"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2013 жылғы 28 қарашадағы № 22/11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2022 жылғы 2 наурыздағы № 18/11 шешімі. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 10/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 19.09.2023 № 10/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2013 жылғы 28 қарашадағы № 22/11 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2475 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастықтың жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";

      жоғарғыда көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы
мәслихатының хатшысы
Р. Нұрмұқанова

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы мәслихатының
  2022 жылғы 2 наурыздағы
  № 18/11 шешіміне
  1-қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы мәслихатының
  2013 жылғы 28 қарашадағы
  № 22/11 шешімімен
  бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округі тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің ауылдары тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдарға) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің ауылдары шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінің тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінің осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы мәслихатының
  2022 жылғы 2 наурыздағы
  № 18/11 шешіміне
  2-қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы мәслихатының
  2013 жылғы 28 қарашадағы
  № 22/11 шешіміне
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінің Новомихайловка ауылының тұрғындарына

3

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінің Минкесер ауылының тұрғындарына

3

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінің Токаревка ауылының тұрғындарына

3

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінің Бексеит ауылының тұрғындарына

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады