"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабы, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 8) тармақшасына, 124 бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2. "Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындаған шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Мурзиев |
Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "25" мамырдағы № 209 қаулысымен бекітілген қосымша |
"Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 22.12.2023 № 324 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. "Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі бөлімі) – Құрманғазы ауданы бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. Бөлімінің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Бөлім өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. Бөлімінің құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 060400, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі, Құрманғазы ауылы, Смағұл Көшекбаев көшесі, үй 2.
10. Осы ереже бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлім қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Бөлім кәсiпкерлiк субъектiлерiмен бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарыжәне тұрғын үй инспекциясы салаларында басшылықты жүзеге асырады.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
тұрғын үй қорының, автомобиль жолдарының техникалық жай-күйіне, аумақтардың абаттандырылуы мен безендірілуіне, сондай-ақ коммуналдық кәсіпорындардың жұмысына бақылау жасауды жүзеге асыру;
барлық тұрғын үйлерде, азаматтық, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, көліктік және коммуналдық құрылыс пен қайта жаңарту объектілеріне, сондай-ақ олардың ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдарын шығаратын аудан аумағында тұрған кәсіпорындарда бөгеусіз болу;
мекемеге жүктелген міндеттер мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, қорытындыларды, материалдарды, мәліметтерді және ақпаратты, олардың меншік нысанасына қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерден және жеке тұлғалардан сұратып алу;
мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен меншік нысанына қарамастан ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс қимыл жасауға;
қолданыстағы заңнамалар талаптарына сәйкес жөндеу, құрылыс және жұмыстардың басқа да түрлерінің одан әрі жүргізілуін тоқтата тұру;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін және кезектілігін айқындау;
көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды ұйымдастыру;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін айқындау;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын келісу;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің болуына тексеру жүргізу жатады;
пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум нысанын басқару нысанын таңдау рәсімінің сақтауына, ағымдағы және жинақ шоттарын ашуына;
объектіде және көппәтерлі тұрғын үйдің маңындағы аумақта пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;
көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылу, энергия, газ және су ресурстарын есепке алу аспаптарының болуы;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды уақтылы орындалуына;
көппәтерлі тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуына;
жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын анықтауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізуге;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасына;
елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;
тұрғын үй инспекциясы өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қауіпті техникалық құрылғыларды, атап айтқанда 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан астам судың қайнау температурасы кезінде (жылумен жабдықтау ұйымдары) жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарын, 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, жүк көтергіш механизмдерді, эскалаторларды, аспалы жолдарды, фуникулерлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі лифтілерді қауіпсіз пайдалануға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;
белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
бөлім өз құзырет шегінде әкімшілік істерді қарауға және хаттамалар мен қаулылар қабылдауға құқылы.
2) Міндеттері:
аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолашылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясының қызметтері салаларында мемлекет саясатын жүргізу;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне тексеру жүргізу арқылы тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылау жүргізу;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолашылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы саласындағы қызметтер туралы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де міндеттерді атқару.
15. Функциялары:
аудан аумағын кешенді әлеуметтік-экономикалық дамытудың ағымдағы және келешектік міндеттерін шешуге бағытталған іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және жоспарлау;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды даярлауға қатысу;
құрылыс салуға, тұрғын үй құрылысын салуға, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығына бағытталатын мемлекеттік қаражатты бөлу және құрылыс жүргізу үрдісін мемлекеттік реттеуге қатысу;
аудан аумағында күзгі-қысқы маусымға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру және қадағалау;
аудан аумағында газдендіру және электрмен қамту жұмыстарын ұйымдастыру және қадағалау;
аудан бойынша қоршаған ортаны қорғау, санитарлық тазалық, көгалдандыру және аббаттандыру жұмыстарын үйлестіру және қадағалау;
мемлекеттік экологиялық саясатты жергілікті деңгейлерде іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодекске сәйкес мүдделі жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысу құқығының сақталуы қамтамасыз етілуге тиіс;
мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларды экологиялық ағарту және олардың экологиялық мәдениетін арттыру жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыруға олардың ерікті негізде тартылуы үшін қажетті жағдай жасайды.
Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты:
коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органдарға бекітуге ұсыну;
коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту;
халық үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін әдістемеге сәйкес есептелген тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органдарға бекітуге ұсыну;
тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын субъектілер арасында тарифті бөлу тәртібін айқындау;
коммуналдық қалдықтарды басқару кезінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету;
қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерінің иелері үшін қалдықтарды әкету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру арқылы іске асырады.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес аудандық маңыздағы жолдардың құрылысын салу, қайта жаңғырту, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
аудан елді мекендері арасында жолаушылар қатынасын ұйымдастырады және олардың жұмыстарын бақылайды;
автомобильмен жолаушылар тасымалының тұрақты ауданішілік маршруттарының тізілімін жүргізу;
аудандық маңыздағы жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін уәкілетті мемлекеттік органның бекітуіне ұсыну;
жалпы пайдаланылатын аудандық маңызды автомобиль жолдарын, тиісті аумақтар шегінде елді мекендердегі көшелерді дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
коммуналдық меншікте тұрған жолдар мен коммуналдық жол кәсіпорындарын басқару, сондай-ақ оларды қаржыландыру бойынша жергілікті бюджет баптарын орындауды жүзеге асыру;
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау жасауды жүзеге асыру;
көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аудандық комиссияның жұмысына қатысу;
аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының құрылысын салу, жөндеу, ұстау және көгалдандыру бойынша орындаған жол жұмыстарының сапасын бақылау мен қабылдауды жүзеге асыру;
мекеменің қызметі шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алудың конкурстарын өткізуді ұйымдастыру;
жол құрылысы және жөндеу жұмыстарының барысында нормативтік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін келісім–шарт негізінде мамандандырылған кәсіпорындарды тарту;
жолдың көліктік пайдалану сапасының төмендеуін болдырмау, көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау шартымен қызмет көрсету және жарнама нысандарын орнату үшін шарттық негіздерде жол органдары пайдаланбайтын аудандық маңыздағы автомобиль жолдардың кесінді жолақтарында орналасқан жер учаскелеріне жеке және заңды тұлғаларға уақытша қысқа мерзімге жер пайдалану құқығын беруге келісуді қамтамасыз ету;
заңнамаға сәйкес жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары желілеріне жол жұмыстарын және жолаушылар тасымалы бойынша қызмет көрсетулерді орындауға конкурстар өткізу;
тұрақты жолаушылар маршруттарын ұйымдастыруға келісім-шарттар жасау және келісу;
жолаушылар тасымалы қозғалысының белгіленген кестесінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
ауданішілік қатынаста жолаушылар көлігін дамытудың кешенді сызбасы мен жол қозғалысын ұйымдастыру жобасын әзірлеу;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
автомобиль жолдарының (көпір өткелдерінің) учаскелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беру жөніндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүріп өту үшін мөлшерлемелердің мөлшерін әзірлеу;
елді мекендерден тыс жердегі туристік қызмет объектілеріне дейін аудандық маңызы бар кірме автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;
мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру;
тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың кейбір санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
қолданыстағы заң талаптарына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алуды жүргізу;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жекешелендіруді жүзеге асыру;
аудандық тұрғын үй комиссиясының жұмысын ұйымдастыру және комиссия отырысына құжаттарды уақытылы және толықтай ұсынуды қамтамасыз ету;
көппәтерлі тұрғын үйде және үйдің маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын бақылау;
тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) жылу, энергия, газ және суды реттеу, бақылау және есепке алудың ортақ құралдарының болуын бақылау;
тұрғын үй қоры мен көппәтерлі үйлердегі үй-жай (пәтер) меншік иелерінің ортақ мүлкінде жылу, энергоресурстар мен судың тиімді пайдалануын бақылау;
анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамаларды орындауды қадағалау;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасын мемлекеттік бақылау;
тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылау;
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау болып табылады;
тұрғын үй инспекциясының негізгі функциясы елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылау, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау болып табылады;
тұрғын үй инспекциясы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады;
тұрғын үй инспекциясы елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылауды, сондай елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында:
мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қадағалау объектілері мен субъектілері туралы ақпарат беру;
тексеру кестелері және олардың нәтижелері туралы ақпарат;
анықталған кемшіліктер туралы, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау туралы жасалған актілер мен шығарылған нұсқамалар туралы;
елді мекеннің шегінде құрылған жай серіктестіктердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу туралы ақпаратты орналастыру жолымен өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
тұрғын үй инспекциясы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтерді ұсыну бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысады, сондай-ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе азаматтарға, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға Әкімшілік рәсімдік-процестік Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес келіп түскен өтініштер бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
тұрғын үй инспекциясы "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынады;
кәсіпкерлік субъектілерін тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, ал пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды тексеру "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады;
тұрғын үй инспекциясына жарғыда (ережеде) бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ мәмілелер жасауға жол берілмейді.
3. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Бөлімді басқаруды басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орынбасарлары болмайды.
19. Бөлім басшысының өкiлеттiктерi:
бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басшылық етеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
бөлім атынан шарттар жасасады, өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
бөлім туралы ережені дайындайды және оны бекітуге ұсынады;
аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті шегінде бөлімнің штаттық кестесін, сәйкесті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітеді;
бөлімнің жұмысы туралы аудан әкімінің аппаратына және облыстық басқармаға есеп береді;
мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімнің мүдесін білдіреді;
қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының әрбір фактісі бойынша қызметкермен бірге басшы тікелей жауапкершілікте болады;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің міндеттерінен туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Бөлімнің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы немесе лауазымды тұлға басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.