"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 1 шілдедегі № 155 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      3) Осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов

  Солтүстік Қазақстан
  облысы әкімдігінің
  2022 жылғы "01" шілдедегі
  № 155 қаулысымен бекітілді

"Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы ЕРЕЖЕ

Петропавл қаласы, 2022 жыл

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы) бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару, коммуналдық меншікті басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының ведомстволары жоқ.

      3. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде жазылған атауларымен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 150011, Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесi, 58.

      10. Осы Ереже Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасына кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау үшiн шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасына заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттiк бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) бюджеттік жоспарлау және жергілікті бюджетті атқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) бюджеттік есеп жүргізу және жергілікті бюджетті атқару жөнінде қаржылық және бюджеттік есептілік құру;

      3) облыстық коммуналдық меншікті басқару;

      4) құзыретінің шегінде мүдделі тұлғаларды толық және расталған ақпаратпен қамтамасыз ету.

      14. Өкілеттіктері:

      Құқықтары мен мiндеттерi:

      1) облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына дамудың негізгі бағыттары, бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару, коммуналдық меншікті басқару саласындағы мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізеді;

      2) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен келісім бойынша белгіленген тәртіппен ақпарат сұратады және алады;

      3) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасайды;

      4) Мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы, оның ішінде "Ашық деректер", "Ашық бюджет", "Ашық НҚА" порталдарын толықтыру және сүйемелдеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырсын.

      15. Функциялары:

      1) өз құзыреті шегiнде облыс әкiмінiң және әкiмдiгiнiң нормативтiк құқықтық және құқықтық актiлерi жобаларын әзiрлеу және дайындау;

      2) мемлекеттiк қызмет туралы заңнама ережелеріне сәйкес кадрларды іріктеу және орналастыруды жүзеге асыру.

      3) жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау;

      4) облыстық бюджеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      5) үшжылдық кезеңге облыстық бюджет және аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемін айқындау;

      6) облыстық бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар лимиті мен жоспарлы кезеңге жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау және оларды бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізу;

      7) жоспарлы кезеңге облыстық бюджет жобасын әзірлеу және тиісті қаржы жылына облыстық бюджетті нақтылау және түзету бойынша ұсыныстар енгізу;

      8) облыстық бюджетті бекіту, облыстық бюджет және аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі, облыстық бюджетті нақтылау, түзету туралы және өз құзыретінің шегінде басқа да мәселелер бойынша облыс әкімдігі қаулыларының және облыстық мәслихат сессиясы шешімдерінің жобаларын дайындау;

      9) Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен белгіленген тәртіпте жоспарлы кезеңге облыстық бюджет туралы облыстық мәслихат шешімдерін іске асыру туралы облыс әкімдігі қаулыларының және бюджеттік саясат жөніндегі өзге де қаулылардың жобаларын әзірлеу;

      10) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін бюджеттік және өзге де заңнамаға сәйкес келуі және қаржылық қамтамасыз етілуі нысанасы бойынша қарау және олар бойынша қорытындылар дайындау;

      11) облыстық бюджет және басқарма құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша баяндамалар, түсініктеме жазбахаттар, ақпараттық-талдамалық материалдар және анықтамалар дайындау;

      12) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі салымдарға (депозиттерге) уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру бойынша рәсімдерді жүзеге асыру;

      13) міндеттемелер бойынша қаржыландыру жинақ жоспарларын, облыстық бюджеттің төлемдері бойынша түсімдер мен қаржыландыру жинақ жоспарларын құру, бекіту және жүргізу, оларға өзгерістер енгізу;

      14) мемлекеттік мекемелермен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алынған, олардың иелігінде қалатын ақшаның түсімдері мен шығыстары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған мемлекеттік мекемелер бойынша жинақ жоспарларын келісу;

      15) республикалық және облыстық бюджеттер қаражаты есебінен берілген бюджеттік кредиттерді беру, қызмет көрсету, оларды есептеуді, мониторинг жасауды және қайтаруды қамтамасыз ету;

      16) "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң күтіп-ұстау қызметін қамтамасыз ету;

      17) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттік және шоғырландырылған қаржылық есептілікті құру және ұсыну;

      18) мемлекеттік мекемелердің Қазынашылық органдарында атауын өзгертуге бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінішхаттарын қарау және белгіленген нысанда өтінімдер дайындау;

      19) бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес әкімшілік ететін түсімдер коды бойынша артық (қате) төленген түсімдер сомасын бюджеттен қайтаруды және (немесе) облыстық бюджетке аударуды қамтамасыз ету;

      20) облыстық мәслихаттың шешімімен тиісті қаржы жылына бекітілген сомалар шегінде облыстық бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялар бойынша қаржыландыру жоспарларын жүргізу;

      21) республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған), соның ішінде бюджеттік заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіпте нысаналы тағайындалымы бойынша пайдаланылмаған сомаларын қайтару;

      22) жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлу бойынша өтінішхаттарды қарау және тұжырымдамалар беру;

      23) бюджеттік мониторинг;

      24) "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу және бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      25) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      26) облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру;

      27) даму жоспарларын және олардың облыстық мемлекеттік кәсіпорындармен, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдармен және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктермен орындалуы туралы есептерді қабылдау, таза табыстың бір бөлігі мен дивидендтерді аудару;

      28) облыстық коммуналдық мүлікті республикалық меншікке, облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігіне беру жөніндегі облыс әкімдігінің қаулыларын дайындау және әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      29) мүлікті облыстың коммуналдық меншігінен аудандар мен Петропавл қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы шешім қабылдау;

      30) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімі негізінде мүлікті республикалық меншіктен облыстың коммуналдық меншігіне, сондай-ақ аудандар және Петропавл қаласы әкімдіктерінің коммуналдық меншігінен облыстың коммуналдық меншігіне қабылдау туралы шешім қабылдау және мүлікті жеке меншіктен қабылдау туралы облыс әкімігінің қаулыларын дайындау және әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      31) коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіп берілген негізгі құралдарды есептен шығаруды келісу;

      32) бюджеттік даму бағдарламаларының көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша бағалауды жүргізу;

      33) мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару;

      34) жергілікті бюджеттің атқарылуы жөнінде бюджеттік есеп жүргізу.

3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасына басшылықты Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

      17. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының бiрiншi басшысының өкiлеттiктерi:

      1) басшы орынбасарларының, құрылымдық бөлiмше басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

      2) "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;

      3) "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн көтермелеу мәселелерiн шешедi және тәртiптiк жазалар қолданады;

      4) "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң бұйрықтарына қол қояды, сондай-ақ "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерi орындауға мiндеттi нұсқаулар бередi;

      5) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн ұсынады;

      6) "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнде мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етедi;

      7) "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауапты болады.

      "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның өкiлеттiктерiн оны алмастыратын адам атқарады.

      20. Бiрiншi басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттiк органның мүлкi

      21. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлкi болуы мүмкiн.

      Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      22. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасына бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      23. Егер өзгесi заңнамада белгiленбесе, "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берiлген қаражат есебiнен сатып алған мүлiктi өз еркiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады