Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 мамырдағы № 125 "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ.Ә.Бекеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С. Шәпкенов |
Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 148 қаулысына қосымша |
|
Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 мамырдағы № 125 қаулысымен бекітілген |
"Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) денсаулық сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі: 060010, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77.
9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
10. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
12. Мақсаты болып Атырау облысының аумағында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты орындау табылады
13. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде орындалуға міндетті құқықтық актілер қабылдауға;
тиісті ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан және басқалардан ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
қолданыстағы заңнамалық актілерде және осы Ереженің функцияларында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтау;
Басқармаға жүктелген функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
Басқармаға келіп түскен шағымдар мен өтініштерді қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
14. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;
2) адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
4) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;
5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады;
6) медициналық бұйымдарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуге көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастырады;
7) өңірді денсаулық сақтау саласындағы кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік медициналық ұйымдарды күтіп-ұстауды және пайдалануды қамтамасыз етеді;
9) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін денсаулық сақтау саласындағы коммуналдық заңды тұлғалардағы клиникалық базаларды береді;
10) төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
11) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi;
12) гигиеналық оқытуды, саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастырады;
13) халыққа әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы ақпарат береді;
14) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
15) статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асырады;
16) әскери қызметтің мүддесінде Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық куәландырудан өткізу үшін құрылатын медициналық комиссиялардың дербес құрамын әзірлеп, бекітеді және олардың қызметін ұйымдастырады;
17) уәкілетті органға денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау бойынша, сондай-ақ денсаулық сақтаудың негізгі сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша тоқсан сайынғы есепті ұсынады;
18) уәкілетті органға тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау жүйесінің қызметін жақсарту жөнінде, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, ана мен баланы қорғау және әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша бағдарламаны іске асыру жөнінде ұсыныс енгізеді;
19) уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
20) халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастырады және жүргізеді;
21) уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарындағы адамдарды күтіп-бағуға бақылауды жүзеге асырады;
22) коммуналдық заңды тұлғалар болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін қамтамасыз етеді;
23) саламатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастырады;
24) денсаулық сақтау ресурстарын тиімді жоспарлау мен пайдалануды қамтамасыз етеді;
25) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдайды;
26) халықтың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
27) қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
28) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге шығатын Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына жергілікті өкілді орган айқындайтын тізбе бойынша ел ішінде жол жүру ақысын төлейді;
29) жас мамандарды әлеуметтік қолдау және ұстап қалу шараларын қоса алғанда, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
30) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халыққа медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және емделуін ұйымдастырады;
31) туберкулезбен ауыратын Қазақстан Республикасының азаматтарын мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімінің орындалуына жәрдемдеседі;
32) фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда, аудан орталығынан шалғайдағы елді мекендерде амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы көмек, мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды оқытуды жүргізеді;
33) ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
34) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамытуды және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын орындауды жүзеге асырады;
35) тиісті саладағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, Заңда көзделген жағдайларда келіседі және бекітеді;
36) тиісті саладағы коммуналдық заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылаудыжүзеге асырады;
37) тиісті саладағы мемлекеттік мекемелерді жергілікті бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
38) тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;
39) өзіне бағынысты ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңымен және өзге де нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген тиісті саладағы уәкілетті органның функцияларын атқарады;
40) тиісті саладағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін белгілейді;
41) Қазақстан Республикасының заңнамасында облыстардың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
3. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
15. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
16. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
17. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың жұмысына басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
2) мемлекеттік органдар, сот пен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
3) өзінің орынбасарлары мен Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы Ережені бекітеді;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;
7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
9) заңнамаға сәйкес Басқарма мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
19. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Басқарманың мүлкі
20. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
2) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "№2 Атырау облыстық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
3) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
4) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық онкология диспансері" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
5) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық офтальмология ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
6) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық кардиологиялық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
7) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық перинаталдық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
8) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансері" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
9) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
10) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау қалалық перзентханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
11) Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "№1 Атырау қалалық емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
12) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "№2 Атырау қалалық емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
13) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "№3 Атырау қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
14) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "№4 Атырау қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
15) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "№5 Атырау қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
16) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "№7 Атырау қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
17) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Геолог емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
18) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Махамбет аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
19) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Жылыой аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
20) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Индер аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
21) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Исатай аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
22) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
23) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Мақат аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
24) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
25) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау жоғары медициналық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
26) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына (ЖИТС) қарсы күрес және алдын алу жөніндегі облыстық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
27) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық қан орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
28) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық патолого-анатомиялық бюросы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
29) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
30) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
31) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
32) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық балалар стоматологиялық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
33) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Дамбы дәрігерлік амбулаториясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
34) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Еркінқала дәрігерлік амбулаториясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
35) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Мамандандырылған балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
36) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Арнаулы медициналық жабдықтау базасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.