Жылыой аудандық әкімиятының 2005 жылғы 6 қаңтардағы № 6 "Жылыой ауданында "Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 127 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Жылыой ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жылыой аудандық әкімиятының 2005 жылғы 6 қаңтардағы № 6 "Жылыой ауданында "Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысына төмендегідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасыосы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалып, бекітілсін.

      2. "Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Х. Жамалов

  Жылыой ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "12" мамырдағы
№ 127 қаулысына қосымша
  Жылыой ауданы әкімдігінің 2005 жылғы "6" қаңтардағы
№ 6 қаулысымен бекітілген

"Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) ішкі саясат саласындағы (сала арасындағы) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекемеге қарасты мынадай ведомствосы бар:

      "Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жылыой аудандық жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазакстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы белгіленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құкықтық қатынастарды өзатынан жасайды.

      6. Мемлекеттік мекемеге уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-кұқықтык қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойыншазаңнамада белгіленген тәртіппен"Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесібасшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер кабылдайды.

      8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Жылыой ауданы, 060100, Құлсары қаласы, Абдрахманов көшесі, 1.

      10. Осы Ереже Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мемлекеттік мекеме қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Мемлекеттік мекеме кәсіпкерлік субъектілеріменМемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Мемлекеттік мекемезаңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру кұқығы берілсе, онда алынған кіріс егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. "Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесініңмақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) Қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның Стратегиялық дамуының негізгі басымдылықтарын, Қазақстан халқына Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Жолдауын насихаттау мен түсіндіру;

      2) әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

      3) ауданда мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, соның ішінде мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша БАҚ қызметін үйлестіру және әдістемелік қолдау, заңнаманы сақтауға БАҚ қызметіне мониторинг жүргізу.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      Аудан әкімдігі мәжілісіне ауданның ішкі саяси мәселері бойынша құжаттарды дайындауға араласу;

      Ішкі саясат жүйесі мен ұлтаралық қатынастар, Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты белгілейтін тұжырымдарды, бағдарламаларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысу;

      Ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) әзірлеу, жинақтау, қорыту және жіктеу жұмыстарын жүзеге асыру;

      Саяси партиялармен, ұлттық-мәдени бірлестіктермен, адам құқығын қорғау, діни және өзге де қоғамдық ұйымдармен байланысты істерді жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасы Заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

      2) Міндеттері:

      Ішкі саяси процестерді мемлекеттік тұрғыдан реттеп отыруға қатысу, аудандағы қоғамдық саяси ахуалды, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметін талдау мен болжауды, мониторинг жүргізуді ұйымдастыру, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, қоғамды топтастыруға бағытталған ұсынымдар беріп, жұмыстарды ұйымдастыру және қазақстандық патриотизмді насихаттау мен тәрбиелеуді жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының, облыс, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау;

      Тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге қатысады, бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша қабылданатын аудан әкімінің шешімдері, өкімдері жобаларын дайындайды және сараптама жүргізу;

      Ауданда қоғамдық – саяси және экономикалық саладағы билік органдарының қызметі туралы ақпарат тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі әкімдік жұмысына қатысу;

      Бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша кенттік әкімдіктермен қызметтерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және жұмысын үйлестіру;

      Республикалық, облыстық және жергілікті деңгейде өтетін қоғамдық – саяси, мәдени шараларды саяси жағынан қамтамасыз етеу;

      Мемлекеттің ішкі саяси мәселелері бойынша, кент, ауылдық округ әкімдерінің, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі мен ақпараттық – насихаттық жұмыстарының жүру барысын үйлестіру және бақылау.

      15. Функциялары:

      1) белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінен, басқа да ұйымдардан және азаматтардан өз функциясын орындауға қажетті ақпарат сұрауға, бөлім құзырына жататын мәселелерді дайындау үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құруға;

      2) аудан әкіміне мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізуге, бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық және өзге де материалдар дайындауға;

      3) тиісті мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне бөлім қызметі саласына қатысты тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысуға;

      4) бөлім құзіретіндегі мәселелер бойынша атқарушы органдар өкілдерінің есептерін алқа мәжілісіне қою, олардың қорытындылары бойынша аудан әкіміне анықтама беруге;

      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мерекелеріндеғана әзірленетін (1, 2 қаңтар – Жаңа жыл, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мемлекеттік мерекесі, 1 наурыз – Алғыс айту күні, 22 наурыз – Наурыз мейрамы мемлекеттік мерекесі, 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мемлекеттік мерекесі; 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мемлекеттік мерекесі, 9 мамыр – Жеңіс күні мемлекеттік мерекесі, 23 маусым -Мемлекеттік қызметшілер күні, 6 шілде – Астана күні, 30 тамыз – Конституция күні мемлекеттік мерекесі, 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні, 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні ұлттық мерекесі) Жылыой ауданы әкімінің атынан берілетін Алғыс хаттар дайындау.

      6) ішкі саясат саласы мен адам құқығын сақтау және бөлім құзырындағы өзге де мәселелерге қатысты мемлекеттік органдардың лауазым иелеріне ұйымдық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмек көрсетуге;

      7) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзіреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;

      8) мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындауға;

      9) мемлекеттік мүліктің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      10) қаржы басқармасына немесе аудандық қаржы бөліміне коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісім беруге;

      11) тиісті саладағы коммуналдық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітуге;

      12) тиісті саладағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекітуге;

      13) тиісті мемлекеттік органға қарасты тиісті саланың коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлкін есептен шығаруға келісуді жүзеге асыруға құқылы;

      14) жергілікті үкіметтік емес ұйымдар жыл сайын 31 наурызға дейін өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздері мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 804 бабының 1 бөлігіне сәйкес, 489-1 бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыруға;

      15) үкіметтік емес ұйымдар арқылы мемлекеттік әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады.

      16) Қазақстан Республикасының "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңнамасын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 490-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыруға;

      17) мемлекеттік органдадың мемлекеттік рәміздерді пайдалану мен қолдануларына зерделеу жұмыстарын жүргізеді;

      18) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандар туралы заңнамасын бұза отырып пайдаланған (белгіленген, орналастырылған) жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 729 бабының 1 бөлігіне, сәйкес 418 бабының 1-1 тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыруға құқылы.

      19) осы Ереже, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де өкілдерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және онын өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын Жылыой ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Мемлекеттік мекеменіңбірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) бөлім қызметкерлердің өкілеттігін және міндеттерін белгілейді;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін көтермелеу, оларға материалық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      3) өз құзіреті шегінде бұйрықтар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      4) бөлімді ұстауға бөлінген жалақы қоры мен қызметкерлер лимиті шегінде шығындарды және штаттық кестені бекітеді;

      5) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттерді жүзеге асырады;

      6) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.

      Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін колданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

      19. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жагдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік,сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Мемлекеттік мекеме өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін кайта ұйымдастыру және тарату

      22. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады