"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 186 қаулысы. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 19 тамыздағы № 224 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 19.08.2024 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялаған соң Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкімдігінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) жоғарыда аталған Ережені тіркеуші органда тіркеуді жүргізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е. Тұтқышев

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Есіл ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы "04" тамыздағы
  № 186 қаулысымен
  бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

      Явленка а.

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мәдениет, тіл саясаты және спорт салаларында басқару функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің мынадай ведомстволары бар:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Есіл аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны;

      2) "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы", "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы", "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы", "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық тұрпаттағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен мөртаңбасы, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесін бекіту туралы" ҚР Қаржы министрінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығымен көрсетілген белгіленген үлгіде бланкілері болады.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Бөлім "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Бөлім өз құзыретінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексімен, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен қарастырылған бөлім басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.

      9. Бөлімнің мекенжайы: 150500; Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылы, А.Иманов көшесі,78.

      10. Осы Ереже бөлімнің құрылтайшы құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қаржыландырылуы республикалық және жергілікті бюджеттен, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бюджетіне (шығыстар сметасы) сәйкес іске асырылады.

      12. Бөлім кәсіпкерлік субьектілермен уәкілеттік болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс кіргізетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері

      13. Бөлімнің міндеттері:

      1) мәдениет саласында сапалы және қол жетімді қызмет көрсетуіне бағытталған мемлекеттік саясатын тиімді жүзеге асыруы, мемлекеттік және Қазақстан халқы басқа тілдерінің қарқынды дамуы, Есіл ауданының дене шынықтыру және спортты дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      2) ауданда мұражай ісінің дамуы;

      3) халықтың мәдени демалысына, адамгершілік тәрбиесіне мүмкіндік туғызатын бейнеөнімдерін қолдануды ұйымдастыру;

      4) ауданда бірыңғай мемлекеттік саясатының өткізуін қамтамасыз ету, тілдердің қолдану мен дамыту мемлекеттік бағдарламасын және оның аудандағы мәдени, әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірінің барлық салаларында қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүзеге асыру бойынша облыстық және аудандық жоспарларын, "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Заңының жүзеге асыру бойынша ауылдық әкімдіктердің, аудандық бөлімдердің және ведомстволардың қызметін үйлестіруі;

      5) тұрғындардың денсаулығын нығайту үшін жағдай жасау, бұқаралық және кәсіби спортты насихаттау, балалар, жасөспірімдер және жастарды дене шынықтыру үйірмелеріне қатыстыру.

      14. Құқықтары мен міндеттері:

      1) құқықтары:

      1) мемлекеттік мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан олардың құзырына кіретін сұрақтар бойынша сұрау;

      2) ауданда мұражай ісін және халыққа кітапханалық қызметін көрсетуді қамтамасыз ету;

      3) концерттік қызметін ұйымдастыруға және театр, көркем ұжымдар, жеке орындаушылардың гастрольдерін өткізуге қолғабыс ету;

      4) көркемөнер ұжымдарын сақтау бойынша шараларды қабылдау, халық салт-дәстүрлерін насихаттау және зерттеу;

      5) әкімнің шешім жобаларын және облыс әкімдігінің қаулыларын, облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың аудандық бағдарламаларын және жоспарларын әзірлеуге қатысу;

      6) Бюджеттік кодекске сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қызметтерін орындау – Бөлімнің және ведомствоға қарасты мекемелердің қаржыландыру жоспарларын орындау мониторингін жүзеге асыру; қаржыландыру жоспарларының орындалуын талдау және ведомствоға қарасты ұйымдарға қаржылық мәселелерде тәжірибелік көмек көрсету; Бөлімнің бухгалтерлік есебін және қаржылық-шаруашылық есептілігін жүргізу; тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу;

      7) кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін бағдарламаларын бекіту және үйлестіру, конференцияларды, семинарларды, басқа білім алу түрлерін ұйымдастыру, дене шынықтыру және спорт бойынша мамандармен тәжірибе алмасу;

      8) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 840-бабының 3-тармағына сәйкес Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі бойынша 729-баппен ведомствоға қарасты істердің әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларын жасауға құқы бар;

      9) өзінің құзыреті шегінде белгіленген тәртіппен облыстық, аудандық спорттық және басқа да іс-шаралардың жеңімпаздарына, спорттық ұйымдардың қызметкерлеріне атақ беру, дипломдармен, жүлделермен, грамоталармен, құнды сыйлықтармен марапаттау мәселелерін шешу;

      2) Міндеттері:

      1) мәдениет мекемелерінің рухани құндылықтарын сақтау, дамыту және пайдалану бойынша, олардың мәдени деңгейін арттыру бойынша шараларды қабылдау;

      2) Мәдениет үйлерінің және клубтардың, музейлердің, кітапханалардың, ведомстволығына қарастылығына қарамастан спорттық және мәдени мекемелердің қызметін үйлестіру және бақылау, оларға әдістемелік көмек көрсету;

      3) мәдениет және спорт мекемелерінің желісін сақтау бойынша іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;

      4) фестивальдарды, конкурстарды, байқауларды, көрмелерді және дәстүрлерді өткізуді ұйымдастыру;

      5) музейде тұрған тарихи-мәдени және басқа құндылықтарды сақтауды бақылауды жүзеге асыру;

      6) ведомстваға қарасты мекемелерде жоспар-қаржы жұмыстарын ұйымдастыру, мәдениет мекемелері желісін дамытудың перспективалық және жылдық жоспарларын құру, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет мекемелерінің штаттық кестелерін және сметасын бекіту, оларды қаржыландыруды жүзеге асыру;

      7) ведомствоға қарасты мекемелердің бастапқы есебін ұйымдастыру, құрама бухгалтерлік есептердің есептілігін алу және оларды жоғары тұрған органдарға уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету;

      8) облыстық спорттық жарыстар мен жиындарды өткізу.

      15. Функциялары:

      1) мәдениет және тілдерді дамыту салаларында Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс, аудан әкімінің шешімдерін және тапсырмаларын орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

      2) Бөлімнің құзыретіне кіретін сұрақтары бойынша аудандық бағдарламаларын әзірлеу, аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындау;

      3) Бөлімнің құзыретіне кіретін тиісті бөлімшелермен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;

      4) Бөлімнің құзыретіне кіретін сұрақтары бойынша уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру;

      5) қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық іс-шараларының мәдени қамтамасыз етуін өткізу;

      6) ұлттық-мәдени бірлестіктердің қатынастарын жүзеге асыру;

      7) аудандық басқармалар мен ведомстволардан, жергілікті атқарушы билік органдарынан Қазақстан Республикасының "Тілдер туралы" Заңын орындау сұрақтары бойынша есепті, сондай-ақ бөлімнің құзыретіне кіретін сұрақтары бойынша ақпаратты сұрау және алу;

      8) аудандық мекемелер және ведомстволарда мемлекеттік тілді енгізу бойынша тілдерді дамыту және қолдану бойынша мемлекеттік бағдарламасының, "Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы" Заңының жүзеге асыру жағдайын зерттеу;

      9) мемлекеттік тілді насихаттау және дамытуға бағытталған мәдени-бұқаралық іс-шараларды дайындау және өткізу, тілдер заңнамасының орындалуы сұрақтары бойынша басқа мемлекеттік мекемелерімен өзара әрекеттесу;

      10) жеке тұлғалардың тұрғылықты орындары бойынша және бұқаралық демалыс орындарында спортпен шұғылдану үшін инфрақұрылымды жасау;

      11) спорт түрлері, соның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт түрлері бойынша, сонымен қатар спорт ардагерлерінің арасында облыстық және (немесе) жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесе отырып облыстық спорттық жарыстар өткізеді,

      12) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының дайындалуын, олардың республикалық және облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;

      13) әкімшілік-аумақтық бірліктерге сәйкес аумақта бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз етеді;

      14) Есіл ауданы аумағындағы дене тәрбиесі-спорттық ұйымдардың жұмысын үйлестіреді;

      15) облыстық және жергілікті аккредиттелген спорттық федерациялардың ұсыныстары бойынша спорт-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай аумақтық күнтізбесін бекітеді және оның жүзеге асуын қамтамасыз етеді;

      16) әкімшілік-аумақтық бірліктерге сәйкес аумақта спорттық іс-шаралардың ұйымдастырылуын және өткізілуін үйлестіреді;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген үлгіде және мерзімдерде әкімшілік-аумақтық бірліктерге сәйкес Есіл ауданының аумағында дене шынықтыру мен спорттың дамуы бойынша ақпаратты жинайды, талдайды және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұсынады;

      18) жергілікті спорттық федерациялардың аккредиттелуін жүзеге асырады;

      19) спорттағы алғыр балалар үшін БЖСМ типтік оқу жоспарларын келіседі;

      20) дене тәрбиесі және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп және қоғамдық қауіпсіздіккті қамтамасыз етеді;

      21) дене тәрбиесі-сауықтыру және спорттық нысандарды қолдануды үйлестіреді;

      22) мәдениет мекемелерінің қаржылық жағдайын және материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша іс-шараларын жүзеге асырады;

      23) ведомствоға қарасты мекемелерінің мемлекеттік және қаржылық тәртіптікті сақтауын бақылау;

      24) ведомствоға қарасты мекемелердің кадрларын іріктеу, орналастыру және біліктілігін арттыру.

      25) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 17.01.2024 № 13 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Мемлекеттік органның, коллегиялық органның (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттілігі

      16. Бөлімнің басшылығын бөлімге жүктелген міндеттер мен өзінің өкілеттіктерін орындауға жеке жауапкершілік алған бөлім басшысы жүзеге асырады.

      17. Бөлім басшысы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімімен лауазымға тағайындалып, лауазымнан босатылады.

      18. Бөлім басшысының уәкілеттері:

      1) өз құзыры шегінде бұйрықтар шығарады, олардың орындалуын бақылайды;

      2) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады, заңмен бекітілген тәртіпте марапаттау шараларын және тәртіптік жазаны қолданады;

      3) сенімхатсыз бөлім атынан әрекет жасайды, бөлім үшін мүдделі белгілі әрекеттерді жүргізуге бөлімнің қызметкерлеріне өкілеттік береді. Бөлім өз қызметін жүргізу үшін өзіне тіркелген ғимараттарды, құрылымдарды, транспорт құралдарын пайдаланады;

      4) басшы тікелей бағыныштағы мемлекеттік қызметшілердің жемқорлық құқықбұзушылық жасаудың анықталған фактілеріне жеке жауапкершілікке тартылады;

      5) басшы ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;

4. Коммуналдық мемлекеттік органның мүлігі

      19. Бөлім заңнамада қарастырылған жағдайда жедел басқару құқығымен өзіндік мүлікке ие бола алады

      Бөлімнің мүлігі тыйым салынбаған жағдайдағы мемлекеттік мүлік туралы заңнамаларына сәйкес құрылтайшы берген мүлік есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттардан (қаржылай қаражатты қоса алғанда), сонымен қатар басқа мүліктен тұрады.

      20. Бөлімге тіркелген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Бөлімнің смета ойынша бөлінген қаражат есебінен алған мүлікті және өзіне тіркелген мүлікті өз бетімен шығарып тастауға немесе басқа әдістермен иеленуге құқығы жоқ. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өз міндеттері бойынша өзі пайдаланған ақшаға жауап береді, егер коммуналдық мемлекеттік мекеменің ақшасы жеткіліксіз болса, оның міндеттемелері бойынша жауапкершілікті жергілікті атқарушы орган атқарады. Келісім шарт міндеттемелері бойынша жауапкершілік заңнамаларға сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұстауға бекітілген смета шегінде орындалады;

5. Коммуналдық мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Бөлімді қайта ұйымдастыру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ осы Ережемен жүзеге асырылады.

      23. Бөлімнің мүлкiн таратылғаннан кейiн бөлу тәртiбi Қазақстан Республикасының мүлік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады