Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 266 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері күнтізбелік тоқсан күн мерзіміне бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Шәпкенов

  Атырау облысы әкімдігінің
2022 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 266 қаулысымен бекітілген

Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері

Тауардың атауы

Өлшем бірлігі

Шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшері

1

Картоп

1 (бір) килограмм

240 теңге

2

Асханалық сәбіз

1 (бір) килограмм

222 теңге

3

Басты пияз

1 (бір) килограмм

154 теңге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады