"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С. Сабитовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Д. Сатыбалды |
А.Ш. Жетпісбай | |
Ә.Е. Тұрғымбеков | |
С.А. Қалқаманов | |
А.С. Сабитов | |
Қ.Ә. Қайыпбек | |
А.Б. Тасыбаев |
Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 228 қаулысына қосымша |
"Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Түркістан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мониторингті жергілікті атқарушы органның құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 07.09.2023 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық - құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 161225, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, № 20 ғимарат.
10. Басқарманың құрылтайшысы Түркістан облысы әкімдігі болып табылады.
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілермен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым - қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
14. Мақсаттары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мониторингті мемлекеттік сатып алуды жүргізу сапасын арттыру, мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені болып табылады;
3) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
15. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
облысты дамытудың негізгі бағыттары мен мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелерін шешу бойынша облыс әкіміне және әкімдіктің қарауына ұсыныстар енгізу;
өз құзыреті шегінде шарттар мен келісімдер жасау;
мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша аудан, қалалардың әкімдері мен жергілікті бюджет есебінен қаржыландыратын бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бірінші басшыларына шара қолдану және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізу;
Басқармаға жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында ақпаратты белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
Басқарманың құзыреті шегінде бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру;
мемлекеттік сатып алу саласы бойынша тапсырыс берушілер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген мониторинг негізінде қажеттілікке
қарай тоқсан, жартыжылдық, жыл қорытындылары бойынша тапсырыс берушілер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне тыңдалым өткізу.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 09.03.2023 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.16. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыру;
2) тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге ұсынған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырмаларды қарау;
3) тапсырыс беруші ұсынған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық (аукциондық) құжаттаманың жобасын әзірлеу және бекіту;
4) конкурстық (аукциондық) құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
5) конкурстық (аукциондық) комиссияның құрамын айқындау және бекіту;
6) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптау комиссиясын құру не сарапшыны айқындау;
7) мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастыру;
8) конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ережелерін түсіндіру;
9) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану, сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынымдарына өлшемшарттардың салыстырмалы мәндерiн қолдану;
10) заңнамада көзделген жағдайларда конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға енгізген өтінімді қамтамасыз етуді тиісті бюджеттің кірісіне есептеуді немесе әлеуетті өнім берушіге қайтаруды қамтамасыз ету;
11) бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды табыс еткен әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңдік рәсімдерді қолдана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жіберу;
12) жүргізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде ұйымдастырушы осы Қағидаларда көзделген мерзімдерде веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушіге бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру жіберу;
13) тапсырыс берушілер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мәселелері бойынша талдау мен мониторинг жүргізу:
мемлекеттiк сатып алу процесінде, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасының және өзге де заңнамалық актiлердiң сақталуына;
мемлекеттік сатып алу саласында есептілік деректерінің анықтылығына;
мемлекеттік сатып алулардың жай-күйі туралы, оның ішінде бұзушылықтар бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізуге;
13-1) мемлекеттік сатып алу мониторингінің ақпараттық жүйесін жүргізу мен дамыту, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
13-2) уәкілетті органның қолданыстағы түсіндірмелері шеңберінде мемлекеттік сатып алу процесін орындау бойынша консультациялық және әдістемелік көмек көрсету;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге функцияларын іске асыру.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 09.03.2023 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
17. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
18. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
19. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
20. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың қызметін ұйымдастыру және басшылық жасау;
2) Басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларды, облыс әкімінің және жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмаларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының, басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының және басқада қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтау;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқарманың қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет ету;
6) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда басқарманың мүдделерін білдіру;
7) шарттар жасасу;
8) сенімхаттар беру;
9) банктік шоттар ашу;
10) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру;
11) заңнамада белгіленген тәртіппен басқарма қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын қолданады және оларды тәртіптік жазаға тартады;
12) сыбайлас жемқорлықтың құбылыстарына қарсы күрестік күшейту бойынша қажетті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін дербес жауапты болу.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзгеде көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.