Жетісай ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына 2023 жылға квоталар белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Жетісай ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 790 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2), 3), 4) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жетісай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылғы квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М.Қадырбек

  Жетісай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 790 қаулысына 1-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

Жетісай ауданы әкімдігінің "Жетісай Қызмет" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

131

2 %

2

2.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Асық ата" Жетісай аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

1167

1 %

11

3.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Жетісай аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

1301

1 %

13

4.

Жетісай ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жетісай су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

110

2 %

1


Барлығы

2709



 
  Жетісай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 790 қаулысына 2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

Жетісай ауданы әкімдігінің "Жетісай Қызмет" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

131

2 %

2

2.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Асық ата" Жетісай аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

1167

1 %

11

3.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Жетісай аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

1301

1 %

13

4.

Жетісай ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жетісай су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

110

2 %

1


Барлығы

2709




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады