Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі "Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы" № 460 қаулысына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 125 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6165 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2021 жылғы 16 сәуірде электронды түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің 2-тармағының 1) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шолаққорған ауылдық округінің әкімі | А.Елибаев |