"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Жылыой ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жылыой ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 8 қазандағы № 544 "Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалып, бекітілсін.
2. "Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Х. Жамалов |
Жылыой ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "20" мамыр № 130 қаулысына қосымша |
|
Жылыой ауданы әкімдігінің 2013 жылғы "8" қазандағы № 544 қаулысымен бекітілген |
"Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-бөлім) ауданның бюджетін жоспарлау мен орындау, ауданның экономика және коммуналдық меншігін басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомствалары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Бөлімнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Жылыой ауданы, 060100, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 20А үй.
10. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. "Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
Ауданның тұрақты экономикалық өсуіне және бәсекелестік қабілетінің сапалы жаңа деңгейіне жетуіне себеп болатын, әлеуметтік – экономикалық саясатты жүзеге асыру, бюджеттік қаражатты жоспарлау және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
Тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету және ауданның коммуналдық меншігін тиімді басқару.
14. Өкілеттіктері:
Құқықтары:
Экономика және қаржы бөлімінің өзіне жүктелген міндеттерді және функцияларды жүзеге асыру барысында белгіленген тәртіппен:
1) Өз өкiлеттiгi шегiнде орындалуға тиіс нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
2) Мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан белгiленген тәртiппен қажеттi ақпарат пен материалдарды алуға;
3) Қолданыстағы заң актілерінде және осы Ереженің функцияларында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға;
2) Жалпы мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатқа, оның ішінде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
3) Қызметтік қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды сақтауға;
4) Азаматтар мен заңды тұлғалар заңды мүдделерiнiң сақталуы, заңдарда белгiленген тәртiппен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;
5) Экономика және қаржы бөліміне берiлген құқықтар шегiнде және осы Ережеге сәйкес өзінің өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;
6) Жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдар экономика және қаржы бөлімінің өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;
7) Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
8) Коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге.
9) Қазақстан Республикасы Президентінің стратегиялық бағдарламасы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыс әкімінің іс-қимылдары жоспарларына сәйкес ауданның әлеуметтік-экономикалық реформаларын жүргізу және бюджетті жоспарлау жұмыстарын үйлестіру;
10) Аумақтық және республикалық бағдарламалардың және бюджетті жоспарлауды орындалуын бақылау, талдау, ұсыныстарды енгізу;
11) Аудандық бюджеттің орындалуы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
12) Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте салықтық, ақша-кредит саясатымен өзара іс-қимыл жасай отырып, мемлекеттік бюджет саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысу;
13) Бюджеттік бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізу және бюджеттің орындалуы жөнінде ұсыныстар беру;
14) Жергілікті бюджеттің кіріс түсімдеріне талдау жасау;
15) Бағдарламалар әкімшілері бойынша бюджеттің орындалуына қорытынды дайындау және талдамалық есеп беру;
16) Аудандық коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің мемлекеттік саясатын іске асыру;
17) Аудандық коммуналдық мүлікті заңнамада белгіленген тәртіппен мақсатты және тиімді пайдалану;
15. Функциялары:
1) Ауданда стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу және үш жылдық кезеңге арналған аудандық бюджет, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы мәслихат шешімдерін іске асыру туралы аудандық әкімдіктің қаулыларының жобаларын әзірлеу;
2) Қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістерді бекіту, нақтылау және енгізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен бюджеттік өтінімді алу;
3) Міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын жасау, бекіту, өзгерістер енгізу және жергілікті бюджет бойынша түсімдердің жиынтық жоспарын жүргізу;
4) Бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бюджетке төленетін төлемдер түсімдерінің мерзімін, бюджетке өткен жылдары түскен төлемдер түсімдерінің динамикасын, мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық динамикасын талдау және бағалы қағаздар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстар деңгейін, кредиттік шарттардың, қарыз шарттарының, байланысты гранттар туралы келісімдердің талаптарын негізге ала отырып, бюджет түсімдері сыныптамасының топтама кодтарының толық көлемін жасау;
5) Бюджет ақшасын басқару;
6) Cұраған жағдайда аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті әкімдікке, мәслихатқа, тексеру комиссиясына, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармысына, қаржы басқармасына, облыстық ішкі бақылау инспекциясына ұсыну;
7) Республикалық және облыстық трансферттердің игерілу барысы бойынша мониторинг жасау және ұсыну;
8) Демеушілік пен қайырымдылық көмектен ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есепті ұсыну;
9) Аудан бойынша кредиторлық және дебиторлық берешек туралы есепті ұсыну;
10) Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің белгіленген нысаны бойынша демеушілік, қайырымдылық көмектің бақылау шоттарын ашу жөнінде өтініштерін қарау және ақшаны уақытша шетелдік валюта шоттарына орналыстыру;
11) Бекітілген көлемде облыстық бюджеттің кірісіне бюджеттік алымдар аудару;
12) Өз құзыреті шегінде коммуналдық мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қатысу;
13) Аудандық коммуналдық мүлікті басқару,коммуналдық мүліктің нысаналы және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
14) Коммуналдық мүліктің жекешелендірілуін жүзеге асыру, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізу немесе мемлекеттік мүлік тізіліміне жариялау, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
15) Жергілікті атқарушы орган атынан аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты аудандық коммуналдық меншік құқығының субъект құқығын жүзеге асыру;
16) Тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау және мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;
17) Аудандық коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол ие болған мүлікті тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен келісім бойынша алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асыру;
18) Коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға теңгерім ұстаушының келісімімен, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлікпен басқаруға беру. Коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
19) Коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға теңгерім ұстаушының келісімімен, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру;
20) Аудандық коммуналдық мүлікті мемлекеттік заңды тұлғаларға теңгерім ұстаушының келісімі негізінде уақытша өтеусіз пайдалануға беруді (орналастыруды) жүзеге асыру;
21) Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерін есептен шығарылуына келісім беру;
22) Аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ олардың акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуы, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару туралы шешімдер қабылдау;
23) Жергілікті атқарушы органына тиесілі акцияларға дивидендтердің уақтылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесі жергілікті атқарушы органына тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуіне бақылауды жүзеге асыру;
24) Аудан әкімдігінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болу;
25) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізеді және мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға ақпарат ұсынады.Мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүліктің бірыңғай есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлесту және ұйымдастыру;
26) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3-тарау. "Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жән оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Өзінің орынбасары мен басқа да қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;
2) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
5) Бөлімінің актілеріне қол қояды;
6) Мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда экономика және қаржы бөлімін білдіреді;
7) Бөлімнің жұмыс регламентін және штаттық кестесін бекітеді;
8) Өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
9) Бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға айқындайды.
4-тарау. "Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Бөлімге бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлімінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. "Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.