Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1-тармақшасына және 69-бабының 4-тармағы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Транстелеком" акционерлік қоғамына (991140001226) талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін жер пайдаланушылардан және меншік иелерінен жер учаскелерін алып қоймастан, Әбілхайыр Хан даңғылынан Кенжебай Мәденов көшесіне дейінгі мекенжайында орналасқан ұзындығы 8,58 километр, көлемі 3,432 гектар жер учаскесіне 10 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Умаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | М. Калауи |