Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 3 мамырдағы № 85 "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 134 қаулысы. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 115 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 29.06.2023 № 115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 3 мамырдағы № 85 "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Н.Б.Таушовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Шәпкенов

  Атырау облысы әкімдігінің
2022 жылғы 26 мамырдағы
№ 134 қаулысына қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің
2017 жылғы 3 мамырдағы
№ 85 қаулысымен бекітілген

"Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Атырау облысы бойынша дене шынықтыру мен спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Басқарманың орналасқан жері: 060002, Атырау облысы, Атырау қаласы, Абай көшесі, 10 "а".

      9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Басқарманың қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді Басқарманың орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Міндеттері:

      Атырау облысы аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау;

      Әртүрлі спорт түрлерін дамыту;

      Атырау облысы аумағында дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;

      азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

      белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

      отандық және әлемдік спорт жетістіктеріне баулу;

      кәсіби біліктілікті қамтамасыз ету.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті құқықтық актілерді қабылдау;

      тиісті ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан және басқалардан ақпаратты, құжаттарды сұрату және алу;

      қолданыстағы заңнамалық актілерде және осы Ереженің функциясында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

      Басқармаға жүктелген функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;

      Басқармаға келіп түскен шағымдар мен өтініштерді қарау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      14. Функциялары:

      1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым құру туралы ұсыныстар енгізеді;

      2) аккредиттелген республикалық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлері бойынша, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында облыстық спорт жарыстарын өткізеді;

      3) спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарында өнер көрсетулерін қамтамасыз етеді;

      4) облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;

      5) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

      6) халыққа арналған спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды;

      7) спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;

      8) мынадай біліктілік санаттарын береді: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі;

      9) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін бекітеді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      10) облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға береді;

      11) облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;

      12) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу жөнінде жұмыс жүргізеді;

      13) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

      14) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар үшін спорт түрлері бойынша үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырады;

      15) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың үлгілік оқу жоспарларын келіседі;

      16) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      17) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы ұсыныс енгізеді;

      18) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы ұсыныс енгізеді;

      19) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;

      20) спорт мектептеріне, спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе береді;

      21) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорт ғимараттарын жобалауға арналған техникалық ерекшелікті және техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;

      22) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін әзірлейді және бекітеді;

      23) спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлейді және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның келісуімен бекітеді;

      24) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты әзірлейді;

      25) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;

      26) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      27) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      16. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      17. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) Басқарманың қызметіне басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      2) мемлекеттік органдарда, соттарда және басқа да ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;

      3) өз орынбасарларының және Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

      7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған қажетті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады;

      8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      9) заңнамаға сәйкес заңнамамен Басқарма мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларын тағайындайды, сондай-ақ босатады.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады

4. Басқарманың мүлкі

      18. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      19. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады