Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.05.2023 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына (Қазақстан Республикасын Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 606 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында:
Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті - 09 деген бөлімде:
Қоғамдық денсаулық сақтау және оңалту басқармасының басшысы, С-3 санаты, 09-03-01 біліктілік талаптарында "Функционалдық міндеттері" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
"
Функционалдық міндеттері | Басқарманың жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыру. Басқарма қызметкерлерінің жұмысын жоспарлауды, бақылауды, ұйымдастыруды және талдауды жүзеге асыру, басқармада өзара алмастыруды қамтамасыз ету. Министрліктің кеңестерінде және Министрліктен тыс жерлерде Департаменттің мүддесін білдіру мен қорғауды жүзеге асыру. Басқармаға келіп түсетін құжаттардың, оның ішінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру, олардың орындалу сапасы мен уақтылығына талдау жүргізу. Қоғамдық денсаулық сақтау және ересек халықты медициналық оңалту саласындағы жұмысты үйлестіру және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу. Қоғамдық денсаулық сақтау және ересек халықты медициналық оңалту мәселелері бойынша Министрліктің және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу. Басқарма қызметіне талдау жүргізу. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Қоғамдық денсаулық сақтау және ересек халықты медициналық оңалту мәселелері бойынша семинарлар, алқалар, конференциялар, кеңестер, жұмыс және сараптамалық топтар отырыстарының жұмысына материалдар дайындауға қатысу. Қоғамдық денсаулық және ересек халықты медициналық оңалту мәселелері бойынша сектораралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру. Қоғамдық денсаулық сақтау және ересек халықты медициналық оңалту саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту жөніндегі қызметті ұйымдастыру мониторингі. Ересек халықты медициналық оңалту мәселелері бойынша іс-шараларды іске асыру. Ересек халыққа медициналық оңалту көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық ұйымдардың қызметін үйлестіру. Диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларының, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарының, сондай-ақ Басқарма құзыреті шеңберінде ересек халыққа медициналық оңалту көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру стандарттарының жобаларын келісу. |
";
Қоғамдық денсаулық сақтау және оңалту басқармасының бас сарапшысы, (төрт бірлік), С-4 санаты, 09-03-02, 09-03-03, 09-03-04, 09-03-05 біліктілік талаптарында "Функционалдық міндеттері" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
"
Функционалдық міндеттері | Басқармаға келіп түскен құжаттарды, соның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау, олардың сапалы және уақтылы орындалуына өзінің талдауын жүргізу. Қоғамдық денсаулық сақтау, соның ішінде ересек халықты медициналық оңалтуды ұйымдастыру бойынша Министрліктің және басқа мемлекеттік органдардың басқа нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу. Қоғамдық денсаулық сақтау саласы шеңберінде аурулардың профилактикасы және профилактикалық бағдарламаларды, жол карталарын әзірлеу және мониторинг бойынша қызметке талдау жүргізу. Жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды іске асыру. Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту жөніндегі қызметті ұйымдастыруға мониторинг жүргізу. Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша конференциялар, семинарлар, жұмыс, сараптама топтарының отырыстарын, кеңестерді ұйымдастыру және олардың жұмысына қатысу. Популяциялық деңгейдегі қоғамдық денсаулық сақтау, аурулардың, мінез-құлық қауіп факторларының профилактикасы мәселелерін үйлестіру. Ересек халықты медициналық оңалту, әлеуметтік оңалтуды медициналық оңалтумен біріктіру мәселелеріне жетекшілік ету. Медициналық оңалту жөніндегі клиникалық хаттамаларды әзірлеуге қатысу. Ересек халықты медициналық оңалту көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық ұйымдардың қызметін үйлестіру. Мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ересек халықты оңалту бойынша бірлескен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру. Құзыреті шегінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруға қатысу, оңалту мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл. Семинарларға, алқаларға, конференцияларға материалдар дайындау. Қызметтік құжаттарды, органдар мен ұйымдардың хаттарын қарау. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен ересек халықты медициналық оңалтуды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру. |
".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Персоналды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде:
1) электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы Б.С. Әбділдинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
А. Есмағамбетова |