"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына, сәйкес Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Отырар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С.Сұлтанханов |
Отырар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "24" қарашадағы № 301 қаулысына қосымша |
Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан әкімі қызметін қамтамасыз ететін және жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген Отырар ауданы әкімінің құқықтық актілерімен ресiмделетiн шешiмдерді қабылдайды, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен, сондай-ақ осы ережемен реттеледі.
8. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 160700, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы, 25 үй.
10. Осы Ереже Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі"мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы міндеттері мен өкілеттіктері
13. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы - экономикалық және бюджеттік жоспарлау мәселелерінде мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде іске асырады.
14. Міндеттер:
1) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын қалыптастыру;
2) ауданның бірыңғай бюджеттік саясатын қалыптастыру және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
3) аудан экономикасын дамыту жоспарларының көрсеткіштерін әзірлеу, нақтылау;
4) ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуы және бюджет мәселелері бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
5) бюджетаралық қатынастарды реттеу;
6) мемлекеттiк коммуналдық меншiктi мемлекет мүддесiнде тиiмдi басқару;
7) Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені мамандарына, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну.
15. Өкілеттіктер:
1. құқықтар:
Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген міндеттерді орындау және осы Ережеде көзделген өкілеттіктерді іске асыру үшін Қазақстан Республликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқылы:
1) жергілікті басқару органдарының орта мерзімді және басқа жоспарларды әзірлеу мен іске асыруды үйлестіруді жүзеге асыруға;
2) мемлекеттік мекеменің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша өзге ұйымдардың мемлекеттік органдарынан, лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
3) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Отырар ауданының әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсыныстар енгізуге;
4) мемлекеттік мекеменің қызмет саласына жататын экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша қызметтік хат алмасуды жүргізуге;
5) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша семинарлар мен кеңестер дайындау;
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес қызметкерлер штаты мен еңбекақы қорының белгіленген саны шегінде мемлекеттік мекеменің штат кестесін әзірлеу;
7) шарттар, келісімдер және заңды мәмілелер жасау;
8) ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне жолданған азаматтардың өтініштерінің орындалу мерзімі мен нәтижесіне бақылауды жүзеге асыру.
2. міндеттер:
1) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын орындау және қолдану бойынша орындалуы міндетті нұсқаулар беру;
2) өз қызметінің нәтижелерін есепке алуды жүргізу, оның барысын бақылауды жүзеге асыру, жедел бухгалтерлік және статистикалық есептерді жүргізу.
16. Функциялар:
1) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды параметрлерін жыл сайын әзірлеу, нақтылау;
2) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тұрақты мониторинг жүргізу;
3) ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына жыл сайынғы мониторинг жүргізу;
4) облыстың даму жоспарына және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілген көрсеткіштерді, нысаналы индикаторларды әзірлеу, түзету, мониторингілеу;
5) Отырар ауданының әлеуметтік-экономикалық төлқұжатын әзірлеу;
6) жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мониторингі;
7) жоспарлы кезеңге арналған аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу, ағымдағы қаржы жылына арналған аудан бюджетін нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, аудандық бюджет комиссиясының қарауына енгізу;
8) өз құзыреті шегінде ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын қарау, ауылдық округтер бюджеттеріне түсетін түсімдерді және бюджеттің 4- деңгейінің басқа да мәселелерін келісу;
9) аудандық бюджетке түсетін түсімдерді үш жылдық кезеңге болжамдау;
10) аудан бюджетіне, ауылдық округтер бюджеттеріне түсетін кірістер түсімдерінің мониторингі;
11) аудандық бюджеттік бағдарламалар және ауылдық округтер бағдарламалары бойынша шығыстар лимиттерін айқындау;
12) аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және ауылдық округтердің бюджеттік өтінімдерін қарау, олар бойынша қорытындылар дайындау;
13)басым инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру, олар бойынша экономикалық қорытындылар дайындау;
14) құзыреті шегінде аудандық мәслихат сессиялары шешімдерінің, аудан әкімдігі қаулыларының, аудан бюджетін бекіту, аудан бюджетін нақтылау және басқа да мәселелер бойынша әкім өкімдерінің жобаларын әзірлеу;
15) аудандық бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру;
16) инвестициялық жобаларды мониторингілеу;
17) аудандық бюджеттің ағымдағы және күрделі шығындарының мониторингі;
18) Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені мамандарына, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша мемлекеттік қызмет көрсету;
19) құзыреті шегінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджет және басқа да мәселелер бойынша жиынтық материалдарды, баяндамаларды, түсіндірме жазбаларды, ақпараттық талдау материалдарын және анықтамаларды қалыптастыру;
20) әкімшісі мемлекеттік мекеме болып табылатын бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыруды, қаржыландыру жоспарларын қалыптастыруды, бекітуді және орындауды, қамтамасыз ету;
21) аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады;
22) мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін, оның ішінде акциялардың мемлекеттік пакеттерін және шаруашылық серіктестіктердегі қатысу үлестерін сатуға құжаттарды дайындайды және мониторингті жүзеге асырады;
23) шарттарға қол қоюға қатысады, сондай-ақ мүліктік жалдау (жалға алу), сенімгерлік басқару, мемлекеттік меншікті сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын және орындалуын қамтамасыз етеді;
24) коммуналдық мемлекеттік меншік және оның мүліктік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекет мүддесін білдіреді;
25) аудан аумағында коммуналдық мемлекеттік мүліктің сақталуы мен пайдаланылуы мәселесі бойынша тексеруді жүзеге асырады;
26) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған аудандық коммуналдық мүлікті есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;
27) уәкілетті органға және облыстың жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік сатып алу бойынша есептілікті және басқа да ақпаратты жинауды, жинақтауды және ұсынуды жүзеге асырады;
28) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
30) облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімімен жекешелендіру жүргізілуі мүмкін аудандық коммуналдық мүлік объектілерінің тізбесін дайындайды;
31) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
32) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
33) коммуналдық мүліктің тізілімін жүргізеді;
34) мемлекеттік мүлікті коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру туралы шешім қабылданғаннан кейін беруші және қабылдаушы Тараптардың уәкілетті лауазымды адамдары қол қойған тапсыру актісін бекітеді;
39) Бөлімнің мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастырады;
40) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттiк органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
17. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Отырар ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;
2) Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
3) Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
4) Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға дербес жауапты болады;
5) бұйрықтар шығарады;
6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
7) техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын, еңбек қатынастарының мәселелері оның құзыретіне жататын Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды, жұмыстан босатады, тәртіптік жазаға тартады және оларға мадақтау шараларын қолданады;
8) жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді.
19. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшысы басқарады.
4. Мемлекеттiк органның мүлкi
20. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
21. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару турал" Қазақстан Республикасының Заңында,"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленбесе, Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.