"Аққулы ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 1-03/95 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын;

      осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын;

      осы қаулыны "Аққу үні - Вести Аққулы" аудандық газетінде жариялансын;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімінің орынбасары А. Ж. Қасымоваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы ауданының әкімі А. Балгабаев

  Аққулы ауданы
әкімдігінің 2022 жылғы
"26" сәуірдегі № 1-03/95
қаулысымен бекітілген

"Аққулы ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ) бюджетті атқару, жергілікті бюджетті атқарылуы бойынша бухгалтерлік есеп пен бюджеттік есептілікті жүргізу, коммуналдық мүлікке мемлекеттің меншік құқығын іске асыру, жекешелендіру және аудандық коммуналдық меншікті басқару салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ ведомстволары жоқ.

      3. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ азаматтық - құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140700, Аққулы ауданы, Аққулы ауылы, Всеволод Иванов көшесі, 98.

      10. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма сағат 9.00 - ден 18.30 - ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 - ден 14.30 - ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.

      11. Заңды тұлғаның толық атауы: мемлекеттік тілде - "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел финансов района Аққулы".

      12. Мемлекет Аққулы ауданы әкімдігі тұлғасында "Аққулы ауданының қаржы бөлім" ММ құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы ереже "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ кәсiпкерлiк субъектілерімен "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қарым - қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда алынған кiрiс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жiберiледi.

2 -тарау. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ мақсаттары, қызметінің нысанасы, міндеттері мен өкілеттіліктері

      16. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ мақсаттары:

      1) Аққулы ауданының аумағында бюджетті орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      2) аудандық коммуналдық меншікті басқару;

      3) жергілікті бюджетті орындау бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу болып табылады.

      17. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ бюджетін орындау және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру қызметінің нысанасы болып табылады.

      18. Міндеттері:

      1) аудан бюджетінің орындау мониторингі, орындалуы туралы есепті дайындау;

      2) Аққулы ауданында бюджетті орындау бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      3) Аққулы ауданының коммуналдық мемлекеттік меншігі қатынасындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      4) Аққулы ауданы аумағында мемлекеттік сатып алу үдерісінің мониторингісін жүзеге асыру.

      19. Өкілеттіліктері:

      1) құқықтары:

      1-1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіпте "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;

      1-2) "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ мүддесін мемлекеттік органдарда, сотта осы ережеде белгіленген өз құзыретінің шегінде білдіру;

      1-3) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;

      1-4) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту.

      2) міндеттері:

      2-1) Қазақстан Республикасының заңдарына және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қызметін жүзеге асыруға;

      2-2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік есебін және қаржылық есептілігін жүргізу;

      2-3) нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзіне бекітілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге;

      2-4) мекеме қызметкерлерінің кепілді еңбек жағдайларын және әлеуметтік қорғау шараларын қамтамасыз етуге.

      20. Функциялары:

      1) Аудандық бюджеттің орындалуын талдау, аудандық бюджет жобасының негізгі көрсеткіштерін анықтайды;

      2) бюджетті орындау саласында әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      3) жергілікті бюджеттің міндеттері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, төлемдер бойынша қаржыландыру мен түсімдердің жиынтық жоспарының жасалуын бекіту және оның жүргізуін құру; 4) жылдық сомаларды қоса алғанда, міндеттер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, төлемдер бойынша қаржыландыру мен түсімдердің жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      5) бюджеттік мониторинг жүргізеді, бюджеттік мониторинг нәтижесі бойынша аудан бюджетінің орындалуы туралы аналитикалық есепті қалыптастырады;

      6) мемлекеттік органдардың бюджеттік қаражатын басқарудың тиімділігінің бағалауын жүзеге асырады;

      7) мемлекеттік органдардың бюджеттік қаражатын басқару тиімділігін бағалау нәтижесі туралы қорытынды жасайды;

      8) жергілікті бюджетті орындау туралы есеп жасайды;

      9) тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) іске асырудан ақшалай қаражаттың шығындары мен түсімдердің жоспарын орындау, аудан бюджеті бойынша қайырымдылық пен демеушілік көмектен түскен ақшалай қаражаттын шығындары мен түсімдері туралы есептерді жасайды;

      10) аудан бюджетінің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептерді жасайды;

      11) жергілікті атқарушы органы резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің жобаларына қорытынды жасайды;

      12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, жергілікті бюджеттен қарастырылған қаражат есебінен жергілікті атқарушы органның қарызын өтейді және қызмет көрсетеді;

      13) жоғарыдағы бюджеттен ұсынылған бюджеттік несие мониторингі мен есебін жүргізеді және оны тіркейді;

      14) жергілікті атқарушы органның қаражатын пайдалануы бойынша есеп пен талдау жүргізеді;

      15) мемлекеттің қатысуымен коммуналдық заңды тұлға мен заңды тұлғаның реестрін жүргізуді қамтамасыз етеді;

      16) коммуналдық мүлік реестрін түзетеді және толықтыруды қамтамасыз етеді;

      17) аудандық коммуналдық мүлік есебін ұйымдастыру және оның тиімді қолдануын қамтамасыз етеді;

      18) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      19) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша "Мемлекеттік сатып алу туралы" сауда -саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді;

      20) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субьектілерінің меншігіне кейінен сатып алу құқығымен немесе кейінен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жолдауға), сенімгерлік басқаруға береді;

      21) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;

      22) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалға (жолдауға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

      23) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процессін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру обьектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру обьектілерінің сатып алу - сату шарттарын әзірлеу мен жасалуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

3 - тарау. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      21. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіліктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      22. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасынның заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      23. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

      24. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Аудан әкімдігінің бекітуіне "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ туралы Ережесі және оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізуін ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ қызметкерлерін мадақтайды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      4) "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) барлық мемлекеттік органдарда, соттарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ мүддесін қорғайды;

      6) "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, өзге де мекемелерде "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ мүдделерін білдіру құқығына сенімхаттарды береді;

      7) өз құзіретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді.

      "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      25. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      26. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ мен тиісті соманың уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      27. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ еңбек ұжымы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңымен және ұжымдық шартына сәйкес белгіленеді.

4 - тарау. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ мүлкi

      28. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      29. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5 - тарау. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату

      31. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      32. "Аққулы ауданының қаржы бөлімі" ММ таратылған (қысқартылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады