келтіруді, топырақтың құнарлы қабатын алуды және пайдалануды ұйымдастыру;

      3) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      4) жер қатынастары саласында мемлекеттің мүдделерін қорғау;

      5) елді мекендердің жерлерін қоспағанда, ауданның атқарушы және өкілді органдарының қарауына әзірлеу, дайындау, енгізу және аудан әкімдігінің және аудан әкімінің аудан шекарасы шегінде жер қатынастарын реттеу саласындағы актілерін орындауды қамтамасыз ету;

      6) жерді ұтымды пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын басқа да табиғат қорғау іс-шараларымен кешенді қорғау жөніндегі аудандық бағдарламаларды әзірлеу және өкілетті органның бекітуіне енгізу және олардың орындалуын қамтамасыз ету.

      18. Өкілеттіктер:

      1) Құқығы:

      Тереңкөл ауданы әкімдігінің және әкімінің қарауына Тереңкөл ауданының әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары, басымдықтары мен стратегиясы жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      жер қатынастары бөлімінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен, лауазымды тұлғалармен және азаматтармен белгіленген тәртіпте ақпарат сұрату және алу;

      басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тарту;

      мемлекеттік органдарда, сотта жер қатынастары бөлімінің мүддесін білдіру;

      өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу.

      2) Міндеттері:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

      мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдалану;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімдігінің, облыс және аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.

      19. Функциялары:

      1) иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      2) ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      3) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      4) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

      5) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

      6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      7) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

      8) елді мекендер аумақтарының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      9) аудан бойынша жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

      10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын аудандық бағдарламаларға, жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

      11) Тереңкөл ауданының жер балансын жасау;

      12) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

      13) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;

      14) жер учаскесін сатып алу - сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      15) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 33-бабы 1-тармағы алтыншы бөлігінің 5-1) тармақшасында көзделген жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын қайта ресімдеу;

      16) ауданның жергілікті атқарушы органдарына Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер телімдерін пайдалануға рұқсат беру бойынша ұсыныстар дайындау;

      17) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру бойынша ұсыныстар дайындау;

      18) жерді резервілеу бойынша ұсыныстар дайындау;

      19) қолданыстағы жер заңнамасына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін қарау;

      20) жер қатынастары бөлімінде кадр жұмысының жай-күйін, кадрлармен қамтамасыз етілуін талдау;

      21) жер қатынастары бөлімінің мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты мәселелерді шешу;

      22) кадр резервін қалыптастыруға қатысу;

      23) жер қатынастары бөліміне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      24) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланыс орнату және оны тұрақты дамыту.

      3. "Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      20. Жер қатынастары бөліміне басшылықты жер қатынастары бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      21. Жер қатынастары бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      22. Жер қатынастары бөлімі басшысының өкілеттігі:

      1) жер қатынастары бөлімінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      2) мүлік пен қаражатқа иелік етеді және жер қатынастары бөлімі істерінің жай-күйіне дербес жауапты болады;

      3) жер қатынастары бөлімі қызметкерлерінің функционалдық міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      4) жер қатынастары бөлімінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) жер қатынастары бөлімінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      6) жер қатынастары бөлімінің қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;

      7) барлық органдар мен ұйымдарда жер қатынастары бөлімінің атынан өкілдік етеді;

      8) жер қатынастары бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңес шақырады;

      9) өз өкілеттіктері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін дербес жауапты болады.

      23. Жер қатынастары бөлімінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      24. Жер қатынастары бөлімі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

      25. Жер қатынастары бөлімі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (аудан әкімдігінің атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      26. Жер қатынастары бөлімі мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      4. "Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      27. Жер қатынастары бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Жер қатынастары бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      28. Жер қатынастары бөліміне бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.

      29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Жер қатынастары бөлімі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

      5. "Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      30. Жер қатынастары бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      31. Жер қатынастары бөлімінің қарамағында ұйымдар жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады