Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Жетісай ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 3 маусымдағы № 414 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Жетісай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін оны Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М.Қадырбек

  Жетісай ауданы
әкімдігінің 2022 жылғы
"___"_______ № _____
қаулысымен бекітілген

Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын, қала әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен қала әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 160500, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, құрылыс № 26.

      10. Осы ереже Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      14. Мақсаттары:

      1) Жетісай қаласынің тұрақты және серпінді, экономиқалық және әлеуметтік дамуы негізінде қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын іске асыру;

      2) қала әкімінің аппараты әкімші болып табылатын бюджеттік бағдармаларды әзірлеу және тиісті мәслихатпен бекіту үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізу;

      3) қала жергілікті қоғамдастық жиналыстарының (жиындарының) өткізілуін және олардың шешімдерінің уақытылы орындалуын қамтамасыз ету.

      15. Өкілеттіктері:

      1. Құқықтары:

      1) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынның) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджеті құрамында қарастырылған бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды жергілікті қоғамдастық жиналысына (жиынына) шығаруға құқылы;

      2) өз құзыреті шегінде Жетісай қаласы әкімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұратып алуға құқылы;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, орталық атқарушы органдардың, облыс және аудан әкімдері мен әкімдіктерінің тапсырмалары мен актілерін көрсетілген мерзімде орындау;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      2. Міндеттері.

      1) қала әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу;

      2) азаматтар мен заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Контитуциясының нормаларын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін орындауына жәрдемдеседі;

      3) Жетісай қаласынің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұстауын қамтамасыз ету;

      4) өз құзыреті шегінде қалаті сумен жабдықтауын ұйымдастыру және су пайдалану мәселелерін реттеу;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      16. Функциялары:

      1) қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, әкімнің жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастырады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдауын және орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

      2) салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

      3) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

      4) шаруа немесе фермер шаруашылықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

      5) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-әрекет жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

      7) тарихижәне мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      8) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша ұсыныстар енгізеді, жалғызбасты қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      9) қылмыстық-атқару испекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналастыруын қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік –құқықтық көмек көрсетеді;

      10) әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

      11) қалаті абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      12) мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға мүгедектердің, асыраушысынан айырылған отбасылардың, көп балалы аналардың материалдық және тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстарын әзірлейді және енгізеді, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыз қалуының алдын алумен айналысады;

      13) бюджеттік бағдарламалардың қаржыландырылуын жоспарлауымен орындалуын қамтамасыз ету, бухгалтерлік есепті жүргізу;

      14) аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдерін, сондай-ақ Жетісай ауданы әкімінің аппараттық жиналыстарында және жұмыс сапары барысында берілген тапсырмаларды орындайды;

      15) мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы қөрсету бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      16) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына жәрдемдеседі;

      17) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуын ұйымдастырады, дәрігерлік көмек көрсетеді;

      18) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

      19) қоғамдық медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

      20) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

      21) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына және мүгедектерге қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

      22) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

      23) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

      24) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

      25) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      17. Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесін басқаруды қала әкімі жүзеге асырады, ол Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      18. Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      19. Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

      20. Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады және басқарады, әкім аппаратына жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;

      2) Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлауды қамтамасыз етеді;

      3) Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері арасындағы қызметтік міндеттерді бөледі, тиісті орындаушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;

      4) белгіленген тәртіппен мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;

      5) аппаратпен орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдерді қабылдайды;

      6) мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда әкім аппаратының мүддесін білдіреді;

      7) Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі атынан заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасады, заңды және банктік құжаттарға қол қояды;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөнінде тиісті шаралар қабылдауды және сақтауды қамтамасыз етеді;

      9) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді, өз құзыреті шеңберінде бюджеттік қаржының мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, қаржылық құжаттарға қол қояды;

      10) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

      11) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

      12) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық мәслихаттың сессиясы жұмысына қатысады;

      13) мектепке дейінгі тәрбие менбілім беру ұйымдарының, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

      14) қәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

      15) аудандық көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде атқарушы органға ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ оқушыларды мектепке дейін және кейін қалаке қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

      16) өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуына жоғары тұрған әкімнің, мәслихаттың алдында жауап береді;

      17) жеке тұлғалар және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын жүзеге асырады;

      18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;

      19) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

      20) қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді;

      21) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      26. Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің қарамағында ведомстволық ұйымдар жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады