Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 мамырдағы № 106 "Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. "Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С. Шәпкенов |
Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 251 қаулысына қосымша |
|
Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "16" мамырдағы № 106 қаулысымен бекітілген |
"Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Атырау облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Басқарманың орналасқан жері: 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй.
9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
10. Басқарманың қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді Басқарманың орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
12. Міндеттері:
қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік экологиялық саясатты іске асырады;
табиғатты пайдалануды реттеу және жер қойнауын пайдалану салаларында мемлекеттiк саясатты жүргізу;
ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттеу;
су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
13. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде орындалуға міндетті құқықтық актілер қабылдауға;
тиісті ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан және басқалардан, заңды тұлғалардан ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
қолданыстағы заңнамалық актілерде және осы Ережеде көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтау;
Басқармаға жүктелген функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
Басқармаға келіп түскен шағымдар мен өтініштерді қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
14. Функциялары:
1) мемлекеттік экологиялық сараптама шеңберінде қоғамдық тыңдаулар өткізу;
2) өз құзыреті шегінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу;
3) II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру;
4) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру;
5) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының негізінде және соған сәйкес жүргізу;
6) мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес жөнінде жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бекіту және іске асыру;
7) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындау туралы мәселелердiң тұрақты берiлуiн ұйымдастыру;
8) орман қоры аумағында орман зиянкестерімен және ауруларымен күрес және оның санитарлық жай-күйін жақсарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
9) сирек кездесетін және жойылу қаупі бар жануарлар түрлерін қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдалануға (аң аулауға) рұқсаттар беру;
10) уәкілетті органның және облыстың жергілікті өкілді органының қатысуымен облыстың жергілікті атқарушы органының функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендерлерді ұйымдастыру және өткізу;
11) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген, өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру;
12) су ресурстарын пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су шаруашылығы инспекцияларының, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісімі бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және санитарлық қорғау аймақтарын белгілеуді ұйымдастыру;
13) бассейндік кеңестер жұмысы мен бассейндік келісімге қатысу;
14) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу және кен іздеушілік үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
15) жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған, кен іздеушілікке арналған лицензиялар/келісімшарттар шарттарын сақтауына бақылау жасау және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге және кен іздеушілікке бақылау жасау;
16) жер қойнауын пайдаланушылардың кен іздеушілікке арналған лицензияда және Жер қойнауын және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексте көзделген кен іздеушілік шарттарын сақтауына бақылау жасау;
17) елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына арналған жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу;
18) мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды салу (реконструкциялау) мен жөндеу үшін, сондай-ақ гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау мен жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге рұқсат беру;
19) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
15. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
16. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
17. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
18. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың жұмысына басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
2) мемлекеттік органдар, сот пен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
3) өзінің орынбасарлары мен Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;
7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
9) Заңнамаға сәйкес Басқарма мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
19. Басшы өз орынбасарларының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Басқарманың мүлкі
20. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелер тізбесі
1. "Атырау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме" мемлекеттік мекемесі;
2. "Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме" мемлекеттік мекемесі;
3. "Индер орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме" мемлекеттік мекемесі;
4. "Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме" мемлекеттік мекемесі.