"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 112 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 112 қаулысымен бекітілді

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 17.11.2023 № 211 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасының Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, қандастармен және шетелдік жұмыс күшімен жұмыс істеу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың мынадай ведомстволық бағынысты мекемелері бар:

      1) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Арман" Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Айыртау әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      5) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      6) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Надежда" Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      7) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      8) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      9) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Преснов әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      10) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Еңбек мобильдігі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде атауы жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқарманың егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Абай көшесі, 64, индексі 150000.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарма қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен басқарманың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Басқарма мақсаттары:

      Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар, қандастармен, босқындармен және шетелдік жұмыс күшімен жұмыс істеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көрсетілген саладағы өңірдің басқа ұйымдарының жұмысын үйлестіру;

      халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету;

      жұмыссыздық деңгейін төмендету;

      Басқарма құзыретіне кіретін Ұлттық жобалар, Өңірлік жұмыспен қамту картасы, сондай-ақ халықтың табысын арттыру және облысты дамыту бағдарламалары аясында тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

      арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдарды әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарту;

      мүгедектігі бар адамдарға атаулы әлеуметтік қолдауды күшейту;

      мүгедектігі бар адамдарға берілетін протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, санаторий-курорттық емдеудің атаулылығын қамтамасыз ету;

      аз қамтылған азаматтарға, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайдағы азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмектің атаулылығы мен тиімділігін күшейту;

      біліктілік пен кәсіби деңгейді тұрақты арттыру;

      кәсіби дайындық деңгейін, құқықтық мәдениетті және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін анықтау;

      сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу;

      ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;

      бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз ету, ішкі бақылау және аудит жүйесін нығайту болып табылады.

      14. Басқарманың өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      белгіленген тәртіппен облыстың атқарушы органдарынан, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан Басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық және өзге де материалдар сұратып, алу;

      аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарынан халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары жөнінде ұсыныстар сұрату және алу;

      Басқарманың қарауына жататын жекелеген мәселелерді қарау және әзірлеу және проблемаларды шешу үшін шарттық негізде сарапшыларды, ғылыми мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандары мен қызметкерлерін тарту;

      Басқарма алқасының отырыстарында меншік нысанына қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер басшыларының Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша есептерін тыңдау;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджеттен тыс шот болады;

      2) міндеттері:

      Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;

      Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау туралы заңнаманы бұзуға жол беретін кәсіпорындар басшыларының, лауазымды тұлғаларының, қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне заңнамада белгіленген тәртіппен ден қою және қажет болған жағдайларда материалдарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларды жауапкершілікке тарту туралы мәселелерді шешу үшін прокуратура органдарына және басқа да мемлекеттік органдарға беру;

      Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау жөніндегі комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу;

      мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы, оның ішінде "Ашық деректер", "Ашық бюджет", "Ашық НҚА", "Ашық диалог" порталдарын толықтыру және сүйемелдеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырсын.

      15. Басқарма функциялары:

      1) халықты жұмыспен қамту саласында:

      саладағы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысын талдау, болжау және уәкілетті мемлекеттік органды хабардар ету;

      өңірлік жұмыспен қамту карталарын іске асыру;

      халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шаралар өткізу;

      жұмыс орындарынан босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингі;

      кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қолдау;

      мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;

      ата-анасынан айырылған немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;

      Ұлттық жобалар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру;

      қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету саласында жұмыс жүргізу;

      Еңбек мобильдігі орталығының қызметін үйлестіру, Орталыққа әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

      қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың жалақысының мөлшерін белгілеу;

      шалғайдағы ауылдық елді мекендер бойынша мобильді оқу орталығының шығу кестесін қалыптастыру және бекіту;

      жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар алуға үміткерлердің өтініштерін қарау бойынша аудандар мен қала деңгейінде комиссиялар құру;

      облыс әкімдігі жанындағы жастарға микрокредит беру үшін бизнес-жобаларды іріктеу бойынша конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

      облыс әкімдігі жанындағы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

      2) әлеуметтік әріптестік саласында:

      әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

      қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асыру;

      жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен (қауымдастықтарымен, одақтарымен) және жұмыскерлердің өңірлік бірлестіктерімен облыстық келісімді әзірлеу және келісу;

      3) әлеуметтік көмек саласында:

      тағайындау және төлеу мониторингін жүзеге асыру;

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету;

      жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй көмегін, әлеуметтік көмек көрсету;

      мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;

      облыс бойынша кедейлік шегін анықтау және бұқаралық ақпарат құралдарында мәліметтерді жариялау;

      4) мүгедектігі бар адамдармен жұмыс саласында:

      мүгедектігі бар адамдарды абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық құралдармен және қызметтермен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру:

      кресло-арбалар;

      протездік-ортопедиялық көмек;

      гигиеналық құралдар;

      сурдотехникалық құралдар;

      тифлотехникалық құралдар;

      санаторий-курорттық емдеу;

      жеке көмекшінің әлеуметтік қызметі;

      ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметі;

      Әлеуметтік қызметтер порталында әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау;

      5) әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру саласында:

      әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

      мүгедектігі бар балаларға, жалғызілікті қарт азаматтарға және мүгедектігі бар адамдарға үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті үйлестіру;

      халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз ету;

      Мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталығына жіберу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      мұқтаж адамдарды әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына жіберу бойынша жұмысты үйлестіру;

      6) қандастармен және қоныс аударушылармен жұмыс саласында:

      Қазақстан Республикасы азаматтарынан қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге қажетті құжаттарды қоса бере отырып өтініштерді қабылдау;

      қандас мәртебесін беру туралы шешім қабылдау, қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу;

      қандас куәліктерін беру;

      уақытша орналастыру орталығының қызметін ұйымдастыру;

      7) шетелдік жұмыс күшімен жұмыс істеу саласында:

      халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;

      өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту;

      8) босқындармен жұмыс істеу саласында:

      пана іздеген адамның куәлігін беру;

      босқын мәртебесін алу үшін қажетті құжаттары қоса берілген пана іздеген адамдардан өтініштер қабылдау;

      босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру;

      босқын куәлігін беру;

      пана іздеген адамдардың және босқындардың тізімдерін қалыптастыру және оларды уәкілетті органдарға, ұлттық қауіпсіздік органдарына және ішкі істер органдарына жіберу;

      9) "Халықты әлеуметтік қорғау" саласы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеп, келісу;

      10) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан – жақты және уақытылы, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау, Басқарманың құзыретіне қатысты мәселелер бойынша азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау;

      11) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың Басқарма қызметінің саласына қатысты нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдем көрсету.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалып, қызметінен босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалып, қызметінен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      Басқарма қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты мекемелердің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      Басқарма қызметкерлері мен ведомствоға қарасты мекеме директорларын марапаттау және оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      Басқарма қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты мекемелердің орындауы үшін міндетті бұйрықтарға қол қояды, сондай-ақ нұсқаулар береді;

      Басқарманы мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда;

      Басқарманың құрылымы мен штаттық кестесін бекітеді.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуына құқығы бар.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелер тізбесі:

      1) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Арман" Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Айыртау әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      5) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      6) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Надежда" Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      7) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      8) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      9) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Преснов әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      10) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Еңбек мобильдігі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады