Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 228 "Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 194 қаулысы

      Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 228 "Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      1 тармағы келесідей редакцияда жазылсын:

      "1. "Түркістан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мониторингті жергілікті атқарушы органның құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.".

      2. "Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Сатыбалды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады