Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8) тармақшаларына, 27 бабы 1 тармағының 2), 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2022 жылға 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2022 жылға 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды 1-қосымшаға сәйкес және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды 2-қосымшаға сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2022 жылға квотасын белгілеуде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 26-бабы 2-бөлігі 3-тармағының талаптары қатаң сақталсын.
4. Арыс қаласының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін қала әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Арыс қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Г. Құрманбекова |
Арыс қаласы әкімдігінің 2022 жылғы __________ ____________ №______ қаулысына 1 қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Арыс қаласы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік саны | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1.1 | "Шавгар ЛТД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 36 | 2,78 | 2 |
2. | "Бақыт-Агросервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 18 | 5,56 | 1 |
Арыс қаласы әкімдігінің 2021 жылғы __________ ____________ №______ қаулысына 2 қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Арыс қаласы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік саны | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1. | "Еңбекші-П.Арапов" өндірістік кооперативі | 16 | 6,25 | 1 |
2. | "Тұрлыбек-Т-Н" өндірістік кооперативі | 14 | 7,14 | 1 |