"Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 шілдедегі № 145/7 қаулысы

      Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-быбы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекітілсін.

      2. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында лауазымды мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республиканың Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Успен ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Дычко

  Успен ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 01 шілдедегі
№ 145/7 қаулысымен
бекітілді

"Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі


1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) кәсіпкерлік, туризм және ауыл шаруашылығы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімінің ведомстволары жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 141000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылы, 10 лет Независимости көшесі, 30.

      10. Осы Ереже "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Бөілімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

2-тарау. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) туризм және кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      14.Өкілеттіліктері:

      Құқықтар:

      1) ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, аудан аумағында орналасқан мекемелерден, кәсіпорындар мен ұйымдардан, ауылдық округ әкімдері аппараттарынан белгіленген тәртіпте жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті ақпарат алуға;

      2) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға құқылы;

      3) аудан әкімдігіне кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге;

      4) істерді зерделеу және әдістемелік көмек көрсету үшін басқа бөлімдердің мамандарын тарту;

      5) Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер бөлігінде жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      6) сот органдарында "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру.

      Міндеттер:

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдау материалдарын дайындау және ұсыну;

      2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге міндетті;

      3) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті;

      4) кәсіпкерлік, туризм және ауыл шаруашылығы, мемлекеттік сатып алу, еңбек қатынастары, мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өзге міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялар:

      1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруды жүзеге асыру;

      2) жеке кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту үшін жағдайлар жасау;

      3) ауданда мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы мен орындалуына жауапты болу және қамтамасыз ету;

      4) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;

      5) өңірде шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз ету;

      6) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;

      7) сараптама кеңестерінің қызметін ұйымдастыру;

      8) жергілікті деңгейде Жеке кәсіпкерлікті және шаруа қожалықтарын мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

      9) баға мониторингі жүйесін ұйымдастыру;

      10) ауданның кәсіпкерлікті дамытудың жалпы стратегиясы шеңберінде кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің жұмысын өзара іс-қимыл жасау және үйлестіру;

      11) тұтыну нарығының сыйымдылығын, баға және тауар конъюнктурасын талдауды, бағалауды және болжауды жүргізу, бөлшек сауда бағаларын ұстауға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      12) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

      13) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      14) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      15) Бөлім қызметкерлері қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу;

      16) аудан әкімі, әкімдігі актілерінің жобаларын әзірлеу;

      17) кәсіпкерлік, туризм және өнеркәсіпті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға бағытталған шараларды әзірлеу және іске асыру;

      18) өнеркәсіп және кәсіпкерлік салаларына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, инвестициялық және инновациялық жобалар тізбесіне ұсыныстар қалыптастыру;

      19) тиісті аумақта инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      20) шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін персонал мамандарын оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      21) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша жұмыс жүргізу;

      22) агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу;

      23) әртүрлі меншік нысандары мен ауыл шаруашылығында шаруашылық жүргізу түрлерінің жұмыс істеуі жағдайында жедел және статистикалық есептілікті ұйымдастыру;

      24) ауыл шаруашылығы өндірісіне тракторларға, комбайндарға, автомобильдерге, жабдықтарға, ауыл шаруашылығы машиналарына, отынға және басқа да материалдық ресурстарға қажеттілік болжамын әзірлеу;

      25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      26) бөлімнің қажеттілігі үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және конкурстарды ұйымдастыру;

      27) өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      28) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;

      29) заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау;

      30) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталған мемлекеттік қызметтерді көрсету.

      31) Аудан аумағында ветеринария саласындағы мәселелерді үйлестіру.

3-тарау. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Бөлімнің басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Бөлім бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

      19. Бөлім бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) мемлекеттік мекемесі туралы Ережені Успен ауданы әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс және қала әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде ақпарат етеді;

      3) бұйрықтарын шығарады;

      4) өз құзыреті шегінде Бөлімде мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша шаралар қолданады;

      5) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша міндеттердің орындалуы үшін дербес жауап береді;

      6) Бөлімнің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды;

      7) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Бөлім атынан өкіл болады;

      8) заңнамамен белгіленген жағдайларда және шегінде мүлікке иелік етеді;

      9) белгіленген заңнама тәртібінде келісімдер және басқа да заңды мәмілелер жасайды;

      10) сенімхаттар береді;

      11) Бөлімнің актілеріне қол қояды;

      12) Бөлімнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;

      13) Бөлімнiң қызметкерлерiне мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

      14) Бөлімнің жұмыс жоспарын бекітеді;

      15) заңнамамен және осы Ережемен жүктелген функцияларды жүзеге асырады.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      21. Бөлім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Бөлім басшысы немесе лауазымды тұлға Бөлім басқарады.

4-тарау. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлім қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады