"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған "Үміт ұясы" күндіз болу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. "Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін оны Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М.Қадырбек |
Жетісай ауданы әкімдігің 2022 жылғы "___" ________ № ____ қаулысына |
"Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған "Үміт ұясы" күндіз болу орталығы" коммуналдык мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған "Үміт ұясы" күндіз болу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Коммуналдық мемлекеттік мекеме) Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы: Жетісай ауданы әкімдігі болып табылады.
3. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің уәкілетті басқару органы Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі болып табылады.
4. Мекеменің түрі: коммуналдық.
5. Коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.
6. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
7. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
8. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
9. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес, уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
10. Құрылымдық бөлімше өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген актілер қабылдайды.
11. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі
12. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Ш.Айманов көшесі, 38А үй.
2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
13. Мақсаты:
- арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж жасы 1,5 - жастан 18 - жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға жартылай стационарлық жағдайда арнайы әлеуметтік қызметті күндізгі тәулікте көрсету;
- халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету Стандарты бекітілген көлемге сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
- қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге және кіріктіруге бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
- көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтің сапасын және тиімділігін арттыру.
14. Құқықтары мен міндеттері:
- қызмет алушыларды қабылдау және олардың сырқатын, жай-күйінің ауырлығын, жасын ескере отырып орналастыру, оларды жаңа жағдайға бейімдеу жөнінде іс-шаралар өткізу;
- қызмет алушылардың жеке басына қол сұғылмаушылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік мекемеде қолайлы моральдік-психологиялық жағдай жасау;
- қызмет алушыларға халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету Стандартына сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған көмек көрсету;
- қызмет алушыларды және олардың отбасы мүшелерін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері, коммуналдық мемлекеттік мекемедегі ішкі тәртіп ережесі туралы хабар ету;
- еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және мамандардың біліктілігін арттыру;
- қаржылық-шаруашылық жұмыстарды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да қызмет түрлері;
Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Ережесінде бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
15. Функциялары:
- әлеуметтік-тұрмыстық;
-әлеуметтік-медициналық;
-әлеуметтік-психологиялық;
-әлеуметтік-педагогикалық;
-әлеуметтік-еңбек;
-әлеуметтік-мәдени;
-әлеуметтік-экономикалық;
-әлеуметтік-құқықтық қызметтерін көрсету.
3. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
16. Құрылымдық бөлімшені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Құрылымдық бөлімшенің бірінші басшысын Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметке тағайындайды және босатады.
18. Құрылымдық бөлімшенің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары (орынбасарлары) болады.
19. Құрылымдық бөлімше басшысының өкілеттіктері:
1) Мемлекеттік мекеме атынан сенім хатсыз іс-қимыл жасайды;
2) барлық ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
3) заңнамада белгіленген жағдайлар мен шекте мүлікке билік етеді;
4) шарттар жасайды;
5) сенім хаттар береді;
6) Мемлекеттік мекеменің іс-сапарлар, тағылымдамалар мен қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге де түрлері жөніндегі тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
7) банктік шоттар ашады;
8) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
9) коммуналдық мемлекеттік мекеменің басқару органы тағайындайтын қызметкерлерден басқа қызметкерлерін еңбек заңнамасына сәйкес жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүргізеді;
10) коммуалдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және мемлекеттік мекеме қызметкерлерін тәртіптік жазалар қолданады;
11) өз орынбасары мен мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігінің шеңберін белгілейді.
12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды;
13. заңнамамен, осы ережемен және уәкілетті органмен оған жүктелген өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мүлкі
21. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
22. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Коммуналдық мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған "Үміт ұясы" күндіз болу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қайта құру және тарату
25. "Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған "Үміт ұясы" күндіз болу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.