Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 228 "Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 9 наурыздағы № 38 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 228 "Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      15 тармақтың 1) тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:

      "1) құқықтары:

      облысты дамытудың негізгі бағыттары мен мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелерін шешу бойынша облыс әкіміне және әкімдіктің қарауына ұсыныстар енгізу;

      өз құзыреті шегінде шарттар мен келісімдер жасау;

      мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша аудан, қалалардың әкімдері мен жергілікті бюджет есебінен қаржыландыратын бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бірінші басшыларына шара қолдану және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізу;

      Басқармаға жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында ақпаратты белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;

      Басқарманың құзыреті шегінде бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру;

      мемлекеттік сатып алу саласы бойынша тапсырыс берушілер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;

      мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген мониторинг негізінде қажеттілікке

      қарай тоқсан, жартыжылдық, жыл қорытындылары бойынша тапсырыс берушілер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне тыңдалым өткізу";

      16 тармақтың 13) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "13) тапсырыс берушілер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мәселелері бойынша талдау мен мониторинг жүргізу:

      мемлекеттiк сатып алу процесінде, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасының және өзге де заңнамалық актiлердiң сақталуына;

      мемлекеттік сатып алу саласында есептілік деректерінің анықтылығына;

      мемлекеттік сатып алулардың жай-күйі туралы, оның ішінде бұзушылықтар бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізуге";

      16 тармақ:

      мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13-1) мемлекеттік сатып алу мониторингінің ақпараттық жүйесін жүргізу мен дамыту, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу";

      "13-2) уәкілетті органның қолданыстағы түсіндірмелері шеңберінде мемлекеттік сатып алу процесін орындау бойынша консультациялық және әдістемелік көмек көрсету;".

      2. "Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Сатыбалды
      А.Ш. Жетпісбай Б.Д. Тәжібаев
      Е.А. Әлімқұлов Қ.Ә. Қайыпбек
      Е. Кенжеханұлы А.Б. Тасыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады