Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 202 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19 бабының 1-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 1 тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне газ құбырын жүргізу және пайдалану үшін Шолаққорған ауылының З.Темірбекова көшесінен -696 шаршы метр, Руханият көшесінен -620 шаршы метр, І.Кеңесбаев көшесінен -938 шаршы метр, атауы жоқ № 19 көшесінен -1581 шаршы метр, А.Иманов көшесінен -1220 шаршы метр, Т.Әубәкіров көшесінен -1 697 шаршы метр, Ы.Алтынсарин көшесінен-1 923 шаршы метр, Ы.Алтынсарин 2 көшесінен -1825 шаршы метр, Абай 2 көшесінен - 1468 шаршы метр, барлығы -11968 шаршы метр жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Созақ ауданының Шолаққорған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шолаққорған ауылдық округінің әкімі А.Елибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады