Сайрам ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 170 "2022 жылға арналған Сайрам ауданы бойынша мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 312 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2022 жылға арналған Сайрам ауданы бойынша мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сайрам ауданының 2022 жылғы 7 мусымдағы № 170 қаулысына өзгерістер енгізілсін:

      қаулының тақырыбындағы, 1-тармағындағы және қосымшасындағы "мүгедектер" деген сөз "мүгедектігі бар адамдар" деген сөздербен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ұ. Сәдібеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады