Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 5-1 тармағына және 69-бабының 4-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "ARPANET" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (180540030242) диаметрі 40 мм полиэтилен құбырымен қапталған 96 талшықты-оптикалық кабель жүргізу үшін жер пайдаланушылардан және меншік иелерінен жер учаскелерін алып қоймастан, Жайық өзенінің оң жақ жағалауындағы Әлиев көпірінен Надежда Крупская көшесіне (АГУ аумағы) дейінгі аралықта орналасқан ұзындығы 1860-2000 метр жер учаскесіне 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е. Умаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | М. Қалауи |