"Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 126/6 қаулысы

      Қазақстан Республикасының әкімшілік іс жүргізу кодексінің 40-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.

      2. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыға қолқойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күнішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдауды қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Успен ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқыр есми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Дычко

  Успен ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 07 маусымдағы
№ 126/6 қаулысымен
бекітілді

"Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі, туризм және спорт салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      Успен ауданының әкімдігі тұлғасында мемлекет "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      4. Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (болған жағдайда), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарындағы шоттар.

      5. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 141000 Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылы, Милевский көшесі, 65.

      10. Осы Ереже "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады

      11. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 тарау. Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын іске асыру жөніндегі жұмысын үйлестіру;

      3) мәдени-ағарту жұмысына, қарамағындағы ұйымдар мен мекемелерге басшылық ету;

      4) меншік нысанына қарамастан ауданның мәдениет мекемелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

      5) ауданда тұратын халықтардың тарихи-мәдени мұрасын, рухани дәстүрлерін жаңғырту, сақтау, дамыту және таратуды қамтамасыз ету;

      6) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады;

      7) ауданда бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын жүргізуді қамтамасыз ету, меншік нысанына қарамастан аудандық бөлімдер мен ведомстволардың, ауылдық округ әкімдері аппараттарының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңын, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;

      8) дене шынықтыру және спортты дамыту, аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау;

      9) Успен ауданында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;

      10) дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету

      14. Өкілеттіктер:

      1) құқықтар:

      1.1) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша аудан әкімдігінің атқарушы органдары мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру;

      1.2) аудан әкімдігінің, әкімнің және жоғары тұрған ұйымдардың қарауына дамудың негізгі бағыттары, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы проблемаларды жедел шешу жөнінде ұсыныстар енгізуге; ;

      1.3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      1.4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

      1.5) "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар өткізу;

      1.6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;

      1.7) халықтың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын және ұсыныстарын заңнамада белгіленген тәртіппен қарау;

      1.8) мемлекеттік және жергілікті қоғамдық-саяси, мәдени және спорттық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету;

      1.9) Мәдениет, тіл саясаты, дене шынықтыру және спорт мәселелерінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілеттігін орындау үшін ауданның басқа атқарушы органдарымен және оның қарамағындағы ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

      2) міндеттері:

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің орталық атқарушы органдардың, облыс әкімі мен әкімдігінің, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

      15. Функциялар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабарларды қарауды қамтамасыз етеді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етеді;

      3) бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс;

      4) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      5) ауданның ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, байқаулар, фестивальдер мен конкурстар, декоративтік-қолданбалы өнер көрмелерін өткізуді ұйымдастырады;

      6) аудандық конкурстар мен фестивальдерді өткізу жоспарларын әзірлеу және бекіту;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халықтың мүдделерін ескере отырып, ауданның мәдениетін сақтау және дамытудың перспективалық жоспарларын әзірлеу;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген нысанда "мәдениет ұйымының негізгі қызметі бойынша есеп" әкімшілік деректер саласындағы атқарушы органға жинауды жүзеге асыру және ұсыну;

      9) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      11) кітапхана және музей ісін дамыту мен сақтауды қамтамасыз ету;

      12) клуб мекемелерін, кітапханаларды дамыту мен сақтауды, спорт құрылыстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады;

      13) мәдениет саласындағы мәдени-демалыс қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;

      14) Мәдениет, тіл және спортты дамыту мәселелері бойынша әртүрлі аудандық бағдарламаларды әзірлеу және іске асырылуын бақылау;

      15) аудандық маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      16) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды өткізу;

      17) облыстың атқарушы органдарына ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге;

      18) дене шынықтыру мен спортты насихаттау, халықтың қалың жігін дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға тарту арқылы саламатты өмір салты қағидаттарын бекіту;

      19) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;

      20) аудан аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;

      21) мәдениет пен спорттың инфрақұрылымын сақтау мен дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;

      22) аудандық деңгейде әртүрлі спорт түрлері бойынша жарыстар өткізу;

      23) әртүрлі спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуын қамтамасыз ету;

      24) аудан аумағында бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;

      25) аудандық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын әзірлеу, бекіту және іске асыру;

      26) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3 тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болса)

      16. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

      19. Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      2) "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті, өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      6) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      8) "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;;

      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;

      10) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін жеке жауапкершілік көтереді;

      11) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      12) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасады;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген, қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      24. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

      "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1. Успен ауданы әкімдігі Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің "Сауық орталығы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;

      2. Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің "Успен ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады