Жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 351 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Жылыой ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Madot oil" (Мадот ойл) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Жылыой ауданы, № 11 геологиялық барлау ұңғымалары үшін көлемі 3,5 гектар жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2023 жылдың 18 сәуіріне дейін жария сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Қаражанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады