"Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 1009 қаулысы. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 753 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 27.04.2023 № 753 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Атырау қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Атырау қаласы әкімдігінің 2019 жылдың 4 маусымындағы № 1091 "Атырау қалалық сәулет және қала құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін жаңа мазмұнда редакциялау туралы" қаулысы;

      2) Атырау қаласы әкімдігінің 2019 жылдың 18 шілдедегі № 1508 "Атырау қалалық сәулет және қала құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін жаңа мазмұнда редакциялау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы.

      3. "Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі М. Қалауи

  Атырау қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 5 мамырдағы
№ 1009 қаулысына қосымша
  Атырау қалалық әкімдігінің
2022 жылғы 5 мамырдағы
№ 1009 қаулысымен бекітілген

"Қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Бөлім) сәулет және қала құрылысы саласындағы (салаларындағы) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімде мынадай ведомстволары бар:

      Коммуналды мемлекеттік мекеме "Бас жоспар орталығы".

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Сәулет бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Атырау қаласы, Қаныш Сәтпаев көшесі, № 5 үй. Пошталық индексі – 006009.

      10. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен бөлім өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Бөлім заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      Атырау қаласының бас жоспарын жасақтау және іске асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, қаланың бас жоспары мен жоспарлау жобасына сәйкес елді мекендерде құрылыс салу және аумақты қала құрылысымен игеру бойынша қызметтерді құру және үйлестіру болып табылады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді орындау.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

      өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының конституциясы мен заңнамаларын сақтау;

      Бөлімге жүктелген функцияларды жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

      қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа міндеттерді орындауға.

      15. Функциялар:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру;

      2) объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру;

      3) Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну болып табылады;

      4)эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу;

      5) үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру;

      6) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру;

      7) сыртқы жарнаманы орналастыру бойынша жұмыстарды жалпы үйлестіруді жүзеге асыру;

      8) қала аумағындағы жаңадан салынып жатқан және реконструкцияланып жатқан қоғамдық ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс учаскелерінің көркем жабдықтарының, әрлеудің, жарнамасының бас жоспарын және жобаларын қарау және келісу;

      9) Атырау қаласы аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;

      10) сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді ескере отырып, халықтың мекендеуі мен тыныс-тіршілігінің толымды қолайлы ортасын қалыптастыру және дамыту;

      11) экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес құрылыс салуды, көліктік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды кешенді қалыптастыру, қаланы абаттандыру мен көгалдандыру;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде қала аумағын және қала маңы аймағын қала құрылысын игеру кезінде сәулет-қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама нормаларының, мемлекеттік нормативтердің және белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс өзге де жобалау құжаттамасының сақталуына мемлекеттік байқауды жүзеге асыру;

      13) бекітілген жобалау құжаттамасына сәйкес құрылыс жобаларының іске асырылуына, қала құрылысы тәртібінің сақталуына мониторингті жүзеге асыру;

      14) қала әкіміне жобалау-жоспарлау құжаттамасы негізінде қала жерлерін нысаналы пайдалану шарттары бойынша, сондай-ақ объектілер мен кешендерді орналастыру, қала құрылысы мақсаттары үшін жер учаскелерін беру және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау;

      15) уақытша ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру, аумақты абаттандыру мен қалалық ортаны сәулет-көркемдік рәсімдеу және дизайн жөніндегі ұсыныстарды қарау және келісуден өткізу;

      16) сәулет-қала құрылысы саласында мемлекеттік тапсырысты әзірлеу жөнінде ұсыныстарды қалыптастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;

      17) аумақтың қала құрылысын игеру және құрылыс кезінде мекендеу мен тыныс-тіршіліктің қолайлы және экологиялық қауіпсіз ортасына азаматтар мен қоғамның мүдделерін қамтамасыз ету;

      18) сәулеттік және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау;

      сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік тапсырысты әзірлеу бойынша ұсыныстарды қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

      19) қала аумағындағы тұрғын үй алаптары мен ауылдық округтердің егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      20) аумақтардың қала құрылысын игеру кезінде нормативтік актілердің және бекітілген қала құрылысы құжаттамаларының сақталуын қамтамасыз ету;

      21) жобалау құжаттамасы шегінде;

      21-1) қала бас жоспарының бекітілген ережелерінің, қала құрылысын жоспарлау туралы өзге де құжаттамалардың;

      21-2) қала құрылысы нормалары мен талаптарын;

      21-3) қала құрылысы қызметін реттейтін регламент талаптарының;

      21-4) жобалық құжаттамаларды дайындау, құрылысты жүргізу, реконструкциялау, қала құрылысы объектілерін қалпына келтіру мен күрделі жөндеу, аумақты абаттандыру мен көгалдандыру, қала ортасының дизайнін әзірлеу кезінде бастапқы рұқсат беру құжаттамалары талаптарының сақталуына мониторингті жүзеге асырады;

      22) Мүгедектер үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету міндетін ескере отырып, жеке тұрғын үй құрылысы объектілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін қоғамдық объектілерді (кешендерді) пайдалануға қабылдау актілерін есепке алуды жүргізу;

      23) мүгедектер үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуді міндетті түрде ескере отырып, жеке тұрғын үй құрылысы объектілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін қоғамдық объектілерді (кешендерді) пайдалануға қабылдау актілерінің есебін жүргізу;

      24) мекеменің қарамағындағы ведомстволық бағынысты кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;

      25) қала аумағындағы жаңадан салынатын және қайта құрылатын қоғамдық ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс учаскелерінің бас жоспарын және көркем жабдықтау, әрлендіру, жарнамалар жобаларын қарау және келісім беру;

      26) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;

      27) сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша Атырау қаласы әкімдігі мен әкімінің актілері жобаларын дайындау;

      28) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесін жүргізуді және толықтыруды қамтамасыз ету;

      29) автокөлік жолдары өту жерлері каналдарына, байланыс және электр жүйелеріне, мұнай және газ желілеріне, темір жолдардың және басқа да инженерлік желілер мен коммуникацияларға келісім беру;

      30) бас жоспарға сәйкес құрылыс объектілерінің орналасу схемасын беру;

      31) қаланың жобаланып жатқан инженерлік желілері мен құрылыстары туралы деректерді базаға енгізуді жүзеге асыру;

      32) сәулет жоспарлау тапсырмасын беру;

      33) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бұйрық беру;

      34) әлеуметтік-мәдени және тұрғындарға мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету үшін, ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу маңызы бар нысандарға жер учаскесін бөлуге объект салу үшін алдын ала таңдау актісін дайындау;

      35) бекітілген Бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына және аумақтарда құрылыс салу жоспарына сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша қорытынды дайындау;

      36) азаматтардың шағым-арыздарының уақытылы қаралуын және Мекеме құзіретіне жататын сұрақтарды шешуді жүзеге асыру;

      37) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320 бабына сәйкес құрылыс мекемелерін әкімшілік жауапқа тарту;

      38) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

      19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Бөлім жұмысын ұйымдастыру;

      2) Бөлім қызметін жақсартуда ұсыныстар енгізу;

      3) Қала әкімі аппаратының бөлімдерінен, дербес бөлімдерінен, ауылдық огруг әкімдері аппаратынан ақпараттар, анықтамалар және басқа да қажетті материалдар сұрату;

      4) Қала әкімдігінің отырысына және басқа да мәжілістерге қатысу;

      5) Бөлім қызметкерлерін, бөлімге бағынысты мемлекеттік мекемелердің басшыларын Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жұмысқа қабылдау және босату, марапаттау немесе жазалау шараларын қолдану;

      6) Қызметкерлерге тапсырмаларды бөлу және оның орындалуын қадағалау;

      7) Бөлімнен шығатын бұйрықтарға, басқа да шығыс құжаттарына қол қою;

      8) Басқа да өзінің құзыреті шегіндегі мәселелерді өздігінен шешуге құқы бар.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Бөлім мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебіненсатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер тізбесі:

      "Бас жоспар Орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады