"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің туралы Ережесі бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне:
осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілсін;
ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырсын;
жоғарыда көрсетілген Ережені тіркеуші органда тіркеуді жүргізсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тимирязев ауданының әкімі | Е. Жаров |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Тимирязев ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы "07" қыркүйек | |
№ 230 қаулысымен | |
бекітілген |
"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Бөлім) Тимирязев ауданының аумағында сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Жергілікті атқарушы органдар туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, сәулет, құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлімнің, егер оған "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, бюджет және қаржы заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 151100, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі, 1.
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер бөлімге мемлекеттік басқару саласындағы заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының бюджет саласындағы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) экология және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес құрылыс салуды, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды кешенді қалыптастыру және елді мекендерді абаттандыру міндеттерін шешуге бағытталған өкілеттіктерді жүзеге асыру;
3) жеке және заңды тұлғаларға сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
4) тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылау болып табылады;
5) елді мекендердің шекаралары шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалану талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады.
14. Өкілеттіктер:
1) құқықтар:
бөлім қызметі бойынша ақпаратты, құжаттарды, материалдарды сұрату және алу;
мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алу және жүзеге асыру.
2) міндеттері:
жеке және заңды тұлғаларға сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету, актілер мен тапсырмаларды орындау;
бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;
экология және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес құрылыс салуды, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды кешенді қалыптастыру және елді мекендерді абаттандыру міндеттерін шешуге бағытталған өкілеттіктерді жүзеге асыру;
аудандық коммуналдық тұрғын үй қорын басқару;
аудан әкімдігіне сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы стратегияның мақсаттары, басымдықтары бойынша ұсыныстарды қарауға енгізу;
құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігінің, аудандық мәслихаттың, аудандық консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысу;
Тимирязев ауданы аумағындағы құрылыс және қайта жаңарту объектілеріне белгіленген тәртіппен бару;
өз құзыреті шегінде жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру, құрылыс салу және абаттандыру мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша мемлекеттік қабылдау және қабылдау комиссияларын құру туралы аудан әкімі шешімдерінің жобаларын дайындайды.
15. Бөлімнің Функциялары:
1) сәулет және құрылыс саласында:
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген Тимирязев ауданы аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (елді мекендерді егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын, елді мекендерді салу схемаларын, елді мекендердің бас жоспарларын)заңнамалық тәртіппен іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау, аудандық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
Тимирязев ауданының аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
заңнамада белгіленген тәртіппен салынып жатқан және салынуы белгіленген объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;
ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын қайта жоспарлау туралы шешім қабылдау;
елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін сұрау кезінде жер учаскесін таңдау актісін оның ахуалдық схемасымен бірге дайындау және оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберу;
"Электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы хабарлама жіберу жолымен өтініш берушімен түпкілікті таңдау актісін келісу;
елді мекендердің бас жоспарларының бекітілген схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, инженерлік коммуникациялар схемалары жөніндегі ақпаратты интернет-ресурста және халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде, деректерді жаңартып отыру кезеңділігімен тоқсан сайын орналастыру;
құрылыс үшін сұралып отырған жер учаскесі бос болмаған жағдайда, жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы дәлелді қорытындыны ресімдеу;
бөліп берілетін алаңдарды дайындау туралы және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға арналған кезектілік тізімдері туралы ақпаратты арнайы ақпараттық стендтерде және (немесе) тоқсанына кемінде бір рет аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы орналастыру;
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген құзыреті шегінде және тәртіппен сәулет және құрылыс саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін сәулет және құрылыс саласындағы өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында:
коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру және оны бөлу;
тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;
коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жалға алу шарттарын жалдаушылармен жасасу;
кондоминиумды бастапқы тіркеу кезінде кондоминиум объектісіне техникалық паспорттар дайындау жөніндегі шығыстарды өтеуді бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз ету;
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шарттармен және тәртіппен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігіне беруді жүзеге асыру;
ауданның елді мекендерін абаттандыру, санитарлық тазалау, коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
ауданның су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желілерін және басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерін салуды және пайдалануды ұйымдастыру;
күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындық бойынша ұйымдардың жұмысын үйлестіру, отын дайындау барысына мониторинг жүргізу;
аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін, елді мекендердің көшелерін басқару;
аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, пайдалану, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық және ауданішілік тасымалдауды ұйымдастыру, олардың маршруттарын бекіту, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткізу, маршруттар бойынша қозғалыс кестесін бекіту;
жолаушылар мен багажды автомобильмен ауылдық және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу;
шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін әзірлеу және бекіту;
ауылдық және ауданішілік қатынастарда әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;
тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
өз құзыреті шегінде және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету.
3) тұрғын үй инспекциясы саласында:
Тұрғын үй инспекциясының негізгі функциясы тұрғын үй қорын басқару салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендердің шекаралары шегіндегі мемлекеттік бақылау, сондай-ақ қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалану талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендер шекаралары шегіндегі қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалау болып табылады.
Тұрғын үй инспекциясының негізгі өкілеттіктері:
көп пәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкіне мемлекеттік техникалық тексеруді ұйымдастыру;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңдері мен кезектілігін айқындау;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына сәйкес бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығару;
пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің бар-жоғына тексеру жүргізу.
Тұрғын үй инспекциясы өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау рәсімін сақтауы, ағымдағы және жинақ шоттарын ашуы;
көп пәтерлі тұрғын үйге іргелес аумақтағы және объектідегі тұрғын емес үй-жайларды, пәтерлердің меншік иесінің ортақ мүлікті пайдалану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;
көп пәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуы;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттарға сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстардың уақтылы орындалуына бақылау жасайды;
маусымдық пайдалануда көппәтерлі тұрғын үйді дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
орындауға қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларды;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын айқындауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізу;
елді мекен шекаралары шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларды газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады.
әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке жеткізуді және есептен шығаруды жүзеге асыру.
Тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендердің шекаралары шегінде мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендер шекаралары шегінде қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын Интернетке орналастыру арқылы өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді жергілікті атқарушы органның:
мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қадағалау объектілері мен субъектілері туралы ақпарат;
тексеру кестелері мен олардың нәтижелері;
анықталған кемшіліктерді, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау туралы жасалған актілер мен шығарылған нұсқамаларды растайтын құжаттар қоса беріледі.
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысады, сондай-ақ бақылаудағы объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын азаматтарға, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға консультация береді. өтініштер бойынша заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес келіп түскен "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынады.
Кәсіпкерлік субъектілерін тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, ал пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды тексеру "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тұрғын үй инспекциясының ережеде бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ мәмілелер жасауына жол берілмейді.
4) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру саласында:
жылдық көлемі құндық мәнінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен асатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) әзірлеу және бекіту;
мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу және орындау;
мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
конкурс бойынша шарттарға қол қою мерзімдерін үйлестіру;
мемлекеттік сатып алу сайтына мониторинг жүргізу;
өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арыз дайындау;
конкурстар мен баға ұсыныстарының нәтижелерін бақылау.
3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі.
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Бөлім басшысының лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өзінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін бөлім басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Бөлім басшысы қарамағындағы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін, сондай-ақ қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының алдын алу бойынша жауапкершілік атқарады.
17. Бөлім басшысын "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Бөлім басшысының орынбасарлары жоқ.
19. Бөлім басшысының өкілеттігі:
Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
Бөлімнің штаттық кестесін аудан әкіміне бекітуге ұсынады;
құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын және басқа да құжаттарды әкімдіктің және аудан әкімінің қарауына ұсынады;
қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін анықтайды;
қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану және көтермелеу мәселелерін шешеді;
қызметкерлердің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады, сондай-ақ нұсқаулар береді;
мемлекеттік органдарда, ұйымдарда Бөлімнің атынан өкілдік етеді;
Бөлімде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
Бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына дербес жауапты болады.
Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес оны алмастыратын адам орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Бөлімнің Мемлекеттік мүлік туралы заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Бөлімге бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.
22. Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.