"Махамбет аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 176 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8, 25 баптарына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Махамбет аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. Махамбет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 маусымдағы № 256 ""Махамбет аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" шешімі жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы О. Кайрекешеваға жүктелсін.

      Аудандық мәслихат хатшысы К. Мажиев

  Аудандық мәслихаттың
2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 176 шешіміне қосымша
  Аудандық мәслихаттың
2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 176 шешімімен бекітілген

"Махамбет аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 02.06.2023 № 37 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).

1. Жалпы ережелер

      1. "Махамбет аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) ауданның өкілді органы - аудандық мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат төрағасының өкімдерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 060700, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі, №13.

      10. Осы ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратына өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер мәслихат аппараты заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыстық, аудандық атқарушы органдардың құқықтық-нормативтік актілері мен тапсырмаларының жергілікті жерде орындалуын жүзеге асыруда "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының талаптары негізінде аудандық өкілді орган- аудандық мәслихаттың құзыретін қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1. Құқықтары:

      1) уақтылы, дер кезінде өз бюджеттік бағдарламаларын қаржыландыруға;

      2) өзіне берілген мемлекеттік меншікті тиімді басқаруға;

      3) аппаратты ұстауға бөлінген бюджеттік қаражатты басқару, координациялау және бақылауды тиімді жүргізуге;

      4) аудандық мәслихат аппаратының негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты жеке және заңды тұлғалармен шарттар, келісімдер жасауға;

      5) аудандық әкімдікпен, оның атқарушы органдарымен, экономика және қаржы бөлімімен және басқа да мемлекеттік органдармен тұрақты байланыста болуға;

      6) тиісті органдар алдында қаржылық, салықтық, статистикалық есептер беруге;

      7) өкілді органның жұмысын қамтамасыз етуге байланысты аппараттың құзыретін жүзеге асыруға құқылы;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      2. Міндеттері.

      1) аудан әкімінің аппаратымен, аудандық атқарушы органдармен, ауылдық округ әкімдерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, кәсіпорындармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;

      2) Қазақстан Республикасының Конституциясының, Заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі нормативтік актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар - нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын орындау және саяси мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда өкілді органның құзыреті шегінде қызметін ұйымдастыруды жетілдіру;

      3) ауданның атқарушы және өкілді органының шығарған шешімдері мен қабылдаған бағдарламаларының аудан көлемінде жүзеге асырылуына бақылау жүргізіп, оның құқықтық қамтамасыз етілуін және орындалуын ұйымдастыру. Тұрғындармен тығыз байланыста болу үшін аудандық мәслихаттың жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру;

      4) депутаттардың құзыреті мен құқықтарын, міндеттерін жүзеге асыруға тиісті жағдай жасауға жәрдемдесу, құқықтық–практикалық көмек көрсету;

      5) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін және депутаттарды қазіргі заманғы талаптарға сәйкес қажеттілігіне байланысты қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, аттестациядан өткізу;

      6) аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлерінің мемлекеттік және орындаушылық тәртіпті сақтау мен тапсырмаларды іске асырудағы жауапкершілік қызметтерін жетілдіру;

      7) аудандық мәслихат құзыретін тиімді де, сапалы жүргізу үшін қызметтік, электрондық, интернеттік аппараттармен жабдықтай отырып, оның сапалы қызметін қамтамасыз ету;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      15. Функциялары:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" туралы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының талаптары негізінде туындайтын функцияларды жүзеге асырады.

3. "Махамбет аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мәслихат аппаратын басқаруды "Махамбет аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы – мәслихат төрағасы (бұдан әрі – мәслихат төрағасы) жүзеге асырады, ол мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Мәслихат аппаратының бірінші басшысы – мәслихат төрағасын аудандық мәслихат сессиясында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке сайланады және лауазымнан босатылады.

      18. Мәслихат төрағасының өкілеттіктері:

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабының талаптары негізінде жүзеге асырылады.

      Мәслихат аппаратының бірінші басшысы - мәслихат төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.

      19. Махамбет аудандық мәслихатының аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мәслихат төрағасы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік,сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      24. Мәслихат аппаратының қарамағында ведомстволық ұйымдар жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады