Түркістан облысы әкiмдiгiнiң "Б" корпусындағы облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары мен Түркістан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 3 тамыздағы № 228 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 247 қаулысы

      Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы әкiмдiгiнiң "Б" корпусындағы облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары мен Түркістан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 3 тамыздағы № 228 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4709 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Түркістан облысы әкімі аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы";

      1- тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Түркістан облысы әкімі аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      қаулыға қосымшаның тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Түркістан облысы әкімі аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі";

      көрсетілген қаулының қосымшасындағы:

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Түркістан облысы әкімі аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және "Б" корпусындағы облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары мен Түркістан облысы әкімі аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";

      41-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";

      42-тармақ алынып тасталсын;

      "Б" корпусындағы облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары мен Түркістан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі" қосымшасындағы:

      "Б" корпусындағы облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары мен Түркістан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 1-қосымша" деген сөздер "Түркістан облысы әкімі аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 1- қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Б" корпусындағы облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары мен Түркістан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 2-қосымша" деген сөздер "Түркістан облысы әкімі аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 2- қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Б" корпусындағы облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары мен Түркістан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 3-қосымша" деген сөздер "Түркістан облысы әкімі аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 3- қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Б" корпусындағы облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары мен Түркістан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 4-қосымша" деген сөздер "Түркістан облысы әкімі аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 4- қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Б" корпусындағы облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары мен Түркістан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 5-қосымша" деген сөздер "Түркістан облысы әкімі аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 5- қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Ә.Е.Тұрғымбековке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Сатыбалды
      А.Ш. Жетпісбай А.С. Сабитов
      Ә.Е. Тұрғымбеков Қ.Ә. Қайыпбек
      Е. Кенжеханұлы А.Б. Тасыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады