Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 23/14 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген мәслихаттың үлгі регламентінің 79-тармағына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже (одан әрі - Ереже) осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 8/1 шешімінің күші жойылсын.

      3. Жоғарыда аталған Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауданы мәслихатының хатшысы Л.Топорова

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Жамбыл ауданы мәслихатының
  2022 жылғы "28"желтоқсандағы
  № 23/14 шешімін бекіту

"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының (бұдан әрі – аудандық мәслихат), оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мәслихат аппараты коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Мәслихат аппараты егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихат төрағасының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да актілермен рәсімделген шешімдер қабылдайды.

      8. "Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік қызыметкерлердің құрылымы және штат санының лимиті "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа заңнама актілеріне сәйкес аудан мәслихатының шешімімен бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 150600, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы, Дружба көшесі, 19.

      10. Мәслихат аппаратының жұмыс тәртібі:

      бес апталық жұмыс күні (дүйсенбі- жұма);

      жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспайды;

      күніне – 8 сағат (сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін;

      үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін;

      демалыс күндері: сенбі,жексенбі.

      11. Осы Ереже Мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Мәслихат аппаратының өкілеттері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      14. Мәслшихат аппаратының Ережесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәкес жүзеге аырылады.

2 - тарау. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері

      15. Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудан мәслихатының қызметін сессияларда, тұрақты комиссиялар және өзге де органдар мен депутаттар арқылы қамтамасыз ету;

      2) өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда депутаттарға көмек көрсету;

      3) аудандық мәслихат сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;

      4) мемлекеттік функцияларды іске асыруды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, аудандық мәслихат қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу;

      5) халықты аудандық мәслихаттың қызметі туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ету;

      6) аудандық мәслихат депутаттарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      7) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      8) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған ұсыныстардың бағыттарын қамтамасыз ету және аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау.

      16. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары: белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілері жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, аудандық мәслихаттың шешімдер жобалары бойынша қажетті келісулерді және сессиялардың күн тәртібі мен тұрақты (уақытша) комиссиялар отырыстарының сұрақтары бойынша өзге де құжаттамаларды сұрау;

      депутаттық сауалдар мен ұсыныстарды уақытында қарау және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге сауалдар, ұсыныстар, шағымдар жолдау;

      аудандық мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының қарауына енгізілетін сұрақтарды дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті шешімдерді әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;

      қабылданған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      аудандық мәслихатқа келіп түскен заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру мерзімі мен нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      өз құзыреті шегінде Жамбыл ауданының мәслихаты Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету;

      ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;

      аудан мәслихатының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға кеңестік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету;

      аудан мәслихатының құзыреті шегінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету.

      17. Функциялары:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының және оның органдарының қызметiн ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, депутаттарға аудан мәслихатының Регламентіне сәйкес олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету;

      2) аудан мәслихаты бекіткен мәслихаттың Жұмыс жоспарының негізінде, сондай-ақ мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттар топтары мен депутаттар, аудан әкімі енгізетін мәселелер бойынша аудан мәслихаты сессияларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;

      3) тұрақты комиссиялардың отырыстарын, көпшілік тыңдауларын және жұмыс сапарларын дайындауды жүзеге асыру, тұрақты комиссиялардың мүшелеріне қаралатын сұрақтардың мәні бойынша материалдарды талдау, қорыту және уақытында ұсыну;

      4) аудан мәслихаты шешімдерінің, мәслихаттың тұрақты комиссиялары қаулыларының және аудан мәслихаты төрағасының өкімдерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;

      5) аудан мәслихатының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және заңды сараптама жүргізуді қамтамасыз етуге қатысу, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған жағдайларда әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жіберу;

      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен аудан мәслихаты қабылдаған нормативтік құқықтық актілердегі қайталауларды, олқылықтарды, ескірген және сыбайлас жемқорлық құқық нормаларын талдау, іске асыру тиімділігі және анықтау мақсатында құқықтық мониторингті жүзеге асыру;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда және тәртіппен аудан мәслихатының шешімдерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз ету;

      8) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинау, талдау, аудан мәслихаты депутаттарының алдында өз қызметі туралы есеп беретін мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы анықтамалар дайындау;

      9) аудан мәслихатының сессиялары мен тұрақты комиссияларының отырыстарында айтылған ескертулер мен ұсыныстардың, сессиялар шешімдерінің, тұрақты комиссиялар қаулыларының орындалуын талдау және бақылау, олардың іске асырылу барысы туралы аудан мәслихатының сессияларында және тұрақты комиссиялардың отырыстарында қарау үшін олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат дайындау;

      10) аудан мәслихатының және оның органдарының басқа да отырыстарының хаттамалары мен материалдарын қалыптастыру;

      11) аудан мәслихаты депутаттары жұмысының ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарында, аудан мәслихатының ресми веб-сайтында аудан мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметі туралы ақпарат орналастыру;

      12) мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдесу, кеңестік және әдістемелік көмек көрсету, депутат сауалдарын, ұсыныстары мен ескертулерін уақытында қарастыру және іске асыруға бақылауды жүзеге асыру;

      13) аудан мәслихатының қызметін қамтамасыз ету шығындарын анықтау, депутаттардың біліктілігін арттырудан өтуі, іссапарлық шығындарды өтеу, депутаттарды қажетті кеңсе құралдарымен және депутаттық қызметті атқару үшін қажетті өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;

      14) кадр жұмыстарын "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына, оны жүзеге асыруға қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына және Үкімет қаулыларына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүргізу;

      15) іс жүргізу, сондай-ақ арнайы байланысты ұйымдастыру және жүргізу, архивке тапсыру үшін, соның ішінде Мәслихат аппаратының ақпараттық жүйелері арқылы құжаттарды уақытында тіркеу, сақтау және әзірлеу;

      16) Мәслихат аппаратына және аудан мәслихатына келіп түсетін азаматтар мен заңды тұлғалардың жазбаша, электрондық өтініштерін аудандық мәслихат төрағасының жеке қабылдауынан қарау, оларды бақылау және талдау;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      18. Мәслихат аппаратын басқаруды бірінші басшы болып келетін аудан мәслихатының төрағасы жүзеге асырады және Мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты.

      19. Аудан мәслихатының төрағасы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен сайланады және қызметінен босатылады. Мәслихат төрағасы мәслихаттың өкілеттік мерзіміне дейін сайланады.

      20. Аудан мәслихаты төрағасының орынбасарлары жоқ.

      21. Аудан мәслихаты төрағасының өкілеттіктері:

      1) аудан мәслихатының сессиясын және оның қарауына енгізілетін сұрақтарды әзірлеуді ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді, шешімдерге қол қояды;

      2) аудандық мәслихаттың сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;

      3) аудан мәслихаты сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      4) аудандық мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;

      5) депутаттық сауалдар мен өтініштердің қаралуын бақылайды;

      6) Мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      7) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы аудан мәслихатына жүйелі түрде ақпарат беріп отырады;

      8) аудан мәслихатының өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

      9) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 1 тармағына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашылық еткен аудан мәслихаты депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

      10) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;

      11) аудан мәслихатының тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтарының қызметін үйлестіреді;

      12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда аудан мәслихатының атынан өкіл болады;

      13) аудан мәслихаты шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі шараларды белгілейді;

      14) қолданыстағы заңнамаға сәйкес және өз құзыреті шегінде Мәслихат аппаратының қызметкерлерін көтермелейді, тәртіптік жаза қолданады не болмаса алып тастайды;

      15) Мәслихат аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.

      Аудандық мәслихат хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе депутаты уақытша жүзеге асырады.

      22. Аудан мәслихатының төрағасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес Мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктерін белгілейді.

      23. Мәслихат аппаратының алқалы органдары жоқ.

4-тарау. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      24. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.

      25. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      26. Мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгесі қарастырылмаса, өздігінен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Мәслихат аппаратының, оның қарауындағы ұйымдары жоқ. Мәслихат аппаратының, оның қарауындағы аумақтық органдары жоқ.

      Мәслихат аппаратының, оның қарауындағы мемлекеттік мекемелері жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады