"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 03 наурыздағы Заңына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Е.Серікбаев) мемлекеттік мекеменің ережесін әділет органында тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі | Ұ.Сәдібеков |
Сайрам ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 408 қаулысына қосымша |
"Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- мемлекеттік орган) аудан көлемінде кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, ауыл шаруашылығы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
"Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығыбөлімі" мемлекеттік мекемесі "Сайрам аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтық мирасқоры болып табылады.
2. "Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
1) "Cайрам ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
3. "Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Осы Мемлекеттік орган туралы ереже Қазақастан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 40-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
4. "Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ және орыс тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Мемлекеттік органның құрылтайшысы – "Сайрам ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, БСН 020940000997, индекс 160800, Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылы, Жібек жолы №95 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Заңды тұлғаның орналасқан жері, 160800, Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылы, Абылайхан көшесі, №66.
12. Осы Ереже "Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
13. "Сайрам аудандық кәсіпкерлік жәнеауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік органға кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым- қатынас жасауға тыйым салынады.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
15. "Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
1) аудан көлемінде агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды тұрақты экономикалық және әлеуметтiк дамытуды қамтамасыз ету;
2) аудан аумағындағы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
16. Міндеттері:
1) агроөнеркәсіп кешені өнімі өндірісінің тұрақты өсуі негізінде ауданның азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) агроөнеркәсіп кешені салаларында индустриалдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру;
3) агроөнеркәсіп секторына реформаларды жүргізу, саланы қаржылай сауықтыру, ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық өсуін жылдамдату және экспорттық потенциалын арттыру үшін инвестиция тарту;
4) агроөнеркәсіп кешені салаларының осы заманғы инфрақұрылымын дамыту және техникалық жабдықтауды жоғарылату;
5) мал шаруашылығы дамуының мониторингін іске асыру;
6) ауыл шаруашылық малдарын асылдандыру саласына ықпал жасау;
7) қайта өңдеу өндірісін тұрақты дамыту және қолдау, ауыл шаруашылық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға тұқым шаруашылығы жөнінде жұмыстар жүргізуге жәрдем көрсету;
9) дақылдардың орналасуына, жерді тиімді пайдалану, сондай-ақ тұқым шаруашылығының мәселелеріне талдау жасау, ауыл шаруашылығы туралы мәлімет дайындау;
10) ауыл шаруашылық техникаларына, ауыл шаруашылығы жұмыстарына жанар-жағар май (ЖЖМ) мөлшерінің жұмсалуына талдау жасау, қосалқы бөлшектермен жабдықтандыру, лизингтік қатынастарды енгізу мен кеңейтуге ықпал жасау;
11) ауыл шаруашылық техникаларының есебін жүргізу;
12) машина-трактор паркі мен техникалардың жаңалануына мониторинг және сараптама жүргізу.
13) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
14) сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету;
15) туристік қызметінің үйлестіру жұмысын жүргізу.
17. Функциялары:
1) ауыл шаруашылығы бөлімі өз құзіретіне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді осы салаға қатысты қолданыстағы стандарттар мен регламенттерге сәйкес көрсетеді;
2) ауданның агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуметтік-экономикалық өcyiнің стратегиялық жоспарларын дайындап, оның icкe асуын қамтамасыз ету;
3) ауыл шаруашылығы саясатын жүргізу үшін ауылдың стратегиялық жоспарларын және аймақтық бағдарламаларын әзірлеу;
4) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн осы Заңға, осы саладағы мемлекеттiк, салалық (секторлық), өңiрлiк бағдарламаларға және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
5) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштар, тұқым улағыштар мен гербицидтер алуға бағытталған субсидиялау бағдарламаларын іске асыру;
6) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне ауыл шаруашылығына бағытталған инвестицилық жобалар мен басқада қаржы көздері туралы ақпаратты ұсыну.
7) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және iрi қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретiн асыл тұқымдық куәлiктердiң есебiн жүргiзу;
8) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асырады;
9) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерден және асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалардан бекiтiлген нысандар бойынша есептер қабылдайды;
10) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректерді есепке алуды жүргізеді;
11) ағын сумен қамтамасыз ету;
12) субсидияға бөлінген тұқымның нысаналы пайдалануын бақылауды жүзеге асыру;
13) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерi көрсететiн қызметтердiң сапасын тексеру;
14) тұқымды өндiрудi, дайындауды, сақтауды, өткiзудi, тасымалдауды және пайдалануды бақылау;
15) тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік стандарттарды, нұсқаулықтарды және басқа да нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша техникалық реттеу аймағындағы уәкілетті органға ұсыныстарды енгізеді;
16) сорттық және тұқымдық бақылау;
17) аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалардың тұқымдардың сорттық және себу сапасына сараптама жүргiзуiн, олардың тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттарды сақтау;
18) техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетеді;
19) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;
20) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша жүргізетін адамдарды тiркеу;
21) тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру;
22) тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігіненжүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу;
23) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;
24) тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру;
25) жылыжай шаруашылығы, қойма шаруашылықтары бойынша мониторнинг жүргізу;
26) өңіраралық кооперацияны дамыту мақсатында және ауыл шаруашылғы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша ауылшаруашылығы жәрмеңкелері мен көрмелерін ұйымдастыру;
27) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
28) сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету;
29) туристік қызметінің үйлестіру жұмысын жүргізу.
30) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады;
31) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;
32) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және соған жауапты болады;
33) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiк пен инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымы объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
34) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;
35) сараптама кеңестерінiң қызметiн ұйымдастырады;
36) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
37) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
38) өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;
39) аудан көлеміндегі заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және оларға зерттеу жүргізу;
40) көшпелi сауданы арнайы белгiлеген орындарын жүзеге асырады;
41) аудан көлемінде туризмді және туристік индустрияны қолдау бағдарламаларының орындалуын үйлестіреді және әзірлейді;
42) аудандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы жөнінде аудан көлемінде тіркелген заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар бойынша көрсеткіштер мониторингін жүргізу;
43) аудандағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларына мониторинг жүргізе отырып, мемлекеттік бағаны тұрақтандыру саясатын жүзеге асыру;
44) жергілікті атқарушы органдарға заң талаптарына сәйкес жүктелген басқа да мемлекеттік басқару уәкілеттіктерін жүзеге асырады;
Ведомствоның функциясы:
1) сумен қамтамасыз ететін магистралдық жүйелерді қалыпты жағдайда ұстау.
18. Құқықтары мен міндеттері:
1) аудан аумағында агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзiрлеу және оларды iске асыруды қамтамасыз етеді;
2) ауылдық аумақтарды дамытудың және осы саладағы бағдарламаларды iске асырудың мониторингiн жүргiзеді;
3) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) береді;
4) бөлімнің күзіреті шегінде су қорларын сақтау, тиімді пайдалану және инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған мемлекеттік саясатқа қатысады;
5) бонитировка туралы ақпаратты жинайды және құзырлы тұлғаларды оның нәтижелері жөнінде ақпараттандырады;
6) статистика органдарынан және тиісті бөлімдерден бөлімнің жұмысына қажетті есептік мағлұматтар алуға құқылы.
7) өзінің құзыреті шегінде шешімдер қабылдау;
8) жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындау;
9) бөлімнің мүдделерін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіру;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру;
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртөбесі, өкілеттіктері
19. "Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім басшысы жүзеге асырады.
20. "Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. "Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесібасшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын - орынбасары болады.
22. "Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) бөлім атынан сенімхатсыз әрекет жасайды және барлық ұйымдарда Бөлім мүдделерін білдіреді;
2) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде Бөлім мүлігіне билік жасайды;
3) шарттар жасасады, сенімхаттар береді, Бөлімнің регламентін, жұмыс тәртібі жоспарларын бекітеді;
4) банктерде есеп-шоттар ашады, Бөлімнің барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) бөлім қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазаға тарту шараларын қолданады, өз орынбасарының және Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберін белгілейді;
6) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты және тікелей міндетті болады;
7) заңнамамен, осы ережемен және аудан әкімдігімен жүктелген басқа да қызметтерді атқарады."Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
23. Бөлім басшысы өз орынбасарының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
24. "Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
"Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. "Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. "Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) Сайрам ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
6-тарау. Жұмыс режимі
28. Мемлекеттік органның жұмыс режимі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және өзгеде заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.