"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Жылыой ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 309 "Жылыой ауданында "Жылыой ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысына төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалып, бекітілсін.
2. "Жылыой ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды ұйымдастырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Х. Жамалов |
Жылыой ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "20" мамырдағы № 131 қаулысына қосымша |
|
Жылыой ауданы әкімдігінің 2020 жылғы "2" қарашадағы № 309 қаулысымен бекітілген |
"Жылыой ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. "Жылыой ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мемлекеттік мекемеде ведомстволары жоқ.
3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазакстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы белгіленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері,Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құкықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Мемлекеттік мекеме ҚР заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-кұқықтык қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жылыой ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер кабылдайды.
8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Жылыой ауданы, 060100, Құлсары қаласы, Жылқышы Ізтұрғанов көшесі, №7 үй.
10. Осы Ереже Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мемлекеттік мекеме қызметін каржыландыру ҚР-ның заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен шығыстар (сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Мемлекеттік мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру кұқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік мекемнің мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мемлекеттік мекеменің мақсаттары:
Аудан аумағында кәсіпкерлікті, қызмет көрсету саласын және ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі өкілеттерді жүзеге асырады.
14. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
Белгіленген тәртіппен бөлімнің құзыретіне кіретін ауданның әлеуметтік экономикалық даму мәселелерін әзірлеуге, қарауға және келісуге қатысуға;
Оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша әдістемелік материалдар мен ұсыныстарды әзірлеуге, сондай-ақ нұсқамалар, семинарлар, кеңестер өткізуге;
Белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдарынан мекемелермен ұйымдардан бөлімнің өз фунцияларын іске асыруға және қажетті статистикалық және есептік деректерді, басқа материалдар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;
Бұқаралық ақпарат құралдарына бөлімнің қызметі туралы ақпаратты беруге;
Қажет болған жағдайда кеңестер мен сарапшылар топтарын құруға құқұлы.
2) Міндеттері:
Ауданның өңірлік әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Аудан аумағында кәсіпкерліктің, қызмет көрсету саласының және ауыл шаруашылығының дамуының жәй-күйін талдау және дамуын болжау;
Қолданыстағы заңнамаға, мемлекеттік, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламаларға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру және тұрғындар қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылық өнімдерінің іске асырылуына жәрдемдесу.
15. Функциялары:
1) Кәсіпкерліктің, қызмет көрсету саласының және сауданың экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу;
2) Ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында бәсекеге қабілетті жаңа технологиялар енгізуге жұмыстануы;
3) Ауданның шағын және орта кәсіпкерлік саласының дамуын талдау және мониторингілеу.
4) Ауданның шағын және орта кәсіпкерлік өкілдеріне қолдау көрсету мақсатында, аудандағы қоғамдық бірлестіктермен және Жылыой аудандық кәсіпкерлік палатасымен өзара іс-қимыл жасау;
5) Тауар өндірушілер мен кәсіпкерлерге арналған ақпараттық жинақтаржасау, тарату;
6) Семиналарды, көрме-жәрмеңкелерді, конкурстарды, форумдарды, бизнес кездесулерді ұйымдастыру;
7) Халық кәсіпшілігі және қолөнерді дамытуға жәрдемдесу;
8) Өңірлік шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
9) Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ғимараттарды, өндірістік үй- жайларды және коммуналдық меншіктегі өзге де мүлікті жеңілдікпен беру арқылы шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын қолау мен дамыту жөнінде ұсыныстар береді.
10) Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізуі;
11) Мал басын көбейту, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру;
12) Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және инвестициялық салымдарға берілетін субсидияға шаруашылықтардан тапсырылатын құжаттардың облысқа тапсырылуына қолдаулар көрсету;
13) Тракторлардың және олардың базасында жасалатын өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқасын беру, немесе машина кепілінің тіркелгені туралы хабарлама беру;
14) Тракторлардың және олардың базасында жасалатын өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізуі.
15) Тракторлардың және олардың базасында жасалатын өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердің, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру мемлекеттік қызметін көрсету;
16) Тракторлардың және олардың базасында жасалатын өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру қызметін көрсету;
17) Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарғы, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша қызмет көрсету;
18) Мелекеттік орган жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатынада оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі қаржылық бақылауды жүзеге асырады;
19) Құқықтық қамтамасыз етудегі тапсырмалардың орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, нормативтік актілер, бұйрықтар, шешімдер және құқықтық нысандағы басқа да құжаттардың жобаларын дайындайды.
3. Мемлекеттік мекеме басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және онын өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы ҚР-ның заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Бөлім қызметін басқарады және оған жүктелген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;
2) бөлім қызметкерлердің өкілеттігін және міндеттерін белгілейді;
3) Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, тәртіптік жаза қолданады;
4) өз Қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық органдарда және мекемелерде бөлімініңатынан өкілдік етеді;
5) Аудан әкіміне бөлімнің Ережесін, құрылымын бекітуге ұсынады;
6) Бөлімнің штат кестесін белгіленген қызметкер санына және төлемақы қорына сәйкес бекітеді;
7) Өз құзіреті шегінде ішкі бұйрықтар шағарады;
8) Оның құзырына жататын басқа мәселелер бойынша шешім қабылдайды;
9) Бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолданады және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін жасалатын шараларға дербес жауапты болады.
"Жыллыой ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін колданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. "Жылыой ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
19. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік,сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Жылыой ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін кайта ұйымдастыру және тарату
22. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.