"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18, 124-баптарына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемес туралы Ереже бекітілсін.
2. "Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдасын;
2) осы қаулыны Қызылқоға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
4. Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 374 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын кейбір мемлекеттік мекемелерді ережелерін бекіту туралы" қаулысы жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылқоға ауданының әкімі | Н. Бисембиев |
Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "17" мамырдағы № 79 қаулысына қосымша |
"Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлiмi" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік мекеменің толық атауы "Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлiмi" (бұдан әрі - Мемлекеттiк Мекеме) мемлекеттік мекеменің қысқаша атауы "Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi кәсіпкерлікті, қызмет көрсету саласын және сауданы дамытудың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мемлекеттiк мекеменің ведомстволық мекемелері жоқ.
3. Мемлекеттiк мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Мемлекеттiк мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Мемлекеттiк мекеме, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Мемлекеттiк мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдерін қабылдайды.
8. Мемлекеттiк мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, 060500, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Тайпақ Қарабалин көшесі, ғимарат 39.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі.
11. Осы Ереже мемлекеттiк мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Мемлекеттiк мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Мемлекеттiк мекеменің кәсіпкерлік субъектілерімен "Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлiмi" мемлекеттiк мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер мемлекеттiк мекемеге кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Мемлекеттiк мекеменің миссиясы:
Аудан аумағында кәсіпкерлікті, қызмет көрсету саласын және сауданы дамытудың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15. Міндеттері:
1) ауданның өңірлік әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
2) аудан аумағында кәсіпкерліктің, қызмет көрсету саласының және сауданың дамуының жай-күйін талдау және дамуын болжау;
3) шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына талдау жүргізу және қолдау жасау.
16. Функциялары:
1) кәсіпкерліктің, қызмет көрсету саласының және сауданың экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу;
2) ауданның кәсіпкерлік саласында бәсекеге қабілетті жаңа технологиялар енгізуге жұмыстану;
3) ауданның шағын және орта кәсіпкерлік саласының дамуын талдау және мониторингілеу;
4) ауданның шағын және орта кәсіпкерлік өкілдеріне қолдау көрсету мақсатында, аудандағы қоғамдық бірлестіктермен және Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік палатасымен өзара іс-қимыл жасау;
5) тауар өндірушілер мен кәсіпкерлерге арналған ақпараттық жинақтар жасау, тарату;
6) семинарларды, көрме-жәрмеңкелерді, конкурстарды, форумдарды, бизнес кездесулерді ұйымдастыру;
7) халық кәсіпшілігі және қолөнерді дамытуға жәрдемдесу;
8) өңірлік шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
9) шағын кәсіпкерлік субьектілеріне ғимараттарды, өндірістік үй-жайларды және коммуналдық меншіктегі өзге де мүлікті жеңілдікпен беру арқылы шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын қолдау мен дамыту жөнінде ұсыныстар береді;
10) аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізімін жүргізу;
11) әлеуеметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізу;
12) мемлекеттік орган жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі қаржылық бақылауды жүзеге асырады;
13) құқықтық қамтамасыз етудегі тапсырмалардың орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, нормативтік актілер, бұйрықтар, шешімдер және құқықтық нысандағы басқа да құжаттардың жобаларын дайындайды.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) белгіленген тәртіппен бөлімнің құзыретіне кіретін ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін әзірлеуге, қарауға және келісуге қатысуға;
2) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша әдістемелік материалдар мен ұсыныстарды әзірлеуге, сондай -ақ нұсқамалар, семинарлар, кеңестер өткізуге;
3) белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдарынан мекемелермен ұйымдардан бөлімнің өз функцияларын іске асыруға қажетті статистикалық және есептік деректерді, басқа материалдар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;
4) бұқаралық ақпарат құралдарына бөлімнің қызметі туралы ақпаратты беруге;
5) қажет болған жағдайда кеңестер мен сарапшылар топтарын құруға құқылы.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Мемлекеттiк мекемеге басшылықты Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырады.
19. Мемлекеттiк мекеменің бірінші басшысын Қызылқоға ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Мемлекеттiк мекеме басшысының өкілеттігі:
1) Бөлім қызметін басқарады және оған жүктелген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;
2) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;
3) Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, тәртіптік жаза қолданады;
4) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық органдарда және мекемелерде бөлімінің атынан өкілдік етеді;
5) Аудан әкіміне бөлімінің Ережесін, құрылымын бекітуге ұсынады;
6) Бөлімінің штат кестесін белгіленген қызметкер санына және төлемақы қорына сәйкес бекітеді;
7) Өз құзіреті шегінде ішкі бұйрықтар шығарады;
8) Оның құзырына жататын басқа мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
9) Бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
10) Бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолданады және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін жасалатын шараларға дербес жауапты болады.
Мемлекеттiк мекеменің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Мемлекеттiк мекеменің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің немесе ұжымдық шартпен белгіленеді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Мемлекеттiк мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
Мемлекеттiк мекеменің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Мемлекеттiк мекемеге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк мекеменің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. Мемлекеттiк мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.